Мөлдірбұлақ  |  Мекенжайымыз
Eyl 05, 2010
Қамшыбасар Бастапқы б...
Саясат
Экономика
Мәдениет
Қоғам
Қамшыбасар
Аймақтар айнасы
Әлеумет
Жанайқай
Түрік дүниесі
Жер жаһан
Білім
Руханият
Дін
Тарих
Отбасы
Жатыпоқыр

Қамшыбасар

Оян, қазақ, көзіңді аш!

...«Бодан» деген бұғаудан құтылып, болашақтың болмысын болдырайын деп жүргенде, алдымыздан «рух бораны» оқ боратып, буынып күтіп алды. Яғни, кезінде ұлтым, рухым, жұртым деген жастар көбейіп, ананың жасы, атаның қаны, баланың қамы үшін дұшпанның көзін ойып алуға даяр тұрса, қазіргі жастар дұшпанның көзін ойып алмақ түгіл, өзгенің кебін киіп, ата-дәстүрдің жендетіне айналып барады. Кім кінәлі? Кімнен көреміз? Тағы кімге жала жауып, «халық жауы» деген қара тұсауды тағы кімнің аяғына салып береміз?..


Etkileşim Kutusu
İşaretle & Paylaş
Video Foto Ses
Yazıcıya Gönder Arkadaşına Gönder
Yorum yaz
Yorum Oku

Бір қазақ бұны отбасы тәрбиесінен шыққан шикілік дейді, ал бір қазақ мемлекеттік биліктің тәлкегі деп ойлайды. Ал шын мәнінде, бұл екі ұғым бір арнадан шығып, рухани ұласып жатыр. Бұл жағдайды атам қазақ кезінде бір-ақ сөзбен дәлелдеп кеткен: «Отбасы – шағын мемлекет». Бірақ оны аңғарып жатқан ешкім жоқ...

Ал енді біраз тарих парағын ақтарып көрелік. Затымыз қазақ болғалы, атымыз көктен жаңғырып жүр. Әрине, не дегенмен, көк бөрінің ұлымыз ғой. Мақтанышпен бізді өсірген көк бөрі деп, қолымызға көк жалау ұстаған тәуелсіздік көктемі де жетті... Ең алғаш Керей мен Жәнібек бабам көк бөріні ту етіп, Қазақ хандығын құрғанда, әр қазақтың жүрегінде ұлы сезім ұялағаны хақ. 1991 жылы қазақ тәуелсіздік туын желбіреткенде қазақ халқы қалай қуанса, Керей мен Жәнібек тұсында да дәл солай болған. Сол кезде қазақтың көзі ашық, ояу халық еді... Әттең, қолына көк ту ұстап, енді тұрды дегенде, «бала қазақ» маужырап, қайта ұйқыға кете барды. Райымбек, Абылайлар 15 жасына жетер-жетпестен қолына найза алып, қара жамылған қара жауға қарсы шапқан, халыққа сын айтқан. Ал енді көрелік, қазір сондай 15 жасар баламыз не істеп жүр? Халыққа сын айтпақ түгіл, өзге ұлт жерұйығын жеп, ата-дәстүрін тәркілеп жатса, ләм-мим демей қол қусырып қарап отыр. Тіпті бабамыздан қалған ұлттық ойындарымызды және басқа да салттарымызды үгіттеп, ойнаудан да қалды. Қарапайым мысал: кезінде асық ойынын үлкендердің бәрі тамашалап, қызықтап ойнайтын, ал қазір ше? Қазір үлкен емес, тіпті 15 жасар бала да асық ойнауды ар қылады, ойнауға намыстанады.

Осылайша айдағанның алдында, заман көшінің соңында желмая боп желігіп жүргенде, діліміз бен тіліміздің күлі де қалмай, жерұйығымызды өзгенің, құшағына орап беріп жүрмейік. Расында, бәріміз көзімізді рухқа толы жалынға емес, жалтыраған алтынға тастап, ата-бабам мирас еткен рух тамырын үзіп, ата салтынан 180 градусқа кері айналсақ, артымыздан із тұрмақ, шұбатылған шаңның да қалмасы анық. Егер олай болар болса, қазақ атамыздың қарғысына оранып, үстімізге қара қарғыстың қара топырағын жамылып жатарымыз хақ. Ондай қара қарғыс жамылғанша, қақаған аязда жалаңаш тұрған артық. Әншейінде тіліміз өткір деп мақтанамыз, қазір сол жыланның да тілінен өткір мақтанышымыз адам тағдыры іспеттес қыл үстінде күй кешуде. Қашан үзіліп кетері белгісіз...

Есімде, тарих пәнінен өтуші едік: «Бұрынғы заманда жоңғар деген халық болыпты, кейін олар жер бетінен жойылып кетіпті» дегенде, денем түршігіп кететін. Ал енді ойланайық, 100-200 жылдан кейін дәл осылай қазақтар туралы айтатын болса, мұрны тесілген өгізге ұқсап, көрінгеннің айдауында жүрген бейшара қазақ ұрпақтары қарабет болмай ма!? Бірақ қарабет олар емес, біз боламыз. Себебі ұлт тағдырының келесі қадамы біздің аяғымыздың астында жатыр. Біз қашаннан да өзгеден мақтау күтіп, абырой іздеп жүреміз. Абырой, абырой деп абыройға береріміз көп, аларымыз аз болып жүрмесін. Әлде заман ағымы деп бәріміз салтымыздан айырылуымыз керек пе?

Жоқ!

Оян, Қазақ!

Көзіңді аш!

12.07.2010

Әжібек Думан

Айдар бойынша ең көп оқылатындар

Қытай үшін қазақ тілі — «өлі» тіл!
Кімнің арбасында отырсаң, соның әнін айт
Аулаңа жұмақ орнату өз қолыңда, отағасы!
Сасыған су ішкен ауыл

 Diğer Başlıklar
Адамның соңғы сапары аста-төкпен өлшенбейді
Мәңгүрт Ұлтсызовтардан Құдай сақтасын!
Таза суы, газы, клубы жоқ ауыл қайтіп күн көрер, Сағындықов мырза!
Табиғат-анаңды қорлағаның — апатты шақырғаның
Кімнің арбасында отырсаң, соның әнін айт
Қытай үшін қазақ тілі — «өлі» тіл!
Сасыған су ішкен ауыл
Аулаңа жұмақ орнату өз қолыңда, отағасы!
Ең болмаса Рамазан айында нәпсіңді тый, арақты қой, ей, қазағым!
Ағатайлар, Шректі, Нарутоны, Аватарды көкірегіне тоқыған бала болашақ тіліңді менсінбес!

Ең көп оқылытын хабарлар

Алаштың абыройы болған Ата Заңға – 15 жыл
Қазақтың саф алтынының қызығын кім көріп отыр?
Есірткі тасымалы есіріп тұр
Ресей мен Беларусь мысық пен тышқан ойнасын, ал біз ше?
Бушер АЭС-і іске қосылды
Адамның соңғы сапары аста-төкпен өлшенбейді
Ұлттық құндылықты дәріптейтін бағдарламаны енгізуге не кедергі?
Мәңгүрт Ұлтсызовтардан Құдай сақтасын!
Кадр тапшылығы мәселeсін Үкімет дерeу қарастыруы кeрeк
Көкпeкті көркeйіп кeлeді