Ekim 31, 2014
 
 
 
 
 
 

Әйелдерге арналған Қазақы жұлдызнама

03 Mart 2011, Perşembe / БЕТТІ ДАЙЫНДАҒАН АЗАТ МҰСАЕВ,
Add to Google

Жұлдызнамаға біреу сенеді, біреу сенбейді. Алайда, ата-бабаларымыздың ғасырлар бойғы тәжірибесінен байытылған жұлдызнаманы назарларыңызға ұсынып отырмыз: Тоқты.21 наурыз – 20 сәуір аралығы.Жебеуші жұлдызы — Марс.Белгісі – От.Тастары – алмас, рубин, аметист, ай тасы, ақық.Темірі – темір, болат.Сәтті күндері – сейсенбі, жексенбі.Сәтсіз күндері – сенбі.Түстері – сары, жасыл, ашық қызыл, қызыл қоңыр.Қарама-қарсы белгісі – Таразы.

 

 

Әйгілі адамдар: Суретші Рафаэль, про-летариат көсемі В.И. Ленин, Джеки Чан...

Жалпы сипаттама: Бұл белгідегілер асқақ, билік құмар, шыншыл, махаббатқа берік, еркін жүріп тұрғанды ұнататын, ерік-жігері мықты адамдар болып келеді. Тоқты белгісіндегілерден талантты басшылар, ұйымдастырушылар, кино актерлері, математиктер, физиктер және әлемге әйгілі спортшылар шығады. Тоқтылар достыққа адал және ешқашан қиын жағдайда сатып кетпейді. Тік, қатал мінездерінің оларды кей жағдайда қиындыққа тап қылатын кездері жиі. Бұл белгідегілер біреудің өздеріне ақыл айтқанын ұнатпайды.

Әйел Тоқтылар: Махаббат мәселесінде еркектің орнын алуға бейім, сондықтан олар іс жүзінде кейде еркектің ролінде де ойнай береді. Әрі бұл рольді олар өте жақсы сомдайды. Тоқтылар еркек белгісінде болғандықтан, әйелдерінің бойларында да ер адамдарға тән қасиеттер көп болады. Бостандық сүйгіш олар біреудің айтқанымен жүргенді ұнатпайды. Некеде де көп жағдайда бақытты бола бермейді, себебі олардың шын мәніндегі күйеулері әйел Тоқтылардың тым белсенділігіне көне бермейді. Сондықтан Тоқты әйелдердің иі жұмсақ Жер белгісіндегілермен отасқандары жөн.

Ауруға бейім жерлері: басы, бүйрегі, аяқ-қолы, сондай-ақ Тоқтылар тері ауруларымен де жиі ауырады. Бұл аурулардың бәрі негізінен оның шатақтау мінезіне байланысты жүйке жүйелерінің қызметінің әлсіреуінен болады.

Тоқтының күш-қуат алатын тұзы — калий фосфаты. Ол мидың, омыртқаның, сондай-ақ жүйке жүйесі жұмысының жақсаруына септігін тигізеді. Сондықтан фосфорлы тағамдарды, әсіресе бойында темірі бар тағамдарды көп жегені жөн. Мұндай тағамдардың қатарына алма, алмұрт, қара бидай наны, қарақұмық, бұршақ, қызанақ, жаңғақ жатады.

Қант пен тұзды және мал майын аз пайдаланып, негізінен бал, балық майын молынан пайдалануға тырысыңыз.

Тоқтылар бойындағы мол қажыр-қайраты мен күш-қуатын қимыл-қозғалысқа, жүгіруге арнап, таза ауада серуендеп, бау-бақша жұмысымен көбірек айналысса, денсаулығы қалыпты болады.

Торпақ.

21сәуір – 20 мамыр аралығы.

Жебеуші жұлдызы – Шолпан.

Белгісі – Жер.

Тастары – бирюза, сапфир, ақық, изумруд, нефрит, опал.

Темірі – латунь, мыс.

Сәтті күндері –дүйсенбі, жұма.

Сәтсіз күні –сейсенбі.

Түстері – сары, қоңыр, көк, сұр.

Қарама-қарсы белгісі – Сарышаян.

Әйгілі адамдар: Уильям Шекспир, жазушы Оноре де Бальзак.

Жалпы сипаттама: Жебеуші жұлдызы Шолпан болғандықтан, Торпақтар негізінен жаны да тәні де сұлу, сабырлы, өзіне-өзі сенімді, көзқарасын жиі өзгертіп, қателіктерге көп ұрынбайтын жандар болып келеді. Олар уәдеге берік, келем деген жеріне келетін, сөзіне тұрақты, достыққа адал жандар. Бұлардың арасынан алға қойған мақсатына жетпей қоймайтын адамдар көп кездеседі. Мінездері бірқалыпты жұмсақ және қызметке көп ұмтылмайтын жаны таза болып келетіндіктен, олардың сенімді достары да көп. Торпақтардың арасынан саябақ архитекторлары, гeология қызметкерлері, архeологтар мен қаржы саласының мықты мамандары шығады.

