Temmuz 29, 2014
 
 
 
 
 
 

Кедендік одақтың нарқы осы болса, парқы қандай болғаны?

04 Ocak 2010, Pazartesi / ЕРМЕК САХАРИЕВ,
Add to Google

Биылғы жылдың қараша айының 27 күні Кедендік одаққа мше болып кірген Ресей, Беларусь және Қазақстан мемлекеттерінің басшылары Д.Медведев, А.Лукашенко және Н.Назарбаевтардың  Бірыңғай кедендік тарифті бекіткені белгілі. Ендігі жерде алымдар Одақтың сыртқа шекараларында ғана алынса, оған мүше елдер ішіндегі алымдардың бәрі 2010 жылдың орта шенінен бастап алынып тасталатын болды. Желтоқсан айының 7 күні Бірыңғай тарифтің ставкалары ҚР Индустрия министрлігінің вебсайтында жарияланған еді. Ол қатардағы қазақстандықтардың әмиянына қаншалықты салмақ түсіреді, енді соған келсек.

 

“Лада” мәшинесін сатып алудан басқа жол қалмайтын сынды

    Ресей экспортқа шығаратын Жигулидің “Лада” маркасы ұнамаса, шетелдік автокөліктерді сатып алуға асығу керек. Себебі, қазіргі күні зауыттан шыққанына 7 жылдан артық мерзім болмаған автокөліктерге кеденде оның жалпы құнының бар жоғы 10 пайызын ғана төлесе, Бірыңғай тарифті енгізгеннен кейін, моторы 1800 текше сантиметрден жоғары автокөліктерге енді оның өзіндік құнының 25 пайызын төлеуге тура келеді (әр текше сантиметріне 0,45 евродан астам).  Ол баға автокөлік моторы көлемінің текше сантиметрі бойынша есептеледі. Шыққанына 5 жыл болған автокөлікке одан да жоғары, яғни 1;6 евро, егер оның моторының көлемі 3 мың текше сантиметрге дейін болса, кеденшілер автокөлік иесінен анау-мынау емес, 2,2 евродан сыпырады.  Мәселен, жасы 10-дағы, моторының көлемі 2 мың текше сантиметр Mazda 626-ны кедендік рәсімдеуден өткізу (қазір ол 4,8-7 мың доллардың ар жақ, бер жағында тұрады) жаңа кедендік ереже бойынша, осы бағаға тағы да 6500 долларға жуық ақша қосылады. Есесіне, жанармайды алып келуге байланысты алынатын алым бағасы еш өзгеріссіз, яғни сол бұрынғы 5 пайыз күйінде қалады. Теориялық тұрғыдан алғанда, Ресейден әкелінетін жанармай бағасы дәл осындай шамаға дейін арзандауы тиіс. Егер гайканы қаттырақ бұрау одан әрі жалғасса, Кедендік одаққа кірген елдердің азаматтары үшін “Ладаны” алудан басқа жол қалмайтын сияқты. Оның кімге пайдалы, кімге зиянды екенін өздеріңіз-ақ бағамдай беріңіз...

                                  Одақ зат бағаларына қалай әсер етеді?

     Рас, Бірыңғай тарифті жасаушылар құрылысшылардың мүддесін ойлап, елге әкелінетін цементке деген бағаны нольдік ставка күйінде қалдырды. 5 пайыздық алымды алып тастау есебінен бізге, негізінен, Ресейден әкелінетін картон, қағаз және ағаш материалдардың бағасы едәуір арзандайтын болады. Киімдерді кедендік рәсімдеу бағасы тауардың өзіндік құнына қатысты 5-тен 20 пайызға дейін артады деп күтілуде. Киімдер салмағының әр келісінің бағасы 1-ден 3 долларға дейін өспек. Теріден жасалған киімдердің бағасы өте жоғары деңгейде қымбаттайтын сынды. Оларға деген бұрынғы алым мөлшері әр келісіне 1 доллардан (5 пайыз) тұрса, ендігі жерде дәл осындай бір келіге 7 евро (20 пайыз) төлеуге тура келеді.  Аяқ киімге деген ең төменгі алым мөлшері бір жарым есе, яғни 1-ден 1,5 евроға дейін артады.

