Мөлдірбұлақ  |  Мекенжайымыз
Eyl 08, 2010
Аймақтар а... Бастапқы б...
Саясат
Экономика
Мәдениет
Қоғам
Қамшыбасар
Аймақтар айнасы
Әлеумет
Жанайқай
Түрік дүниесі
Жер жаһан
Білім
Руханият
Дін
Тарих
Отбасы
Жатыпоқыр

Аймақтар айнасы

Өңірдегі өркен жайған зауыт

(Оның екінші кезеңі іске қосылды)Жақында еліміз бойынша мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаевтың қа-тысуымен «Күшті Қазақстанды бірге құрамыз» атты жалпыхалықтық телекөпір өтті. Онда Қызылорда облысының әкімі Болатбек Қуандықов Елбасына аймақта индустриялық-инновациялық жоба аясында атқарылып жатқан жұмыстар жөнінде есеп беріп, сол қатардағы маңызды нысанның бірі — Ақшабұлақ кенішіндегі ілеспе газды өңдеу кешенінің екінші кезеңін іске қосты. Мемлекет басшысы ел дамуында өзіндік орны бар Сыр елінде ашылып отырған газ өңдеу зауытының экономикалық тиімділігімен қатар қоршаған ортаны қорғаудағы қызметін ерекше айтты. Соңғы бес жылдың бедерінде айдалада алау болып жанып жатқан «көгілдір отын» ел игілігіне айналуда. Нұрсұлтан Әбішұлы енді ілеспе газды электр энергиясын өндіруге бағыттап отырған облыс басшылығының бастамасына табыс тілеп, Сыр бойы жұртшылығына жылы лебізін арнаған.


Etkileşim Kutusu
İşaretle & Paylaş
Video Foto Ses
Yazıcıya Gönder Arkadaşına Gönder
Yorum yaz
Yorum Oku

«ҚазГерМұнай» біріккен кәсіпорнының Ақшабұлақ кеніші — ел тәуелсіздігінен кейін ашылған өндіріс ошақтарының бірі. Облыс өндірісінде алар орны ерекше Ақшабұлақтан алғашқы мұнай тамшылары 1998 жылдың күзінен бастап өндіріле бастады. 2001 жылы 1 млн. тонна «қара алтын» өндірілген кеніш көрсеткіші төрт жылдан кейін 10 есеге көбейді. Қазір «ҚазГерМұнай» біріккен кәсіпорны Қазақстан бойынша мұнай өндіруден алғашқы жетілікке енсе, газды пайдаланудан алдыңғы үштіктен орын алып отыр.

Соңғы жылдар бедерінде жылына 3 млн. тоннадан астам мұнай өндіретін компанияда бұл күнде 670 адам жұмыс істейді. Ақшабұлақпен қатар Нұралы, Ақсай кеніштерін игеріп отырған кәсіпорынның аймақтың әлеуметтік-экономикалық дамуында өз орны бар. Компания жетекшілері Ақсай кенішінің келешек өндірістік мүмкіндігін жоғары бағалауда.

Тәуелсіз Қазақстан үшін энергетикалық саясаттың салмағы анық сезіле бастаған 2000-шы жылдары республика Үкіметі Оңтүстік Торғай ойпатының ілеспе газын игеру және Қызылорда қаласын газдандыру туралы қаулы қабылдады. Осы қаулыға сәйкес айдалада алау болып жанып жатқан «көгілдір отынды» ел игілігіне жаратуға алғаш қадам жасаған да «ҚазГерМұнай» компаниясы болатын. Осылайша бес жыл бұрын Ақшабұлақта газ өңдеу қондырғысы орнатылып, жылына 420 млн. текше метр газ өткізетін 124 шақырымдық «Ақшабұлақ-Қызылорда» газ құбыры жүргізілді.

Ал жалпы құны 10 млрд. 275 млн. теңге болатын мына екінші газ өңдеу зауыты — өңірде индустриялық-инновациялық жобаларды жүзеге асыру бағдарламасы аясында салынып жатқан іргелі өндіріс орны. Құрылысын «Қазстройсервис» АҚ бастаған жаңа зауыт іске қосылғанда, облыс орталығына жеткізілер газ көлемі едәуір ұлғаяды, 70-тен астам адамға жаңа жұмыс орны ашылады.

Негізінен, Ресей және АҚШ мемлекет-терінен шыққан қондырғыларды орнату арқылы салынып жатқан зауыт жайлы бізге «ҚазГерМұнай» біріккен кәсіпорны газ шаруашылығы басқармасының бөлім бастығы Бақыт Садықов таратып айтып берді.

