Мөлдірбұлақ  |  Мекенжайымыз
Eyl 09, 2010
Түрік дүни... Бастапқы б...
Саясат
Экономика
Мәдениет
Қоғам
Қамшыбасар
Аймақтар айнасы
Әлеумет
Жанайқай
Түрік дүниесі
Жер жаһан
Білім
Руханият
Дін
Тарих
Отбасы
Жатыпоқыр

Түрік дүниесі

Түріктің тұңғыш АЭС-і дауға қалды

Түркияның Халықтық-республикалық партиясы елдегі тұңғыш атом электр стансасының құрылысын салу және пайдалану туралы парламент қабылдаған заңды Конституциялық сот арқылы күшін жоюға ұмтылмақ. АЭС Жерорта теңізіндегі Мерсин порты маңында салынбақшы. Келісімге Ресей президенті Д.Медведев Анкараға ресми сапармен келген кезінде тараптар қол қойған еді.


Etkileşim Kutusu
İşaretle & Paylaş
Video Foto Ses
Yazıcıya Gönder Arkadaşına Gönder
Yorum yaz
Yorum Oku

Түрік парламенті бұған қатысты заңды 15 шілдеде бекіткен. Оған президент Абдулла Гүл де қол қойған болатын. Халықтық-республикалық партия өкілдерінің айтуынша, бұл жерде тендер өткізіп, оның қорытындысы бойынша келісім жасау қажеттілігі туралы заң өрескел бұзылған. «Үкімет онысын бүркемелеу үшін халықаралық акт ретінде бұл келісімге жоғары мәртебе беріп отыр. Бұл – АЭС құрылысын бақылаусыз қалдырды деген сөз» деп есептейді оппозициялық партия.

Түріктің конституциялық сотына жолдайтын шағымда бұл партия осы орыс-түрік келісімінің құқықтық мемлекет принциптеріне қайшы келетінін баса көрсетпек.

«АЭС салу – мемлекетаралық келісім мәселесі емес. Бұл үшін тендер қорытындысы бойынша келісім жасалу-ға тиіс. Қолданыстағы заңға қайшы болғандықтан, Конституциялық сотта шағым түсіреміз», – дейді ХРП-ның парламент фракциясының басшысының орынбасары Мехмет Хамзаджеби.

Оппозиция мәлімдемесіне қатысты министрлер кабинеті әзірге ешқандай уәж айтқан жоқ. Түрік АЭС жобасы төрт қуат блогынан тұрады. Олардың әрқайсысының күші – 1,2 ГВт. Келісім бойынша, жобалық компания құрылуға тиіс. Оның құрылтайшысы ресейлік жақ өкілеттілік ететін мекемелер болмақ. АЭС құны 20 миллиард долларға жетуі ықтимал. Келісімшарт бойынша, жобаны жүзеге асырудың алғашқы кезеңінде ресейліктер қаржыландырса, уақыт өте келе инвесторларды Түркияның өзінен және басқа да елдерден тартпақ.

30.07.2010

Шадияр Өстемірұлы

Айдар бойынша ең көп оқылатындар

Төрт қырғыздың басы қосылса, үшеуінің президент болғысы келеді
«Көрұғлы» жырындағы батырдың аңқаулығы мен айлакерлігі
Ильхам Әлиев күрд пе?
Түрік үкіметі әскербасыларын өздері тағайындады
Қырым татарларының меджилисі Януковичпен кездесуге келмеді...
Ташкентте тіркеуге тұру қиындамақ
Есірткі бүтіндей бір ұлтты құрдымға кетіруі мүмкін

 Diğer Başlıklar
Израиль әскерилері «Бейбітшілік флотилиясында» ұрлық жасап ұсталды
Әзірбайжанда Түркияның әскери базасы орналасуы мүмкін
Өзбекстан “Сhevrolet Spark” автокөлігін шығарды
Татарлардың жаппай ораза ұстауы бірeулeрге жақпайды...
БҰҰ Қырғызстан аштыққа ұшырайды деп дабыл қақты
Моңғолия қазақтары білімге құмар
Ыстамбұл — Еуропадағы мәдени және өнер астанасы
«Көрұғлы» жырындағы батырдың аңқаулығы мен айлакерлігі
Ильхам Әлиев күрд пе?
Есірткі бүтіндей бір ұлтты құрдымға кетіруі мүмкін

Ең көп оқылытын хабарлар

Адамның соңғы сапары аста-төкпен өлшенбейді
Ұлттық құндылықты дәріптейтін бағдарламаны енгізуге не кедергі?
Алаштың абыройы болған Ата Заңға – 15 жыл
Мәңгүрт Ұлтсызовтардан Құдай сақтасын!
Қазақтың саф алтынының қызығын кім көріп отыр?
Есірткі тасымалы есіріп тұр
Кадр тапшылығы мәселeсін Үкімет дерeу қарастыруы кeрeк
Ресей мен Беларусь мысық пен тышқан ойнасын, ал біз ше?
Қадір түнін қалай қарсы аламыз?
Бушер АЭС-і іске қосылды