Nisan 20, 2014
 
 
 
 
 
 

Алтын инемен емделудің ерекшелігі

02 Aralık 2010, Perşembe / СҰХБАТТЫ ЖҮРГІЗГЕН АПРИЗА АЙТБАЕВА,
Write Comment 0 Add to Google

Республикаға танымал Алматыдағы «Жас Ай» Шығыс Тибет медициналық орталығының директоры Жасан Зекейұлымен сұхбаттасқан едік.«Жас Ай» туралы білгеніме бес жылдай уақыт болып қалды. Ол кезде бұл орталық Абай мен Өтеген батыр көшелерінің қиылысына орналасқан болатын. Жаңаөзен қаласында тұратын әпкем өзінің ұйықтай алмайтын-дығын, түнімен қан қысымының жоғарылап кететіндігін, аяғынан жүре алмай, салмағын жоғалтқаны туралы айтып, осы Жасанға келген болатын. Тамырды ұстау арқылы аурудың қай жері ауыратындығы, соған орай ине шаншу, уқалау, дәрі-дәрмектермен емдеу қажеттігін айтады екен. Басында сеніңкіремей барған әпкем, күн өткен сайын тәуір бола бастады. Кішкентай ғана иненің нендей қасиеті бар деген сұрақпен Жасан ағаға келдік.

 

— Шығыс Тибет медицинасы зерттегендей, осы қан айналымы жүйесін басқарып отыратын жан нүктелері мердиандар болады. Олар он төрт сызықтың бойымен жүріп, 700 ем нүктесін анықтайды. Адам ағзасындағы мүшелердің дұрыс жұмыс істеуі қан айналымы жүйесімен байланысты екен. Қытай елінде медициналық білім беретін оқу орындарында Тибет медицинасы арнайы оқытылады. Болашақта қандай мамандықты таңдайсыз, оған қарамайды, міндетті түрде Тибет медицинасынан дәріс аласыз. Тибет медицинасының талабы — адам анатомиясын жақсы білу. Инемен емдеу осы екен деп, кез келген жерді шанша бермейді. Адамның қан тамырлары қай жерден өтіп тұр, анатомиялық байланысы қай жерімен байланысып тұр, соны толық меңгерген, медициналық, биологиялық негізге толық қанық болған адам ғана мұны дұрыс қоя алады. Қызуы көтеріліп тұрған адамға салынған инені оңға бұрып жіберсе, тіптен жаман болады. Ал сол жаққа бұрсақ дұрысталады.

Америкада нашақорлық дертіне ұшы-рағандардың сексен пайызын осы ине арқылы емдейді, қазір арақ пен темекіге үйірлікті де ине арқылы жеңуге болады.

Ал тамыр ұстау — Алладан берілетін қасиет. Оны ген деп атайды. Қытайда он бес, тіпті он жеті атасынан осы Тибет инесін зерттеген адамдардан қонады деп айтады. Тамыр арқылы емес, адамның бет-бейнесі арқылы да қарап отырып диагноз қоя аламыз. Дұрыс емделу үшін, дұрыс диагноз қоя білу керек. Содан соң ауруға ем жүргізетін ғана ине қою керек. Көзге де ине саламыз, ине салу үшін білімділік қажет. Инені салған кезде оңға емес, солға бұрау да үлкен білім.Кейбір аурулар компьютерлік тамографиясын, зертхананың қорытындысын әкеліп жатады, мен оған қарамаймын. Инені алғаннан кейін күтіну керек. Алыстан келген азаматтар инені алған соң, қаланы қыдырып, базар аралап кетеді, бұл, әрине, дұрыс емес. Ине адамның барлық нүктелерін ашады, ыстық ванна немесе моншаға түсуге мүлде болмайды. Ыстық сорпа ішу керек, тек он күннен кейін ғана бұрынғы қалпыңа түсесің.

«Алтын ине болады, онымен токқа тығып қойып адамдарды емдейді» деген алыпқашты сөздерді естуші едік, бұрынғы Калинин, қазіргі Тұздыбастау елді мекенінде жетпісінші жылдың басында Қытайдан келген бір азамат солай емдегенін көрген де едім. Осының мән-жайын түсіндірсеңіз.

— Алтын ине және күміс ине деген болады. Шынында да, сол инелердің құрамына аздаған мөлшерде алтын да, күміс те қосылады. Күнделікті алып жүрген уколдың инесі денеге кірген кезде ауыртады, орны ауырады. Ал біздің салған инелеріміз ауыртпайды және бір салғанда бірнешеуін саламыз, орны да қалмайды. Бұл инелерді біз Қытайдан тапсырыс беру арқылы алдырамыз. Мен өзім Бейжіңнен алдырамын. Бір адамға қойылған ине екінші рет пайдаланылмайды. Иненің 80 пайызы күмістен тұрады, қалған 20 пайызында алтын мен тазартылған мыс болады. Халық арасында бұл «алтын ине» аталып кеткен. Инені шөпке, токқа жалғаймыз. Қыздыратын шөптің құрамында 18 түрлі шөп бар. Мұның бәрі иненің әсерін күшейтеді. Аурудың диагнозына қарап ұзақ емдеуге тура келеді. Қант диабетіне шалдыққан, омыртқа (грыжа), қан қысымы, псориаз ауруларын емдеу де ұзаққа созылады. Қытайдан шыққан «Хассы» деп аталатын магнитті-резонансты, жүйке нүктелеріне арналған «Зывишин», табиғи тас қызуымен емдейтін «Каудиян» аппараттары ежелгі емдеу тәсілін қолданады. Жүрек-қан тамырларының жұмысын тексеретін кардиологиялық аппараттарымыз бар.

