Мөлдірбұлақ  |  Мекенжайымыз
Eyl 08, 2010
Аймақтар а... Бастапқы б...
Саясат
Экономика
Мәдениет
Қоғам
Қамшыбасар
Аймақтар айнасы
Әлеумет
Жанайқай
Түрік дүниесі
Жер жаһан
Білім
Руханият
Дін
Тарих
Отбасы
Жатыпоқыр

Аймақтар айнасы

Қоғамды сыйламау — барып тұрған бассыздық

Астана қаласында «Нұр Отан» партиясының орталық ақпаратында жемқорлықпен күрес жөніндегі республикалық-қоғамдық кеңесінің 16 отырысы өтті. Көтерілген мәселе өзектілігімен есте қалды. «Нұр Отан» партиясына келіп түскен арыз-шағымдардың дені пәтер бөлуде заңсыздықтардың етек алғанын көрсеткен. Мән-жайдың ақ-қарасын анықтау үшін партия жанынан арнайы сараптамалық комиссия құрылған. Комиссия құрамында Парламент депутаттары, Бас прокуратура, Қаржы полициясы, Қаржы министрлігі, Құрылыс және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық істері жөніндегі агенттік және БАҚ өкілдері болды. Жиын Астана, Алматы қалалары мен Павлодар, Оңтүстік Қазақстан облыстары бойынша мемлекеттік тұрғын үй қорынан бөлінген пәтерлердің қалай таратылғанын талдаудан басталды.


Etkileşim Kutusu
İşaretle & Paylaş
Video Foto Ses
Yazıcıya Gönder Arkadaşına Gönder
Yorum yaz
Yorum Oku

Сараптамалық комиссияның өкілдері бірауыздан тұрғын үй құрылысын дамытудың 2008-2010 жылдарға арналған бағдарламасы талапқа сай емес, атқарушы органдар өрескел заңбұзушылықтарға жол берген деген шешімге табан тіреді.