Әйел Торпақтар: отбасының ұйытқысы, бала-шағаның қамқор анасы. Әрқашанда жұбайының қамын жеуге дайын тұратын бұл белгідегі бойжеткендермен отбасын құрғандар көп жағдайда жеңіске жетіп, өнегелі отбасының егесі атала алады.

Ауруға бейім жерлері: тамағы, бүйрек, қуық және қалқанша бездері. Тамақты талғап жеуге аса бейім емес болғандықтан, Торпақтың денесіне түрлі жаралар да шығуы мүмкін. Сондықтан Торпақтың тамағында негізінен йоды бар жеміс-жидектер — қара өрік, абрикос, айва, сары өрік, шабдалы, апельсин болуы қажет. Сонымен қатар дастарқанынан пияз, сарымсақ, қара өрік пен сары өріктің дәні үзілмегені жөн.

Егіздер.

21 мамыр – 21 маусым аралығы.

Жебеуші жұлдызы – Меркурий.

Белгісі – Ауа.

Тастары – алмас,

берилл, бирюза.

Темірі – алтын, күміс.

Сәтті күндері – сәрсенбі, жексенбі.

Сәтсіз күні – бейсенбі.

Түстері –күлгін, сұр, ашық сары, көк жасыл.

Қарама-қарсы белгісі –Мерген.

Әйгілі адамдар: А.С.Пушкин, АҚШ Президенті Джон Кеннеди, ақын Генрих Гейне, жазушы Марк Твен.

Жалпы сипаттама: Егіздер негізінен ақылды, сезімтал, рухани байлыққа құштар, кекшіл емес болып келеді. Сондай-ақ 11-21 маусым аралығындағы Егіздер Күннің ықпалында болып келетіндіктен, олардың арасында өзінікін әрқашан дұрыс деп есептейтін билік құмарлары, жөнді-жөнсіз ашуланып, қыңыр мінез көрсететіндері де кездеседі. Егіздердің арасынан туристік сала, кітап саудасы, баспахана, ғарыш және авиация саласының қызметкерлері көп шығады. Қолы ашық Егіздер сыйлық бергенді ұнатады. Өзінің біреу үшін қымбатты екенін білу Егіздерді шаттыққа бөлейді. Анда-санда бұлқан-талқан болатын теріс мінезі көптеген достарының олардан сырт айналуына әкеліп соғады.

Әйел Егіздер: көп жағдайда білуге өте құштар және білгенін айтып, басқа біреумен сыр бөлісуге құмар жандар. Бұл құмарлық олардың көп уақытын алатындықтан, олар көп жағдайда бастаған ісін аяғына жеткізбей тастап кететін жайлары жиі кездеседі. Отбасында олар жақсы үй иесі. Дәмді тамақ пісірудің шебері болғандықтан қонақжай, үйіне қонақ келгенді ұнататын жан. Шыдамдылығы мен ұстамдылығы жетпейтін болғандықтан, балаларының үсті-басына, сабағына қарау мәселесінде кемшін тұстары да бар.

Ауруға бейім жерлері: өкпесі, кеңірдек қолқасы және жүйке жүйесі. Егіздерге бұршақ, асқабақ, арахис, баклажан, жүзім, алмұрт, алма, інжіл, картоп аса пайдалы. Сонымен қатар майы аз етті тағамдарды көп тұтынғаны жөн. Құрамында өкпеге аса пайдалы кремний болғандықтан, етін мол қосып жас қалақайдан сорпа жасап ішкен пайдалы. Ащыны көп пайдалануға, ал ішімдікті татып алуға мүлде болмайды. Ауруының негізі тыныс алу мүшелерімен байланысты болғандықтан, таза ауада көп жүруге тырысу керек. Жүгірумен, бір орында жіппен тұрып секірумен айналысқаны жөн.

Шаян.

22 маусым – 22 шілде аралығы.

Жебеуші жұлдызы – Ай.

Белгісі – Су.

Тастары – ай тасы, рубин, зүбәржат.

Темірі – күміс.

Сәтті күндері – дүйсенбі, бейсенбі.

Сәтсіз күні – сейсенбі.

Түстері – ақ, ашық-жасыл, көк, күміс және алтын түсті.

Қарама-қарсы белгісі – Тауешкі.

Әйгілі адамдар: Н.Назарбаев, Франция императоры Наполeон Бонопарт, ағылшын королі Генрих VII, жазушы Алексей Толстой.

