Мөлдірбұлақ  |  Мекенжайымыз
Eyl 05, 2010
Саясат Бастапқы б...
Саясат
Экономика
Мәдениет
Қоғам
Қамшыбасар
Аймақтар айнасы
Әлеумет
Жанайқай
Түрік дүниесі
Жер жаһан
Білім
Руханият
Дін
Тарих
Отбасы
Жатыпоқыр

Саясат

Кәріс шиеленісін кім шешеді?

Кәріс түбегінде орын алған соңғы шиеленісті оқиғалар әлемдік қауымдастық елдері өзімен қоңсы қонған көршілеріне үнемі дөңайбат көрсетіп, қоқанлоқы жасауды әдетке айналдырған мемлекеттерді тежеп отырудың тиімді тетігін таппаса, жалпыәлемдік халықаралық жағдайдың сол бұрынғысынша жарылысқа бейім қалпында қалып, оның қалай шешілуі беймәлім күйінде қалудан арылмайтындығына анық көз жеткізгендей болды.Тұрақсыз “режиммен” қатар өмір сүріп отырған мемлекеттер кез келген уақытта қоршалған қор-ған ішінде ғұмыр кешу шынайы өмір қағидасына айналған елдер тарапынан еш ескертусіз жасалған шабуылдың құрбанына айналуы әбден мүмкін. Кәріс түбегінде орналасқан қос Корея қазіргі күні дәл осындай шиеленісті қарым-қатынас жағдайында өмір сүріп жатыр.


Etkileşim Kutusu
İşaretle & Paylaş
Video Foto Ses
Yazıcıya Gönder Arkadaşına Gönder
Yorum yaz
Yorum Oku

Солтүстік Корея әскери кемесінен атылған торпедодан Оңтүстік Кореяның 46 теңізшісі мерт болған еді. Осы кикілжің Азия құрлығындағы Үнді мұхиты шекарасында көп жылдардан бері қызуы бір түспей келе жатқан шиеленістер желісінің кезекті бір тізбегі болғаны анық. Аталған шиеленіс ошағы Орталық Азия территориясынан едәуір алыс жатқанына қарамастан, осы аймақта қалыптасып отырған жағдай Солтүстік-Шығыс Азия-ның барлық өңірінде бейбіт өмірді қалыптастырудың жалғыз-ақ жолы, атап айтқанда, сырттан күш қолдануға арқа сүйей отырып, Солтүстік Корея билігінің көзін құрту ғана қалғанын көрсететін-дей. Оқиғаның осы сценариймен шешілуі туралы АҚШ бастаған Батыс елдерінен бастап, Жапония мен Қытайға дейінгі елдердің мамандары мен сарапшылары көптен бері айтып келеді. Бірақ, мұндай қадамға тек АҚШ қана баруы мүмкін, басқа елдерден ондай батылдық күту — күмәнді тірлік. Оңтүстік Кореяның көр-шілері суға батырған әскери кемесі — корветтің тағдыры қазіргі Солтүстік Кореяда өмір сүріп отырған режимнің тек Азия ғана емес, күллі төрткүл әлемнің қауіпсіздік жүйесінің барлығы-на орасан зор қауіп төндіретіні-не көз жеткізеді. Содан да бо-лар, Ақүй билігі Кәріс түбегінде қалыптасып отырған қазіргі шие-леністі жағдай Ким Чен Ир билі-гін тақтан құлатып, қос Кореяның басын біріктіруге таптырмайтын тиімді желеу деген пікірге ден қойған. Кезінде өз қолындағы билік тізгінінен айырылып қалмау үшін бүкіл Таяу Шығыс өңірін “қармағында” ұстаған, Ақүй мен Батыс елдері үшін тиран, Ирак халқының қанішер қасапшысы саналған Саддам Хусейн режимі-не БҰҰ түк істей алмағанда, АҚШ бастаған Батыс елдерінің коалициялық күштері тізе қо-сып, оны тақтан құлатқанда, әлем жұртшылығы Саддамға анау айтқандай аяныш білдіре қоймаған еді. Сол тұста көптеген елдер АҚШ-ты іштей жек көріп тұрса да, “орман санитары — қасқыр” рөлін атқарған АҚШ-қа амалсыздан түсіністікпен қараған-ды. Бұдан кейін әлемтапырығы шыққан Ауғанстанның кезегі келді. Бұл елге баса көктеп кірген АҚШ бастаған коалициялық күштер қазір бұл елмен не істеуді білмей, бастары қатуда. Енді келіп Кәріс түбегінде мына кикілжің туындады. Әлем елдері алдында халықаралық жандарм рөлін атқарып үйреніп қалған АҚШ осы атағын дәлелдеу үшін, өзі қаламаса да, қос кәріс мемлекеті арасындағы текетіресті шешуге амалсыздан кірісері хақ. Адамдары мерт болған Оңтүстік Корея президенті Ли Мен Бак түбекте үлкен соғыс орын алуы әбден мүмкін екендігін мәлімдесе, Пхеньян билігі егер Сеул ондай әрекетке барса, көр-шілерін жер бетінен жоқ етуге шімірікпейтіндіктерін мәлімдеп үлгерді. Ауғастан мен Иракта 180 мыңға жуық әскері орналасқан Ақүй болса, Солтүстік-Шығыс Азиядағы шиеленіс қызуын басу-дың әскери күш қолданудан басқа жолын іздестіру үстінде. Десе де, оқиға дамуы Солтүстік Корея мәселесінде аралық ше-шімнің болуы мүмкін еместігіне көз жеткізеді. Жан-жақтан қатты қыспаққа алынып, дипломатия-лық бұрышқа тығылған Пхеньян билігі әлем елдері өзін “ақылға шақырған” сайын дандайсып, күндердің бір күнінде көршілеріне екі-үш зымыранды “үшбу” сә-лем ретінде жолдауы (олардың ядролық оқтұмсық тасушы раке-талар болуы әбден мүмкін) ғажап емес.