Біреулер жылдап кезекке тұрып жүйкесі жұқар-ып жүрсе, пысықайлар бармақ басты, көз қысты әрекеттерге басып, қулықтарын іске асырған. Павлодар облысында «Қалалық коммуналдық шаруашылығы» кәсіпорны пәтерлерді кезексіз таратқан. Тіпті құдайын ұмытқандары сондай, баспана алғандардың құжаттары болмай шыққан. «Нұр Отан» партиясының сын садағына олардан бөлек, Оңтүстік Қазақстан облысының Арыс қаласы, Ордабасы, Сарыағаш, Сайран, Мақтаарал аудандары ілікті. Бұл өлкелерде жең ұшынан жалғасып, тамыр-танысына бұра тарту оқиғалары көрініс берген. Тағы бір қызығы, Сайран ауданында 2010 жылға дейін баспанаға мұқтаж жандарды кезекке қою жүйесі болмаған көрінеді. Ол аз десең, аудандық коммуналдық шаруашылық бөлімінің қызметкерлері 5 пәтердің кімге берілгені туралы құжатты көрсете алмағаны масқара емес пе?! «Нұр Отанның» нұрлы істері елім деп еңіреген партияларға үлгі болса қанеки. Тұрғын үй мәселесіне ден қойып, комиссия құруының өзі құптарлық іс. Еркінсіп кеткен «еркелер» енді айылын жиатын шығар. «Ештен кеш жақсы» деген осы. «Нұротандықтардың» айтуынша, заңбұзушылықтың көкесі Астана қаласында екен. Мұндағы пәтерге мұқтаж жандар кезегі екі есеге артқан. Комиссия тексеру барысында 2008-2010 жылдар аралығында 1130 пәтер берілгенін, оның 78 пайызы кезек тәртібін сақтамастан «қалалық жылжымайтын мүлік» мекемесі арқылы таратылғанын анықтаған. Бассыздық мұнымен шектеліп қалса жақсы ғой. Сорақысы әлі алда екен. 125 пәтер әкімшілік пен оған қарасты мекеме қызметкерлеріне берілген деп көрсетілген. Тексере келгенде, 45 адам ғана кезекте тұрғаны дәлелденген. Сонда қалғандары пәтерге заңсыз қол жеткізгендер емей кімдер? Осындай келеңсіз істердің артына «шам» алып түскен «Нұр Отан» партиясы, халықтың арыз-шағымына көңіл аударып, «жоқтаушысы» болуға жарайтынын тағы көрсетті. Отырысқа есеп беруге келген қала әкімінің бірінші орынбасары Харошон Сергей Михайлович «жеткен жетістіктерін» айтып біраз «мақтанып» алмақ еді, оның «еркелігін» комиссия мүшелері көтере алмай тарпа бас салды. Бұршақтай жауған сұрақтан Сергей Михайлович жалтара алмай қара терге түсті. Ақталып, кей сұрақтарға тоқталып, «қиыннан қиыстырып» жол тауып шыққысы-ақ келді. Өкінішке орай, «буып, алды-артын орап тастаған» сұрақтарға ашылып ештеңе айта алмады. Мұны көріп отырған «Нұр Отан» партиясы төрағасының орынбасары Нұрлан Нығматулиннің: «Президентіміз Астанада жедел тұрғын үй салу үшін барлық жағдайды жасап отыр. Үкіметте өте үлкен қаржы бөлді. Соған қарамастан Астанада пәтер кезегінде тұрған мемлекеттік қызметкерлер мен жас отбасылар саны жылдан-жылға артып келеді. Тексеру барысында Астана әкімшілігі үйлерді заңсыз таратқаны әшкереленді. Бір емес, 181 пәтер әлеуметтік топқа да, мемлекеттік қызметкерге де жатпайтын адамдарға берілген. Атап айтсам, серіктестік басшыларына, акционерлік қоғам қызметкерлеріне, зиялы қауым өкілдеріне, бастықтың жүргізушісіне, т.б. Шынтуайтына келгенде, бұл үйлер оларға емес, қарапайым мемлекеттік қызметкерлерге берілуі керек еді. Менің түсінгенім, сендер қаланы бөліп алып, жеке билік жүргізіп жатқан секілдісіңдер. Мемлекет мүлкін таратуда жекеменшік затыңды үлестіретіндей, еркінсінулеріңді қалай түсінуге болады? Қоғамды сыйламау — барып тұрған бассыздық», — деп аяқтаған өткір-өткір сөздері әділдік іздеген көпшіліктің көңілін көтеріп тастағаны анық.

 

12.07.2010

Нағашыбай Қабылбеков

Айдар бойынша ең көп оқылатындар

Білім күні қыр астында, ойбай, мектебіміз қайда?
Алматы облысында таңғажайып Тіл сарайы, спорт кешені, Достық үйі, Қызылағаш ауылы бой көтерді
Шәмші фестивалінде жырдан шашу шашылды
Абайға арналған әдеби-сазды кеш
Ақ алтынның орнына ақ маржан өсіруге көшті
Мәдениет ошақтары көбейіп келeді

 Diğer Başlıklar
Көкпeкті көркeйіп кeлeді
Пара алушы соттала ма, әлде беруші соттала ма?
Жалпыға жаққан жәрмеңке күзге дейін жалғасады
Облыс әкімінің қолдауымен жетімдерді жұмысқа орналастырды
Семейліктер неге артта қалды?
“Кентау қырандарынан” үлгі ал!
Балаларға сый-сияпат
Өндірістік жобалар іске аспақ
Қосқақ көлінің балшығын тәжірибеге енгізгеніме қуанамын
Оқулықтар сатып алу үшін 2438050 теңге бөлінген

Ең көп оқылытын хабарлар

Адамның соңғы сапары аста-төкпен өлшенбейді
Ұлттық құндылықты дәріптейтін бағдарламаны енгізуге не кедергі?
Алаштың абыройы болған Ата Заңға – 15 жыл
Қазақтың саф алтынының қызығын кім көріп отыр?
Мәңгүрт Ұлтсызовтардан Құдай сақтасын!
Есірткі тасымалы есіріп тұр
Кадр тапшылығы мәселeсін Үкімет дерeу қарастыруы кeрeк
Ресей мен Беларусь мысық пен тышқан ойнасын, ал біз ше?
Бушер АЭС-і іске қосылды
Қадір түнін қалай қарсы аламыз?