Жалпы сипаттама: Шаяндар негізінен сезімтал, өнерлі, өзін ортасына силата алатын, қызу қанды, ойындағысын ірікпей тура айтатын, арманшыл жандар болып келеді. Олар жұлдыздар белгісінің ішіндегі ең жұмбағы болып саналады. Бұған себеп бұл белгідегілердің бірде толып немесе жаңадан туып, әртүрлі құбылысқа еніп тұратын Айдың ықпалында болуынан болса керек. Сезімталдығы жоғары болғандықтан Шаян белгісіндегілерден мемлекет қайраткерлері, даңқты қолбасшылар, жұлдыз жорамалдаушылар, сондай-ақ бал ашушылар мен медицина саласының қызметкерлері көп шығады.

Әйел Шаяндар үйінде салтанат пен жайлылықтың болғанын қалайды. Олар көп жағдайда ұрыс-керістен аулақ, «келісіп пішкен тон келте болмас» деген қағиданы ұстанады. Бірақ, кейбір жағдайда келісімпаз Шаяндардың қалыптан шығып, тиранға айналып кетуі мүмкін.

Ауруға бейім жерлері: өкпесі, бүйрегі, асқазаны және ащы ішегі мен жүйке жүйесі. Бойында темір жетіспеушіліктен қан аздық болатындықтан Шаяндардың негізінен ет өнімдерінен – малдың бауырын, жілік майын сондай-ақ балықты молынан пайдаланып, айран, құрт, сүт өнімдерін көп тұтынуы қажет. Сәбіз және апельсин шырынын, сондай-ақ шайды жиі ішкен пайдалы. Ішімдікке жоламағаны жөн. Денсаулығын қалыпта ұстау үшін күнделікті душ қабылдау, салқын суға түсу, жүзу өте пайдалы.

Арыстан.

23 шілде – 23 тамыз аралығы.

Жебеуші жұлдызы – Күн.

Белгісі – От.

Тастары – алмас, рубин, топаз, хризолит, янтарь, турмалин

Темірі – алтын.

Сәтті күндері – жексенбі.

Сәтсіз күні – сенбі.

Түстері – қоңыр, сұр, қызыл қоңыр, көк, көгілдір.

Қарама-қарсы белгісі – Суқұйғыш.

Әйгілі адамдар: композитор Амадей Моцарт, жазушы Ги де Мопассан.

Жалпы сипаттама: Тумысынан денсаулығы мықты, қызба мінезді, арманшыл, жалғыздықты жаны сүймейтін, өзіне біреудің басқыншы болуын қаламайтын, ақылдылығы күшпен астасып жататын Арыстандардың өмірі бірыңғай тек жақсылықтардан тұрады деуге болмайды. Сонымен қатар 4 тамыз-12 тамыз аралығында туылған арыстандарға Юпитердің ықпалы болатындықтан, ұсақ-түйектерді ескере бермейтін аң патшасының кейде кінәмшіл, қазымыр, міншіл боп кететін кездері бар. Олар достыққа адал, қолы ашық, мінезі кең пейіл, барын айналасындағылармен бөліскісі кеп тұратын жандар болып келеді.

Әйел арыстандар: жаны жомарт, достыққа адал болып келеді. Бұл белгідегілер достарының өзін сатып кеткендігін ешқашан кешірмейді және олардың өздері сияқты қызу қанды, әсершіл болғанын қалайды. Арыстандар өздеріне басқалар тарапынан айтылған сынды ұнатпайды. Сондықтан оларға ақыл айтқанда жел жағынан емес, ық жағынан келіп, сылап-сипап түсіндірген дұрыс. Арыстаншалар басқа жандардың өзіне көңіл аударғанын әрқашан қалап тұрады. Бірақ туған балаларымен қарым-қатынаста белгілі бір ара қатынасты ұстап, олардың жай-күйіне көп алаңдай бермейді. Тумысынан көпшіл Арыстандар үйлеріне қонақ шақырып, өздері де қонаққа барып, той-думандатып жүргенді ұнатады.

Ауруға бейім жерлері: жүрегі, қан тамырлары мен буын аурулары, арқасы, жүйке жүйесі, қалқанша безі. Сондықтан тамағында міндетті түрде сүт, айран өнімдері, жұмыртқа, ет, бұршақ, пияз, у пияз, сарымсақ, сарыөрік пен қара өрік, апельсин болуы қажет. Тағамдардан қарақұмық, макарон өнімдері пайдалы. Күш-қуат беретін тұзы — магний фосфаты. Бұл тұздың жүйке жүйесін жақсартып, адам денсаулығын қалыпты жағдайда ұстау үшін маңызы зор. Денсаулығын сақтау үшін күнделікті ертемен жүгіру, таза ауада көп жүру және жүйке жүйесіне оңды әсер ететін омыртқа және арқаны уқалату аса пайдалы.