          Косметиканың барлық түрлерінің, иіссу мен туалет суларының барлығының бағасы өседі. Ол 5-тен 12 пайызға дейін артпақшы. Шампуньдер, шашмайлар, т.б. гигиеналық заттар бағасы да өседі. Мысалы, туалеттік сабын, кір жуатын ұнтақтар бағасы 5-тен 15 пайызға дейін көтерілмек. Бұл тауарлардың көпшілігі Қазақстанға дәл әлгі Ресей мен Беларусьтен әкелінеді. Алыс шет елдерден әкелінетін дәрі-дәрмектердің бағасы да айтарлықтай өспекші. Мәселен, инсулин мен адамның ауруға қарсы тұру қабілетін арттыратын иммундық сұйықтарға, гемоглобин мен витаминдерге, бірқатар антибиотиктерге 5 пайыздық алым енгізілетін болады. Гүлдерге байланысты алынатын алымдардың мөлшері де 5-тен 10 пайызға дейін көтеріледі деген болжам бар. Олардың иелері кеден бекеттері қызметкерлеріне өздері алып келе жатқан тауарларының әр келісіне 0,9 евроны санап беруі керек. Соған қарағанда, енді аспан асты елінің өзіміз үйреніп қалған арзан тауарларымен жылап көрісетін түріміз бар.

                                         Қандай тауарларға квота енгізіледі?

      Ресей мен Қазақстанның сырттан әкелінетін сиыр етіне тәуелді екені белгілі. Сол себепті, Бірыңғай тарифті жасаушылар оған деген кедендік алым мөлшерін еш өзгеріссіз қалдыруды жөн деп тапқан секілді. Ет бағасы тіпті едәуір арзандайтындай. Мысалы, бұрындары біздің импортшылар еттің бір келісіне 0,35 евро (25 пайыз) төлеп келсе, енді егер тауар квотамен әкелінсе, кедендегі ақы төлеу 15 пайызға дейін азаяды деседі. Ол қандай квота болады, оны кімдер бөледі, бұл жағы әзірше белгісіз. Мысалы, Ресейде сырттан әкелінетін етке деген мұндай квотаны мемлекет арнайы аукциондарда сатады. Егер әкелінген сиыр етінің мөлшері квотадан асып кетсе, ставка сол бұрынғы күйінде қалады. Доңыз етін импорттаушылар квота аясындағы төлем 15 пайызды құрайды (бұрын ол 25 пайыз-тын), бірақ әлгі квотадан асып кеткендерінің әр келісіне 1 доллардан, яғни еттің өзіндік құнының 60 пайызын төлеуге тура келеді. Тірідей әкелінетін малдарға да 5 пайыздық алым енгізіледі, бұрын Қазақстанда ондай алым түрі болмаған-ды. Дегенмен, бұл ереженің асыл тұқымды малдарға қатысы жоқ. Енді ел ішіне әкелінетін тірі құстар мен араларға да алым төленетін болады.

         Тағы бір жаңалық сол, Кедендік одаққа қатысушы мемлекеттер өз елдеріндегі құс етін өндірушілерді қорғауға шешім қабылдады. Әлгіндей құс етін ел ішіне квотамен әкелетін импортшылар оның бағасының 25 пайызын төлейді (бұрын 20 пайыз болатын). Қарапайым импортерлер кедендік шекарада құс еті үшін оның бағасының 60 пайыздан кем емес құнын төлеуге міндетті болады. Егер “Буш санының” көп бөлігі квотадан тыс әкелінсе, оның бөлшек саудадағы бағасы үш есеге дейін артады. Кедендік одаққа кірген елдер қой мен ешкі етіне деген қазақстандық алым бағасын 25 пайыз деп белгілеуге шешім қабылдады. Бұған дейін Ресей мен Беларусь оларға еттің өзіндік құнының 15 пайызын ғана төлеп келген болатын. Ресей өндірмеген балықтар мен теңіз шаяндары, балық консервілері қымбаттайды, бірақ, соншалықты көп емес: алдағы уақытта импортшылар бұрынғы 5 пайыздық алымның орнына 1,5-2 есе артық ақша төлеуге мәжбүр болады.

