Гүлдері ақ, гүл сабақтары ұзын. Мамыр-маусым айларында гүлдейді, ал жемісі маусым айының аяғы мен шілде айының басында пісіп жетіледі. Ор-ман арасындағы алаңдарда, шалғынды жерлерде, шабындықтарда, бұталардың арасында өседі.
Дәрілік мақсаты үшін өсімдіктің жемісін жинап, көлеңкеде, жел екпіні бар жерде кептіріп алады. Бірақ жемістерінің бір-біріне жабысып қалмауын қадағалау керек, себебі мұндай жағдайда жеміс дұрыс кеппейді.
Құрамында С дәрумені, қант, лимон, алма салицил қышқылдары, илік заттар бар.
Орман бүлдіргені ас қорыту жұмысын жақсартып, тамаққа тәбет шаптыратын, қабынуға қарсы әсер ететін, дененің ауырған жерлерін тыныштандыратын, жарақаттардың жазылуын жылдамдататын, жүрек, бауыр және бүйрек ауруларына, әсіресе бүйрекке және бауырға тас байланғанда өте жақсы шипалық әсері бар өсімдік болып табылады. Халық медицинасына көп жағдайда бұл өсімдікті әлсіреген дененің қуатын қалпына келтіріп, ішектің жұмысын жақсарту үшін, асқазан және өт жолдарының қабынуын емдеу үшін кеңінен қолданады. Геморрой ауруын емдеп, ішек құрттарын жою үшін де орман бүлдіргенінің емдік қасиеті мол. Ал қант диабеті ауруы бар адамдар қантты пайдалана алмайтындықтан, орман бүлдіргенін пайдаланса да болады. Туберкулезді де ежелден осы өсімдікпен емдеп келеді. Егер мұның жемісін күніне 3 келіден тамақ орнына пайдаланып, артынша пияз бен тұздалған ащы балық жесе, онда тіпті солитер сияқты ішек құрттарын да айдап шығады. Орман бүлдіргенінің ұнтақталған жемістерінен майдәрі жасап, есекжемді де емдеуге болады. Оның шөбінен жасалған тұнбаны асқазан, ішек, тоқ ішек қабынғанда және осыған байланысты іш жүрмей қалғанда немесе керісінше іш өткенде пайдалануға болады. Орман бүлдіргенін қапелімде денеге ауа жетпей қалғанда, жатырдан қан кеткенде, асқазанға жара түскенде, қан азайғанда, қан қысымы көтерілгенде, атеросклероз ауруына қарсы, жүрек ауруларын емдеу үшін пайдалануға болады.
Дәріні дайындау және қолдану тәсілі: 20 грамм өсімдік жемісін қайнап тұрған 1 стакан суға салып 20 минут тұндырады да, шай ретінде ішеді.