Бикеш.

24 тамыз – 23 қыркүйек аралығы.

Жебеуші жұлдызы – Меркурий.

Белгісі –Жер.

Тастары – нефрит, сердолик, топаз, ақық.

Темірі – күміс.

Сәтті күні –сәрсенбі.

Сәтсіз күні – бейсенбі.

Түстері – ақ, көкшіл, жасыл, күлгін, ашық көк.

Қарама-қарсы белгісі – Балықтар.

Әйгілі адамдар: Франция королі Людовик IV, футболист Рональдо, әнші Майкл Джексон.

Жалпы сипаттама: Бикештер тумысынан кез келген адаммен тіл табыса алатын ақылды, байсалды, қиындықтан жол таба білетін тапқыр болып келеді. Бірақ, кейде жалқау тартып үйленіп, үй болу мәселесін кейінге қалдырып, кеш үйленіп жататын кездері бар. Мінезі біртоға тұйық, ұяң болып келетін Бикештер жағымсыз жәйттарға төзе алмайды. Ашуын сыртқа шығарып айқай-шу шығармағанымен өзін томаға-тұйық ұстап, оңаша күй кешетін кездері болып тұрады. Бикештер сөздің емес, істің адамдары. Сондықтан олар көп жағдайда алға қойған мақсаттарына жетеді. Қай салада өзін көрсете алады дегенге келсек, олар электроника, экономика, педагогика, туризм, медицина, бизнес салаларының мықты мамандары бола алады.

Әйел бикештер: адал дос, сенімді жар болумен бірге, кезі келсе мықты қарсылас дұшпанға да айналып кете алады. Қиындықтан шығу үшін ең алдымен сол қиындықты тудырған жайттардың тамырына балта шабу керек екенін білетін Бикештер ақыл сұраған жандарға таптырмайтын жол сілтеуші. Олар достарының көп болғанын қалайды және қай кезде қандай жағдайда болмасын оларға көмек беруге әзір. Салқынқанды Бикештер махаббат мәселесінде де сабырлы болып келеді. Болашақ жарына қарап, таңдап жүріп жақындайтындықтан, олар отбасында жақсы жар бола алады.

Ауруға бейім жерлері: Бауыры мен асқазаны және ішегі. Бикештің күш-қуат беретін тұзы — калий және темір фосфаты. Көз қуатын арттыру үшін тмин өте қажет. Тамаққа алманы, қарақұмықты, қара бидай ұнын жиі пайдалану қажет. Қуырылған ет жемегені жөн. Денсаулығын сақтау үшін душ қабылдау, суық суға түсу және ертеңгісін әртүрлі дене жаттығуларын жасау, сондай-ақ арқа мен бел омыртқаға нүктелі массаж жасау аса пайдалы.

Таразы.

24 қыркүйек – 23 қазан аралығы.

Жебеуші жұлдызы – Шолпан.

Белгісі – Су.

Тастары – бриллиант, нефрит, малахит, родонит, родохрозит.

Темірі – Платина.

Сәтті күндері – жұма, сенбі.

Сәтсіз күні – сейсенбі.

Түстері – көк, қоңыр, сұр, жасыл, қара көк.

Қарама-қарсы белгісі — Тоқты.

Әйгілі адамдар: архeолог Тур Хейердал, футболшы Андрей Тихонов.

Жалпы сипаттама: Махаббат планетасы болып есептелінетін Шолпанның ықпалында болғандықтан, бұл айда туылғандардың жаны ізгі, қайырымды, арманшыл, мінезі жұмсақ, өз ісіне мығым, ұқыпты, жөнді-жөнсіз шашылуды жөн көрмейтін өзімшілдеу, бірақ ешкіммен байланысуды қаламайтын жандар болып келеді. Той-томалаққа құштар, кітап оқып, театрға барғанды жақсы көретін Таразылар негізінен көпшіл жандар. Сондықтан олар жалғыз болғанды ешқашан ұнатпайды.Бұлардың ортасынан елшілер, өнерге бейім адамдар, ғалымдар, театр әртістері, әрлеуші мамандығының иелері көп шығады.

Әйел Таразылар: достықты қатты қадірлейді, достарымен қатынасында мінезі жұмсақ, қиын-қыстауда қалған досына әрқашан көмектесуге әзір. Айтқанынан қайтпайтын Таразыларға ақыл айтып дауласудың қажеті жоқ. Олар негізінен дауласқанды емес, дауласқандардың ортасына делдал болғанды қалайды. Махаббат мәселесінде қиялшыл және сезімтал Таразылар ешқашан жалғыз жүргенді жөн көрмейді. Өзін сүйген адамның ішкі әлемін білуге құмартқыш және небір қиялдарға берілуден де тыс қалмайды. Таразылар әрқашан өздері иығына басын қоя алатын мықты адамдарды іздейді. Отбасында бақытты болған сайын мінезі де жұмсарып, адамдармен қарым-қатынасы игіліктің бастауына айналады.

