Ekim 28, 2014
 
 
 
 
 
 

Жалақыға зар болып, опық жегендер

Бақылау және әлеуметтік қорғау департаментінің мәліметтеріне сүйенсек, облыс бойынша өткен жылы жеті мекеме өз жұмысшыларына 50 млн. теңгеге берешек болыпты. 

 

Ал биылғы көрсеткіш бойынша, он бес мекеменің берешегі 121 млн. теңгеден асып кетті. 

Жалақы қарызы туралы мәселе кеше немесе бүгін туындаған жоқ. Бұл бірнеше жылдардан бері күрмеуі шешілмей келе жатқан мәселе. Борышкерлердің арасында үш жылдан бері қарызын өтемеген мекемелер бар.

Борышкерлердің басым бөлігі, күрделі құрылыс басқармасы, қорғаушы, «Миг 21», «ИнжестройҚызылорда», «Құмкөлсервис» серіктестіктері Қызылорда қаласында орналасқан. Мұндағылар 1458 адамның 75 млн. теңгедей қаржысын әлі күнге төлей алмай жүр. Тіпті бір ғана «Құмкөлсервистің» берешегі 30 млн. теңгеден асып жығылады. Сырдария ауданында Тоқмағамбетов, Қалжан ахун, «Агросервисшапағат» серіктестіктері 340 жұмысшының 23 млн. теңге жалақы қарызын өтеуге тіпті асығар емес. Сондай-ақ, Жалағаш ауданындағы бірнеше серіктестіктер 12 млн. теңгенің үстінде қарыз. Ал Қармақшы ауданындағы мекемелердің берешегі 7 млн. теңгені құрайды.

Борышкерлердің бірнешеуіне қарыздарды еріксіз өндіру жайлы соттың шешімі де шығып отыр. Тіпті кейбіреулері банкрот деп те танылған. Бірнешеуі-нің ісі сот актілерін орындау деп артаментінің құзіретінде тұр. Бақылау және әлеуметтік қорғау департаментінің басшысы Нұрлыбек Жолдасбаевтың мәлімдеуінше, қордаланған қарыздың ауқымды бөлігін өтеу үшін борышкер мекемелердің активтерін сот арқылы хаттамалап, оларды аукцион арқылы сатудан басқа амал жоқ.

Батыс Еуропа-Батыс Қытай көлік дәлізінің салына бастағанына үш жылдан асып кетсе де, ондағы қосалқы мердігерлердің жалақы қарызына қатысты дау-дамайы тоқтайтын сыңайы жоқ. Бұл күндері «Жылыойсервистің» бас мердігері қосалқы мердігердің қарызын төлеуді қолға алған.

Үстіміздегі жылдың қаңтар айында жоспардан тыс тексерулер жүргізіліп, «Жалағашэлеватор» серіктестігінің жұмысшыларға 2 млн. теңгеден астам жалақы қарызы бар екені мәлім болды. Бүгінде бұл мекеменің жағдайы тіпті ауыр. Өйткені бірнеше шаруашылық бұл серіктестіктің қоймасындағы өздеріне тиесілі ақталған күріштерін тазартудан өткізіп алып, әкетпей отыр. Сондықтан да мекеменің қоймасында 800 тоннадай ақталған күріш сіресіп тұр.

Есептеп қарасақ, жалпы облыс бойынша ме-кемелердің жұмысшыларына қарызы 130 млн. теңгеден асып жығылады. Осыншама қаржының барлығы қайда кеткен?

Қордаланған жалақы қарызы төңірегінде тереңге кеткен кеселді таяу арада жойып, оң шешуге облыс әкімі Қырымбек Көшербаев жұмысқа тас түйін кірісіп отыр.

 
Yorum yaz / share.thought
Аймақтар айнасы  Diğer Başlıklar
Рухы мықты елдің еңсесі биік
Қоғамдық көлік қызметінде ана тіліміз ақсап тұр
Беске толған «Жарқын болашақтың» тартуы
Асқар Мырзахметов әкімдерден «емтихан» алмақ
“Жанкешті” алматылықтар және “жалмауыз” жанармай бекеттері немесе EnviroTabs “дәрісі” экологияны емдейді
Жылқыға жұт келген жоқ
«Бір адамның мүддесі үшін қарашаңырақты қаралау ақылға сыймайды»
Малыңа чип салып, монитормен бақ!
«Балапан» бағдарламасын орындаудың өз қиыншылықтары бар
«Түйені түгімен, вагонды жүгімен жұтқандар»
Әкім жолақыны 50 теңгеге төмендетті
Жүрекке сәтті жасалған ота
Түріктен бауыр тапқаныма шүкіршілік етемін
«ТЕМІР ТҰЛПАРЛАР» САТЫЛАТЫН ОРТАЛЫҚ
Ішкі саясат ішіндегі «ілік» саясат немесе БАҚ-ты белден басқан басқарма
Бізді сыйламаған өзге этностарға ренжиміз бе, әлде...
Жалақыға зар болып, опық жегендер
«Құдыққа құлаған» құландық тәртіп сақшылары
Бюджеттің жыртығын арақпен жамау — масқаралық!
Рухы мықты елдің еңсесі биік
Сақ болыңыздар: телефонда «Алаяқ»
Кедендік одақ алкоголь саясатын өршітіп отыр
Қоғамдық көлік қызметінде ана тіліміз ақсап тұр
НАМЫСТЫ ҚОЛДАН БЕРМЕЙТІН ХАЛЫҚ ЕДІК
Қамшыбасар