Мөлдірбұлақ  |  Мекенжайымыз
Eyl 09, 2010
Түрік дүни... Бастапқы б...
Саясат
Экономика
Мәдениет
Қоғам
Қамшыбасар
Аймақтар айнасы
Әлеумет
Жанайқай
Түрік дүниесі
Жер жаһан
Білім
Руханият
Дін
Тарих
Отбасы
Жатыпоқыр

Түрік дүниесі

Түркияның Израиль шабуылына қатысты ұстанымдары

Газа секторына гуманитарлық көмек жеткізуші кемеге Израильдің шабуылы әлемді дүрліктірді. Бас елші Йешим Кебапчыоглы осы оқиғаға қатысты Түркияның ұста-нымдарын нақтылай келе, «Адамзатқа кө-мек конвойына» қарсы шабуылға қатысты мынадай нақты деректерді ұсынады: * Газаға Көмек конвойына қарсы Израильдің шабуылы 2010 жылы 31 мамырда сағат 04:32-де жағалаудан 72 теңіз милі арақашықтықта ашық теңізде жүзеге асқан.* Алты кемеден құралған конвойда тек қана түріктер ғана емес, сонымен бірге Еуропа Одағы Парламентінің өкілдері және 30-дан астам мемлекеттің 600 мүшесі бар еді.*Кемеде азық-түлік, дәрі-дәрмек, медициналық құрал-жабдықтар, киім-кешек, кеңсе тауарлары, ойыншық және құрылыс материалдары бар еді.


Etkileşim Kutusu
İşaretle & Paylaş
Video Foto Ses
Yazıcıya Gönder Arkadaşına Gönder
Yorum yaz
Yorum Oku

* Кемеде қару-жарақ болған жоқ.

*Кеме шекарадан өтерде әр мемлекет портының кедендік бақылауынан өткен.

*Шабуыл бейбіт халыққа бағытталған.

*Өлген адамдардың сегізі түрік, біреуі АҚШ азаматтығын алған түрік. Шабуыл кесірінен жарақаттанғандар саны көп.

*Өлген тоғыз адамның денесінен 30-дан астам оқ табылған. Көбі оқ атылған кезде жақын жерде тұрғаннан қайтыс болса, бір бөлігі басқа тиген оқтың зардабынан көз жұмды. АҚШ азаматының басынан 5 оқ табылған.

* Түрік Үкіметі бейбіт халық ұйымдастырған конвой шарасын құптаған жоқ еді.

*Түрік байрағы бар кемеге Израильдің шабуыл жасауы Түркияның егемендігіне қол сұғушылық болып есептеледі.

*Шабуыл нәтижесінде Израиль тек қана Түркиямен қарым-қатынасын бұзып қоймай, сонымен бірге, халықаралық деңгейде үлкен проблемаға тап болды.

*Бұл шабуыл Түркия мемлекетінің ғана емес, басқа мемлекеттердің де қатты сынына ұшырады.

*Үш мемлекет Израильдегі елшілігін жауып, дипломатиялық қарым-қатынасты белгілі бір деңгейде үзген.

*Жалпы 117 мемлекет Израиль шабуылын құптамайтынын білдіріп, сын тезіне алды.

*Барлығы 23 мемлекет парламенті мен жергілікті мәжілістерде Түркияға қолдау көрсету туралы қарарлар қабылдаған.

*Ұлы Мәжіліс Кеңесі 31 мамырда қабылдаған төраға мәлімдемесінде халықаралық стандарттарға сай тез, нейтралды, нақты және әділетті тексеріс жұмыстарын өткізу туралы айтты.

*Бұған байланысты тексеру жұмыстарын жүргізетін комиссия құрамында бір түрік, бір еврей және үш халықаралық мамандар болсын деген ұсынысты Түркия мақұлдаса, Израиль тарапынан әлі жауап келмеген.

*Түркия Израиль мемлекетінен:

*кінәсін мойындауды

*кешірім сұрауды

*материалдық және моральдік шығынды өтеуін күтеді.

Израиль шабуылына байланысты құқықтық анықтамалар:

*Шабуыл тек сынаумен шектелмеуі керек.

*Израиль халықаралық стандарттарға сай ашық теңізде еркін жүзу мен қауіпсіздікті қамтамасыз ету құқықтарын ашық түрде бұзды. Бұл мәселе халықаралық деңгейде қарастырылуы керек.

*Ашық теңізде мемлекет байрағы бар кемені тоқтатуға ешбір мемлекеттің құқы жоқ.

*Белгілі әкімшілік-құқықтық жазаға ұшыраған кемеде қай елдің байрағы болса, кеме үшін бүкіл жауапкершілікті сол мемлекет өз мойнына алады.

*Израильдің кемеге шабуыл жасап, адам өлтіріп, жарақаттауы – халықаралық Адам құқықтарын бұзу болып табылады. Төртінші Женева Конвенциясына сәйкес соғыс уақытының өзінде бейбіт халықты өлтіруге тыйым салынған.

*Шабуыл кезінде зардап шеккен азаматтардың және түрік кемесі иесінің атынан Түркия соттарына арыз жазылуы мүмкін.

*Израильдің халықаралық құқықты бұ-зып, ел егемендігіне қол сұғуына байланысты Түркия халықаралық құқық қамтамасыз еткен барлық шараларды қолданады.

12.07.2010

Шадияр Өстемірұлы

Айдар бойынша ең көп оқылатындар

Төрт қырғыздың басы қосылса, үшеуінің президент болғысы келеді
«Көрұғлы» жырындағы батырдың аңқаулығы мен айлакерлігі
Ильхам Әлиев күрд пе?
Түрік үкіметі әскербасыларын өздері тағайындады
Қырым татарларының меджилисі Януковичпен кездесуге келмеді...
Ташкентте тіркеуге тұру қиындамақ
Есірткі бүтіндей бір ұлтты құрдымға кетіруі мүмкін

 Diğer Başlıklar
Израиль әскерилері «Бейбітшілік флотилиясында» ұрлық жасап ұсталды
Әзірбайжанда Түркияның әскери базасы орналасуы мүмкін
Өзбекстан “Сhevrolet Spark” автокөлігін шығарды
Татарлардың жаппай ораза ұстауы бірeулeрге жақпайды...
БҰҰ Қырғызстан аштыққа ұшырайды деп дабыл қақты
Моңғолия қазақтары білімге құмар
Ыстамбұл — Еуропадағы мәдени және өнер астанасы
«Көрұғлы» жырындағы батырдың аңқаулығы мен айлакерлігі
Ильхам Әлиев күрд пе?
Есірткі бүтіндей бір ұлтты құрдымға кетіруі мүмкін

Ең көп оқылытын хабарлар

Адамның соңғы сапары аста-төкпен өлшенбейді
Ұлттық құндылықты дәріптейтін бағдарламаны енгізуге не кедергі?
Алаштың абыройы болған Ата Заңға – 15 жыл
Мәңгүрт Ұлтсызовтардан Құдай сақтасын!
Қазақтың саф алтынының қызығын кім көріп отыр?
Есірткі тасымалы есіріп тұр
Кадр тапшылығы мәселeсін Үкімет дерeу қарастыруы кeрeк
Ресей мен Беларусь мысық пен тышқан ойнасын, ал біз ше?
Қадір түнін қалай қарсы аламыз?
Бушер АЭС-і іске қосылды