Ауруға бейім жерлері: жүйке жүйесі мен бүйрегі. Сондай-ақ, аяқ-қолдары, буындары мен зәр шығару жүйесінен қуығы әртүрлі ауруларға бейім келеді. Бүйрек негізінен әртүрлі тұздарды, қалдықтарды шығаруға қызмет ететіндіктен, оның дұрыс жұмыс істемеуі Таразының денесіне әртүрлі тері ауруларын туындатуы мүмкін. Сондықтан тұзды, майлы тағамдарды аз тұтынып, айран, қатық, ашымал көже ішкен жөн. Күнделікті әртүрлі нан, макарон өнімдерін тұтынумен бірге қара өрік, шабдалы, өрік сынды жеміс түрлерін де молынан пайдалану керек. Таразының күш-қуат беретін тұзы — калий фосфаты. Олар бүлдіргенде, жаңғақта, қарақұмықта, бидай ұнында көп. Сондықтан осы тағамдарды күнделікті пайдаланыңыз.

Сарышаян.

24 қазан – 22 қараша аралығы.

Жебеуші жұлдызы – Плутон.

Белгісі – Су.

Тастары – александрит, гематит, топаз, коралл, берилл, малахит, рубин.

Темірі – күміс.

Сәтті күні — сейсенбі.

Сәтсіз күні – дүйсенбі.

Түстері – сұр, алқызыл, қызыл қоңыр, көк сұр.

Қарама-қарсы белгісі — Торпақ.

Әйгілі адамдар: философ Платон, шахматшы Алексей Алехин, ғалым М.В.Ломоносов, адмирал Александр Колчак.

Жалпы сипаттама: Бұл белгідегілер ерік-жігері өте мықты, сезімге берілгіш, әсерленгіш, әртістік қабілеті бар, кеңпейіл жандар болып келеді. Жас кезінде өзіне-өзі сенімсіз болғанымен, өсе келе күш-қуаты толысқан Сарышаяндар байлықтан да, биліктен де кенде емес жандарға айналады. Ұнатқан жұмысын жан-тәнімен беріліп істейтін олардың ұйымдастыру қабілеті мықты және жүйке жүйесі мығым болып келеді. Туа біткен қасиеті олардың мемлекеттік қызметкер, әскери қолбасшы, кино, театр саласының актерлері, жазушылар болуына жөн сілтейді. Олар ешқашанда достарының көңілін қалдырмайды. Қиын-қыстау жағдайда қай жерде, қандай кезде болмасын достарына көмек қолын созуға әзір.

Әйел Сарышаяндар: негізінен қалжыңбас болып келеді. Олар істеген жұмысынан жақсы әсер алғанды ұнатады. Бірақ, іс, жұмыс жағдайында көп ешкімге сене бермейді. Сондықтан бұл белгідегілер мен достарының ортасында ақша, қаржы-қаражат мәселесінде арты қарлы боранға айналатын даулар да туындап жатады. Десек те, күш-қуаты мол, қызуқанды Сарышаяндар отбасында жақсы жар, мейірімді ана бола алады.

Ауруға бейім жерлері: жүрек қан-тамырлар жүйесі мен белі. Сарышаянға негізінен жұқпалы аурулар бейім. Бұл аурулар оның алқымына, сонымен қатар зәр шығару органдарына мықты әсер етеді. Қанының таза болуы үшін Сарышаяндар тамақты талғап жегені жөн. Оларға спиртті ішімдіктерді ішуге, ащы, майлы тағамдарды жеуге мүлде болмайды. Негізінен әрқашан сүт, қарқұмық және сиырдың бауырын жеген пайдалы. Қан тазалайтын қалақай, сарымсақ, пиязды көп тұтынғаны жөн.

Сарышаянның күш-қуат алатын тұзы —натрий сульфаты.

Мерген.

23 қараша – 22 желтоқсан аралығы.

Жебеуші жұлдызы – Есекқырған мен Нептун.

Белгісі — От.

Тастары — александрит, бирюза, лазурит, турмалин, хельцедон, аметист, сапфир.

Темірі – латунь.

Сәтті күні — бейсенбі.

Сәтсіз күні — сәрсенбі.

Түстері – көк, көк жасыл, күлгін, қоңыр.

Қарама-қарсы белгісі — Егіздер.