       Сүт пен кілегей Қазақстанға, негізінен, Кедендік одаққа мүше бізбен серіктес елдерден әкелінетіні мәлім. Сондықтан, өзара сауда-саттықта импортқа 15 пайыздық кедендік алым салуды алып тастау (бүгіндері солай) тұтынушылар үшін тиімді болмақ. Нақ осы себептерге байланысты “одақтық” қойытылған сүт пен ұнтақтық сүттер бағасы да арзандауы керек. Алыс шет елдерден әкелінетін сары майға бұрынғысынша 20 пайыздық алым салынады, бірақ, Кедендік одаққа кіретін елдер арасындағы өзара саудада ол алынып тасталады, яғни Ресей мен Беларусьтен келетін өнімдер арзандауы тиіс. Пияз, картоп, қырыққабат, қияр, сәбіз, т.б. осы секілді жеміс-жидектер бағасы бұрынғы деңгейде қалмақшы. Лимон, жүзім, банан, апельсин, інжір сияқты жылы өңір — оңтүстікте өндірілетін жеміс-жидектер бағасы да қымбаттамайды. Ал, кокос пен миндальға деген алым мөлшері тіпті төмендейтін сынды. Кофе бағасы арзандап, оған деген алым алынып тасталса, шайдың бағасы өзгеріссіз қалмақ.

     Отандық кондитерлерді алда қиын сынақ күтіп тұр. Сырттан әкелінетін қант бағасы бір жарым есеге дейін артып, қазіргі күні елге сырттан әкелуге байланысты 1 тонна қантқа 540 доллар төлеуді белгілеген орташа ақыға қосымша 270 алым төлеу керек болады. Тиісінше, тәтті тауарлардың (кәмпит, шоколад, т.б) бәрі, отандық өндірушілер өндірген кулинарлық тағамдардың баршасы да қымбаттайды, өйткені, олардың барлығы дерлік қант қосу арқылы жасалады ғой. Оның есесіне, дайын шоколадқа деген алым мөлшері 20-дан 5 пайызға дейін төмендейді. Адам ағзасына зиянды темекі, сигар, сигареттерге деген алым мөлшері айтарлықтай өзгермей, сол бұрынғы деңгейде қалады. Сондай-ақ, импорттық сыра мен минералды сулар бағасы өзгермей, спирт пен күшті спирттік ішімдіктерге деген алым бұрынғы қалпында сақталады. Ал, орыс арағы тіпті арзандамақ, себебі, кедендік рәсімдеу кезінде импортшылар өздері әкеле жатқан орыс арағының әр литрі үшін бұрынғыдай 2 евродан төлемейтін болады. Осы айтылғандардың бәрін жүйелесек, одан шығатын қорытынды — Қазақстанның Кедендік одаққа кіруінің алғашқы нәтижесі — көптеген тауарларға деген бағаның қазіргіден анағұрлым қымбаттайтындығы болары кәміл. Сонда, біз осынау Кедендік одақтан ұттық па, ұтылдық па?

 
Саясат  Diğer Başlıklar
Мысыр өз шекарасын бекемдеп жатыр, неге?
НАТО кімге қорған болмақ?
Қазақстанда алтын өндіру неге төмендеп барады?
Вашингтон Ташкентті неге бауырына тартты?
Заң — жаңа, оны айналып өту жолдары — ескі
Қырғызстан өмір сүру деңгейі бойынша 120 орында
Қазақ-Британ академиясының ашылу себебі
Еліміздің экспорттық-импорттық саясаты кемел ме?
Дос Көшім: «Балаңның болашағын ойласан — мемлекеттік тілді үйрет!»
Мені өлдіге санап, қоқысқа лақтырыпты
Ақжазық аруының жүрегі әлі де жаралы
Алматының базарлары қаншалықты арзан?
Түріктен бауыр тапқаныма шүкіршілік етемін
«ТЕМІР ТҰЛПАРЛАР» САТЫЛАТЫН ОРТАЛЫҚ
Ішкі саясат ішіндегі «ілік» саясат немесе БАҚ-ты белден басқан басқарма
Бізді сыйламаған өзге этностарға ренжиміз бе, әлде...
Жалақыға зар болып, опық жегендер
«Құдыққа құлаған» құландық тәртіп сақшылары
Бюджеттің жыртығын арақпен жамау — масқаралық!
Рухы мықты елдің еңсесі биік
Сақ болыңыздар: телефонда «Алаяқ»
Кедендік одақ алкоголь саясатын өршітіп отыр
Қоғамдық көлік қызметінде ана тіліміз ақсап тұр
НАМЫСТЫ ҚОЛДАН БЕРМЕЙТІН ХАЛЫҚ ЕДІК
Қамшыбасар