Шындығына келсек, Ақүй Пхеньянмен тіл табысуға көптен бері талпынып келеді. Рас, әзірге одан еш нәтиже шыққан жоқ. Күні кешеге дейін экономикасы қирап біткен, тұрғындарының көпшілігі ашаршылық зардабын тартып, азық-түліктен зәрулік көріп отырған кәрістерге жанды көмек қолын созған жалғыз мемлекет осы Қытай елі болып келгені ақиқат-ты. Бірақ, қисайған жағынан түзелмейтін Пхеньянды ақылға шақырудан қазір Пекин де әбден шаршап болды. Бірақ, Қытайға дәл іргесінде тұрған өзімен шекаралас Кәріс түбегінде әскери шиеленіс ширығып, онда жаңа соғыс өртінің тұтанғаны қол емес. Рас-өтірігін кім білсін, 24 миллион халқы бар Солтүстік Корея әскерінде бұрынғы Ке-ңестер Одағы мен Иран және Қытайдың ескі қару-жарақтар-ымен қаруланған 2 миллион адам қыз-мет етеді деген мәлімет бар. Кәріс әскері де ашаршылықтан тыс қалмаған. Әбден тығырыққа тірелген, жүйкесі тозған әскердің көршілерін атқылап, Жапония мен Оңтүстік Корея территориясында орналасқан американдық әскери базаларды зеңбірек оғының ас-тына алуы ғажап емес. Қазір Оңтүстік Корея территориясында 28 мың американдық әскер тұр-са, олардың көпшілігі шекараға жақын маңда орналасқан. Бұдан басқа американдықтар Кәріс түбегі жағалауында “Джордж Вашингтон” атты атомдық авиа-тасушы бастаған 60-қа тарта әскери кемелер ұстап отыр. Бұған 60 мың теңіз жаяу әскері мен 350 мыңға жуық әскери ұшақтарды қосыңыз. Аталған өңірде ши шыға қалса, АҚШ-қа, әлбетте, 450 мың әскерімен Сеул көмекке келеді. Ақүйге Жапония да осындай уәде берген.

Қос Корея біріге ме?