Әйгілі адамдар: ақын Генрих Гейне, жазушы Николай Карамзин, жорамалшы Мишель Нострадамус, Маршал Жуков пен Рокоссовский.

Жалпы сипаттама: Тумысынан батыл, тәуекелшіл, сезімтал, арманшыл, білуге құштар, айтқанынан қайтпайтын бірбеткей Мергендер алыс сапарларға, аңшылыққа шыққанды ұнатады. Олар спортқа бейім, әзіл-қалжыңға ұста жандар болып келеді. Қандай қиын тапсырма болса да ақылының, сезімталдығының арқасында оны оңай орындап шыға алады. Әріптестері Мергенді дәл осындай қасиеттері үшін сыйлап, құрметтейді. Мергендер негізінен ақша немесе даңқ үшін емес, адалдық үшін өмір сүреді. Бұл белгідегілер өздерін медицина, электроника, сауда-саттық, заң, өнер салаларында жарқыратып көрсете алады. Көп жағдайда олардың ортасынан саяхатшылар, теңізшілер, архeологтар, әскер басшылары, саясатшылар, журналистер, гeологтар мен спортсмендер, сондай-ақ ат баптаушылар мен ит үйретушілер көп шығады.

Әйел Мергендер басқа жұлдыз белгілерінен өмірге деген ерекше құштарлығымен және әсерленгіштігімен ерекшеленеді. Бір мезгілде бірнеше іс-шараларға қатысуға бейім олар өздеріне көпшіліктің назар аударғанын ұнатады. Бала кезіндегі жолдастарын ұмытпайтын олар достарын қатты құрметтеп, қарым-қатынас жағдайында әзілдесіп, жиі қалжыңдасады. Негізінен Мергендер екі жүзділерді, жалған мінез көрсетіп тұрғандарды ұнатпайды. Әрі қалжыңға сүйеп, бетіне де айтады. Бұл тіке айтудан жапа шегетін кездері жиі. Отбасы мәселесінде әйел Мергендер екі түрлі болып келеді. Олардың бірі балаларын жан-тәнімен сүйетін, отбасының тірлігіне немкетті қарамайтын болып келсе, екіншілері керісінше белсенді өмір сүруді қалайтын, далалық жұмыстарға бейім, еркек сияқты болып келеді. Мұндай өзгешелік бұл жұлдыз белгілеріне Есекқырған мен Нептун сияқты планеталардың қабат әсер ететіндігінен болса керек. Ал жұмыс істеп, қызмет қуғандары көп жағдайда жетістіктерге жетеді.

Ауруға бейім жерлері: бауыры, жүйке жүйесі, буындары, қалқанша безі. Мергеннің күнделікті тамағында бау-бақшаның жас жеміс-жидектері, қарбыз, бұршақ, қияр және қалақай болғаны жөн. Оның әл-қуат беретін тұзы — кремний мен калий хлориды. Бұл екі тұз негізінен арасан суларында болатындықтан Мергеннің демалыс, сауықтыру орындарына жиі барып, ем алғандары жөн.

Тауешкі.

22 желтоқсан- 20 қаңтар аралығы.

Жебеуші жұлдызы – Сатурн.

Белгісі – Жер.

Тастары – рубин, оникс, гранат, ай тасы, лазурит.

Темірі – алтын.

Сәтті күндері – сейсенбі, сенбі.

Сәтсіз күні –дүйсенбі.

Түстері – жасыл, қара, ақ сұр, көк, қоңыр.

Қарама-қарсы белгісі — Шаян.

Әйгілі адамдар: Францияның ардақты қызы Жанна Д Арк, әйгілі ғалым Исаак Ньютон, суретші Поль Сезанн.

Жалпы сипаттама: Тумысынан са-бырлы, ақылды, айналасын жақсы пайымдап, жетістікке жетудің жолдарын таба білетін ерік-жігері күшті Тауешкілер кейде өзінің дұрыстығын дәлелдеу жағдайында дау, шу шығарудан да тайынбайды. Өте еңбекқор, басшылықтың айтқанын тыңғылықты орындауға бейім, әдет-ғұрыпты, салт-дәстүрді ұстануда қателік жібермеуге тырысатын, достыққа адал Тауешкілерді айналасындағы әріптестері қатты құрметтеп сыйлайды. Қиын-қыстау жағдайдан шығудың жолын таба білетін Тауешкілердің кейде ішкі жан-дүниесінің мұң мен қайғыға беріліп, жалғыз қалатын кездері жиі. Сондықтан оған өмірге сабырлы көзбен қарап, өмірдегі жайларға философиялық тұрғыдан ой жіберіп үйрену қажет. Тауешкілер көбіне тұйық, сол тұйықтығынан оның қандай жан екенін көпшіліктің түсіне бермейтін жайлары да жиі кездеседі.