Ине қандай нүктелерге, қалай салынады?

— Адам денесінде оның тұла бойындағы қанды жүргізіп, бүкіл іс-әрекетін басқарып отыратын жүйе бар. Оны орыстар меридиан, ал біз жан арнасы дейміз. Ол жан арнасы 12 жұптан тұрады. Демек, 24 жан арнасы бар. Олар адам денесіндегі 700 нүктені бір-бірімен жалғап тұрады. Бұл нүктелердің әрқайсысы адамның ішкі ағзаларына жалғанады. Бірі 5, енді бірі 12 нүктеге жалғанады. Сырттағы нүкте арқылы іштегі ауру басқарылады. Яғни, адам ағзасын басқарып отыратын арнаулы нүкте бар. Ол — жан нүктесі. Осы нүктеге қойылатын ине іштегі ағзаға өзінің «әмірін» жүргізіп, оны оятады. Керек нүктеге түскен ине ағзаны сауықтырады.

Менің алдыма келіп емделушілердің ішінде жағдайы жақсы, бақуатты адамдар көп. Оларда өмір сүру үшін, қажеттіліктің барлығы да бар. Тек денсаулық жоқ. Сол азаматтар емделіп, денсаулығы түзелгеннен кейін бізді ұмытып кетеді. Солар денсаулық сақтау орындарына сәл болса да көмек көрсетсе, медицинаны көтерсе дұрыс болар еді деп ойлаймын. Ең алғашқы жылдағыдай емес, қазір Құдайға шүкір, емделу орнын үлкейтіп алдық. Қаскелең қаласында аурухана бар, онда аурулар жатып емделеді. Алыстан келгендерге төсек-орын, тамақ беріледі.

Аурулардың көпшілігі Маңғыстау, Атырау облыстарынан келіп отыр екен. Сол аймақтарға бөлімшелер ашуға болмас па екен?

— Әрине, болады, ол үшін сол жақтан шәкірт даярлау керек. Қазір соларды даярлау үстіндеміз. Бірер күнде Астана қаласында орталығымыз ашылып қалады.

Жасан Зекейұлы

Медицина ғылымынан екі патенттің иегері, 50-ден аса ғылыми еңбектің авторы. 2009 жылдан бері өзінің қаражатына «Жас-Ай» медициналық журналын шығарып келеді. Бұл күнде ол медицина ғылымдарының докторы, Халықаралық инемен емдеу академиясының академигі, Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау ісінің үздігі, Вена халықаралық университетінің профессоры, Халықаралық ғылым-дар академиясының, Ресей шы-ғармашылық академиясының академигі. «Нұрлы көш» бағдар-ламасына үн қосып, атажұртқа оралған қандастарымыздың үз-дік шығармаларына қаржылай қолдау көрсетті. 2004 жылы өзі ашқан «Шығыс Тибет медицина орталығында» тынбай еңбек етіп келеді. Қазақ жерінде Жасанға көмегін аямаған Алматы қаласындағы №12 аурухананың бас дәрігері, Алматы қалалық мәслихатының депутаты Есентай Тәжиев. Қазір нарық экономикасына бағынған заман. Соған орай қабылдауға келген адамдардың жағдайларына байланысты кейбіреулерін тегін, ал қаражаттары жетпей тұрғандарға жеңілдік жасалынады екен.

Ол аяулы жар, қадірлі әке. Әйелі педагогика ғылымдарының кандидаты Гүлия Алиханқызы және қыздары Ұлпан, Ақмарал, Баян, ұлы Нұрсұлтан әкесін мақтан тұтады.

Халықтың денсаулығы үшін қызмет жасап, құрметке, алғысқа бөленіп жүрген Жасан Зекейұлына іргеңіз кеңейіп, еміңіз шипалы болып, əрқашанда халық үшін қызмет жасай беріңіз демекпіз.

 
Бізді сыйламаған өзге этностарға ренжиміз бе, әлде...
«ТЕМІР ТҰЛПАРЛАР» САТЫЛАТЫН ОРТАЛЫҚ
Ішкі саясат ішіндегі «ілік» саясат немесе БАҚ-ты белден басқан басқарма
Түріктен бауыр тапқаныма шүкіршілік етемін
Жалақыға зар болып, опық жегендер
«Құдыққа құлаған» құландық тәртіп сақшылары
Бюджеттің жыртығын арақпен жамау — масқаралық!
Рухы мықты елдің еңсесі биік
Сақ болыңыздар: телефонда «Алаяқ»
Кедендік одақ алкоголь саясатын өршітіп отыр
Қоғамдық көлік қызметінде ана тіліміз ақсап тұр
НАМЫСТЫ ҚОЛДАН БЕРМЕЙТІН ХАЛЫҚ ЕДІК
Қамшыбасар
  1. louboutin homme
  2. jordan retro
  3. portefeuille louis vuitton
  4. jordan blanche
  5. chaussures louboutin