— Қаланы газдандыру ісінде бастамашы болған «ҚазГерМұнай» компаниясы тағы бір үлкен жобаны қолға алып отыр, — деді ол.

— Тұтынушылар мүддесіне қызмет ететін кәсіпорынның бұл жобасы — индустриялық-инновациялық бағыттағы бастамалардың бірі. Біз осыған дейін құрғақ газды көбірек өндіруге ден қойсақ, жаңа зауыт арқылы сұйытылған газ мөлшерін ұлғайтуды қолға алдық

Осыдан 5 жыл бұрын іске қосылған алғашқы газ өңдеу зауыты жылына 320 млн. текше метр газ өңдесе, соның 60 мың тоннасы ғана сұйытылған газ түрінде болып келді. Ал осы жылдың екінші жартыжылдығында ашылу жоспарланып отырған екінші зауыттың өндірістік қуаты 300 млн. текше метрге жетеді. Соның 150 мың тоннасы сұйық газ түрінде тұтынушылар сұранысын өтейтін болады. Осылайша облыс әкімдігі мен компания басшылары арасында аймақта баллондағы газ бағасын арзандату турасында қол қойылған меморандумдағы міндеттемелерді орындаудың мүмкіндігі арта түспек. Жалпы, индустриялық-инновациялық жобаға сәйкес салынып жатқан зауыт пайдалануға берілгенде облыс орталығына жеткізілер «көгілдір отын» көлемі 550 млн. текше метрге жетеді.

«ҚазГерМұнай» компаниясына қарасты кеніштерді былтыр жер астынан ілесе шыққан газдың 230 млн. текше метрін ауада жағуға тура келді.

Жаңа зауыт іске қосылғанда, өндірістік мақсатта жасалған мұндай тәуекелдер азая түспек. Алдын ала жасалған болжам бойынша, келер жылдан бастап жер қойнауынан шыққан газдың 88 пайызын өңдеуге мүмкіндік туады.

«Қазгермұнайлықтар» жыл сайын түрлі шараларға демеушілік жасап келеді. Үстіміздегі жылы облыс әкімдігі мен компания арасында жасалған меморандумға байланысты «Игілік» қорына 2 млн. АҚШ долларын аударды. Одан бөлек әлеуметтік сала мен тұрымысы төмен азаматтарды қолдау мақсатындағы жобаларға қосымша 150 млн. теңге бөліп отыр.

Әлеуметтік жауапкершіліктің салма-ғын сезіне білетін «ҚазГерМұнай» компа-ниясының Сыр бойы жұртшылығының әлеуетін көтеруге қосар үлесі жыл сайын арта бермек.

Биыл аймақта индустриялық-иннова-циялық бағдарлама бойынша жалпы құны 21,6 млрд. теңге болатын он жоба жүзеге асырылып, жаңадан 615 жұмыс орны ашылатын болады.

12.07.2010

Бейбітбек Бүркітбайұлы

Айдар бойынша ең көп оқылатындар

Білім күні қыр астында, ойбай, мектебіміз қайда?
Алматы облысында таңғажайып Тіл сарайы, спорт кешені, Достық үйі, Қызылағаш ауылы бой көтерді
Шәмші фестивалінде жырдан шашу шашылды
Абайға арналған әдеби-сазды кеш
Ақ алтынның орнына ақ маржан өсіруге көшті
Мәдениет ошақтары көбейіп келeді

 Diğer Başlıklar
Көкпeкті көркeйіп кeлeді
Пара алушы соттала ма, әлде беруші соттала ма?
Жалпыға жаққан жәрмеңке күзге дейін жалғасады
Облыс әкімінің қолдауымен жетімдерді жұмысқа орналастырды
Семейліктер неге артта қалды?
“Кентау қырандарынан” үлгі ал!
Балаларға сый-сияпат
Өндірістік жобалар іске аспақ
Қосқақ көлінің балшығын тәжірибеге енгізгеніме қуанамын
Оқулықтар сатып алу үшін 2438050 теңге бөлінген

Ең көп оқылытын хабарлар

Адамның соңғы сапары аста-төкпен өлшенбейді
Ұлттық құндылықты дәріптейтін бағдарламаны енгізуге не кедергі?
Алаштың абыройы болған Ата Заңға – 15 жыл
Қазақтың саф алтынының қызығын кім көріп отыр?
Мәңгүрт Ұлтсызовтардан Құдай сақтасын!
Есірткі тасымалы есіріп тұр
Кадр тапшылығы мәселeсін Үкімет дерeу қарастыруы кeрeк
Ресей мен Беларусь мысық пен тышқан ойнасын, ал біз ше?
Бушер АЭС-і іске қосылды
Қадір түнін қалай қарсы аламыз?