Әйел Тауешкілер қызмет үшін еш-қашанда сатқындыққа бармайды. Алла берген талантының арқасында олар қиын жағдайдан шығудың жолын тез таба біледі. Бұл белгідегі арулардың достары көп, бос уақыт тапса олармен телефон арқылы сұхбаттасып құлақтарының құрыштарын қандырғанды ұнатады. Бірақ, тұрмыстағы Тауешкілер үйіне жалғызбасты құрбыларын шақырғанды ұната бермейді. Бұл белгідегі бойжеткендер махаббатты қатты қадірлейді. Олар негізінен өздеріне көп бойдақтардың ғашық болғанын қалайды. Тұрмысқа махаббаттың жетегімен емес, көп жағдайда сезімнің әсерінен шығады. Отбасы алдындағы жауапкершілігін жан-тәнімен сезінетін олар жаны ізгі жар және жақсы үй иесі бола алады.

Ауруға бейім жерлері: Тауешкілердің туа бітті аурулары сүйектерінің босаңдығына байланысты болып келеді. Денсаулықтары мықты олар негізінен аяқ-қол, буын аурулары және тері ауруларына бейім. Олардың тамағында күнделікті ет өнімдерімен қатар, қара өрік, жұмыртқа, пияз, сарымсақ және сәбіз бен алманың, алмұрттың шырыны, сондай-ақ бал болғаны жөн. Тауешкілердің күнделікті ертемен әртүрлі дене-шынықтыру жаттығуларын жасауы, жүгіруі денсаулығына аса пайдалы.

Cуқұйғыш.

21 қаңтар – 18 ақпан аралығы.

Жебеуші жұлдызы – Уран мен Сатурн.

Белгісі – Ауа

Тастары – сапфир, обседиан, яшма.

Темірі – мельхиор

Сәтті күні – сәрсенбі.

Сәтсіз күні – жексенбі.

Түстері – көк сұр, қара сұр, қоңыр, ашық көк.

Қарама-қарсы белгісі – Арыстан.

Әйгілі адамдар: Химик ғалым Дмитрий Иванович Менделеев, Ресей президенті Б.Н.Елцин, әнші, актер Владимир Высоцкий...

Жалпы сипаттама: Туа бітті бейімділігі бір нәрсені өзгертуге, бастама көтеруге құмар, тыңнан із салуға шебер Суқұйғыштар атқаратын жұмысын ешқашан ақша және атақ-даңққа байланыстырмайды. Бұл қасиеттері оны жазушы, суретші, ғалым, заңгер, бизнес саласының қызметкері жолын таңдаса үлкен жетістіктерге жеткізетін еді. Суқұйғыштардың негізгі кемшілігі – дәл уақытында шешім қабылдай алмауында. Арманшыл, билікқұмар олардың қызметке ұмтылғыштығынан шатасып жататын кездері де жиі. Бұл белгідегілер махаббат пен достыққа онша мән бермейді. Достарының көңілін жиі қалдыратындықтан оның өмірі бірыңғай тегіс болады деп айту қиын.

Суқұйғыш әйелдерді болып жатқан барлық жаңалықтар қызықтырады. Өздерінің жеке өміріне онша мән бермейтін олар махаббатқа сене бермейді. Бірақ қызмет мәселесіне жүрдім-бардым қарамай, оны бірінші орынға қояды. Біреуге сенгіш Суқұйғыштар көп жағдай-да аңғалдыққа беріліп, жиі шатасады. Тәртіпке бағынуды қаламайтын олар көп жағдайда табысқа жеке басының қасиеттерімен ғана жетеді. Көңіл көтеруді шет көрмейтін Суқұйғыштар сауық ке-штері мен отырыстарға достарымен бірге барғанды ұнатады. Киімнің, шаш қоюдың жаңа үлгісін өз бойынан көрсеткісі келетін бойжеткен Суқұйғыштар үлкендерді ғана емес, өз қатарларын да таңғалдырады. Отбасында олар өздерін еркін, ешкімге тәуелсіз ұстағысы келетіндіктен бақыттары баянды болады деп айту қиын.

Ауруға бейім жерлері: асқазаны, аяқ-қолы, арқасы мен буындары, сондай-ақ қантамыр аурулары. Денсаулығын сақтау үшін Суқұйғыштардың таза ауада көп жүріп, жүгірумен, әртүрлі дене жаттығуларын жасаумен айналысқаны, сондай-ақ, әрқашанда сабырлы болғаны аса қажет. Денесіне негізінен йод, қорғасын, кальций, фтор, магний жетіспейтіндіктен күнделікті тамағында бал, пияз, сарымсақ, өріктің дәні, жұмыртқа болғаны жөн.