Бұл мәселе баяғыдан бері сөз болып келеді. Естеріңізде болса, Корея Азияда өткен екінші дүние-жүзілік соғыстан кейін, сонау 1945 жылы 10 тамызда, екіге бөлінген болатын. Олардың арасын бөле-тін шекара межесі 38-і параллель бойынша өткен-ді. Содан бері аталған түбекте әлеуметтік һәм экономикалық жүйесі бір-бі-ріне мүлдем қарама-қайшы екі мемлекет өмір сүріп келеді. 1950-1953 жылдары түбекте азамат соғысы өрбіп, соның барысында 2 миллионнан астам адам мерт болды. Бірақ, сол кезде де, қазір де шекара жабық күйінде тұр. Қос Кореяның бірігуі туралы идеяны көтеріп, оны жүзеге асыруға құлшыныс танытып жүрген, негізінен, Оңтүстік Корея жағы. Егер бұрындары екі Кореяны біріктіруде бір-бірінен ажырап қалған туыстарды табыстыру идеясы бірінші орында тұрса, қазір қос Кореяны біріктіру арқылы экономикалық жағынан Азия аймағында Жапония жә-не Қытаймен бәсекеге түсе алатындай аса қуатты держава құру идеясы басымдыққа ие. Екі Корея біріге қалса, Сеулге Солтүстік Кореяның қираған эко-номикасын қалпына келтіруге 1,5 триллион доллар қаржы жұмсауына тура келеді. Ондай жағдайда, біріккен Кореяның ІЖӨ-інің өсімі алғашқы 10 жыл ішінде 8-9 пайызды құрап, 75 миллион халқы бар Корея АҚШ пен Еуро-одақ елдері үшін осы аймақтағы жетекші сауда әріптесіне айнала алады. Сондай-ақ, Ресей мен Қытай территориясы арқылы Тынық мұхиты жағалауына қа-рай Еуропадан, Орталық Азия мен Таяу Шығыстан тауарлар тасымалдайтын маңызы зор транспорттық дәліз пайда болады. Бұл әлгі елдердің бәрі үшін тиімді әрі Корея сол арқылы аталған бағыттарға өзінің төл экспортын кеңейте алады. Ең бастысы — сол кезде қос Корея қазір әскери салаға құр босқа шығындалып жатқан мол қаражатты үнемдеуге қол жеткізеді. Ал, бұл экономиканың бұрын болып көрмеген деңгей-де қарқынды дамуына жағдай туғызады. Бірақ, мұның бәрі тек әлемдік қауымдастық ел-дері КХДР мәселесін шешуге байланысты дені дұрыс, жүзеге асу мүмкіндігі жоғары айла-тәсілдер тапса ғана іске асуы мүмкін. Ал, Ким Чен Ир өз-өзінен тәубесіне келіп, “қайта тәрбиеленеді” деуге сену қиындау. Әзірше әлемдік қауымдастық елдері ондай Кәріс түбегіндегі шиеленісті шешудің тиімді тетігін таба алмай отыр. Ендеше, күрмеулі түйінді тек әскери күш қолданумен ғана шешу қалатындай. Әлем жұртшылығы бұл миссияны жүзеге асыруда басты рөлді АҚШ-қа беру керек деген пікірге ден қойған. Қазір Б.Обаманың алдында қиын міндет тұр, ол — солтүстік-шығыс Азия мемлекеттері арасындағы қарым-қатынаста “алтын орта-ны” тауып, Американы ұзақ мерзімге созылатын жаңа соғысқа араласудан аман сақтап қалу. Қазіргідей аса қиын жағдайда АҚШ мұншалықты жауапкер-шілігі жоғары миссияны өз мой-нына ала ма, жоқ па, әлем жұрт-шылығын алаңдатып отырған мәселе, міне, осы. Ал, Американың кез келген аймақта тәртіп орнату-ға құлшына кірісетініне еш күмән болмаса керек. Тек, әліптің артын бағалық...

 

12.07.2010

Ермек Сахариев

Айдар бойынша ең көп оқылатындар

Алаштың абыройы болған Ата Заңға – 15 жыл

 Diğer Başlıklar
Бушер АЭС-і іске қосылды
Ресей мен Беларусь мысық пен тышқан ойнасын, ал біз ше?
Алаштың абыройы болған Ата Заңға – 15 жыл
Есірткі тасымалы есіріп тұр
Қазақтың саф алтынының қызығын кім көріп отыр?
Қазақ пен жапон елдерінің қарым-қатынасы нығаяды
Саяси тұрақтылық барлық елге ауадай қажет
Автокеруенге – «жасыл көше»
Мектеп инспекторының мәртебесі көтеріледі
Тәртіпсіз ел болмайды

Ең көп оқылытын хабарлар

Алаштың абыройы болған Ата Заңға – 15 жыл
Қазақтың саф алтынының қызығын кім көріп отыр?
Есірткі тасымалы есіріп тұр
Ресей мен Беларусь мысық пен тышқан ойнасын, ал біз ше?
Бушер АЭС-і іске қосылды
Адамның соңғы сапары аста-төкпен өлшенбейді
Ұлттық құндылықты дәріптейтін бағдарламаны енгізуге не кедергі?
Мәңгүрт Ұлтсызовтардан Құдай сақтасын!
Кадр тапшылығы мәселeсін Үкімет дерeу қарастыруы кeрeк
Көкпeкті көркeйіп кeлeді