Балықтар.

19 ақпан – 20 наурыз аралығы.

Жебеуші жұлдызы – Нептун.

Белгісі – Су.

Тастары – изумруд, александрит, сапфир, аквамарин, коралл, авантюрин

Темірі – платина.

Сәтті күндері – дүйсенбі, бейсенбі.

Сәтсіз күні – сәрсенбі.

Түстері – аспан көк, күлгін, көгілдір, күңгірт қоңыр.

Қарама-қарсы белгісі – Бикеш.

Әйгілі адамдар: философ Конфуций, композитор Фредерик Шопен, АҚШ президенті Джордж Вашингтон.

Жалпы сипаттама: Өз білгенімен емес, жүрегінің айтқанымен жүретін, негізінен әділ, достыққа адал Балықтарды айналасындағылар құрметтеп, сыйлайды. Жүректері нәзік сезімтал болғандықтан олардың көңілі тез қалғыш, өкпелегіш. Дау-дамайды ұнатпайтын олар махаббат мәселесіне байыппен қарайды. Ақылды, есте сақтау қабілеті жоғары Балықтардың ортасынан мықты ғалымдар мен талантты актерлер көп шығады. Бауырмашылдық қасиеттері мықты балықтар жақын-жуықтары мен туыстарын қиын жағдайда ешқашанда тастап кетпейді. Осы қасиеттеріне орай, олар отбасында бала-шағаның қамын ойлайтын өнегелі үй егесі немесе ошақ иесі, жақсы жар бола алады.

Әйел Балықтар басқа жұлдыз белгі-лерінен сыр сақтай алушылығымен және өзінің жай-күйін ешкімге білдіре бер-мейтіндігімен ерекешеленеді. Басқаларды өзіндей көретін адалдығынан өмірден опық жеп, бармақ тістейтін кездері жиі. Сондықтан олардың жол үстінде, сонымен қатар тым таныс емес ортада адамдармен қарым-қатынас жағдайында абай болғаны абзал. Өмірге адал, ізгі көзқараспен қарайтындықтан Балық бойжеткендердің көп жағдайда жолы болғыш, олар адал жар, өнегелі ана бола алады.

Ауруға бейім жерлері: аяқ-қолы, асқазаны, қан айналу жүйесі мен бездері. Сондай-ақ, Балықтардың арасында қуық- несеп жолдары мен тері ауруларымен ауыратындар жиі кездеседі. Ауа-райының және жұлдыздық өзгерістерге (ауысуына) өте сезімтал болып келетіндіктен олардың күннің, айдың тұтылуын алдын ала біліп, сақтанғаны дұрыс.

Тумысынан денсаулықтары сыр бергіш Балықтардың тамақ өнімдерінде сүт, айран, ірімшік, құрт, сонымен қатар жеміс-жидек, бау-бақша дақылдары мол болғаны жөн. Сондай-ақ, олардың таза ауада, әсіресе орман ішінде көп серуендеп, табиғи өзен-көлдерде жиі шомылғаны лазым.

 

 
Отбасы  Diğer Başlıklar
Жасанды түсіктен әрбір үшінші нәресте көктей солып жатыр!
ҚЫЗЫЛША (КОРЬ) жұқпасына қарсы атқарылып жатқан шарала
Сүттен дайындалатын сұйық тағамдар
Бесіктің қадірін біліп жүрміз бе?
Кино дегенде біз де тақымымызды қысамыз
Әке болудан қашқандарға қатаң жаза керек
Таѕертең тамақ ішпеудің зияны
Қатерлі ісіктің алдын қалай аламыз?
Қызыл және алтайлық долана
Құқығыңды білгенің жөн
Қант диабеті — жүктілік және нәресте тағдыры
Безеуге бей-жай қарамаңыз
Түріктен бауыр тапқаныма шүкіршілік етемін
«ТЕМІР ТҰЛПАРЛАР» САТЫЛАТЫН ОРТАЛЫҚ
Ішкі саясат ішіндегі «ілік» саясат немесе БАҚ-ты белден басқан басқарма
Бізді сыйламаған өзге этностарға ренжиміз бе, әлде...
Жалақыға зар болып, опық жегендер
«Құдыққа құлаған» құландық тәртіп сақшылары
Бюджеттің жыртығын арақпен жамау — масқаралық!
Рухы мықты елдің еңсесі биік
Сақ болыңыздар: телефонда «Алаяқ»
Кедендік одақ алкоголь саясатын өршітіп отыр
Қоғамдық көлік қызметінде ана тіліміз ақсап тұр
НАМЫСТЫ ҚОЛДАН БЕРМЕЙТІН ХАЛЫҚ ЕДІК
Қамшыбасар