Мөлдірбұлақ  |  Мекенжайымыз
Eyl 09, 2010
Жанайқай Бастапқы б...
Саясат
Экономика
Мәдениет
Қоғам
Қамшыбасар
Аймақтар айнасы
Әлеумет
Жанайқай
Түрік дүниесі
Жер жаһан
Білім
Руханият
Дін
Тарих
Отбасы
Жатыпоқыр

Жанайқай

М.Тоқсанбаев: А.Қонаев жазаға тартылуы тиіс!
ҚР Ұлттық қауіпсіздік комитетінің төрағасы  Әділ Шаяхметов пен ҚР Бас прокуроры Қайрат Мәмидің назарына! «Мен 2001 жылы  Жамбыл облыстық тергеу басқармасында аға тергеуші болып қызмет атқардым,

Etkileşim Kutusu
İşaretle & Paylaş
Video Foto Ses
Yazıcıya Gönder Arkadaşına Gönder
Yorum yaz
Yorum Oku
осы мақалада аты-жөні  көрсетілген азаматтар  А.Қонаев, Б.Әбдімомынов және А.Сәлімбаева тергеу қызметінің талаптарына  байланысты менімен тікелей қатынаста болды.

Мақалада аталған полиция қызметкері А.Қонаев өз қызмет бабын пайдаланып, 2001 жылы азаматша А.Сәлімбаеваның жасөспірім баласын «арнайы мектепке тапсырамын!» деген үреймен анасын  қорқыту мақсатында ақша талап етіп, мезгілімен ақша алып отырған.   Жасөспірімдер инспекторы А.Қонаевтың осы қойған талаптарына шыдамы таусылған А.Сәлімбаева  Жамбыл ІІБ-на арызданады. Жазылған арыздың талабын орындау мақсатында Жамбыл ІІБ-да  шұғыл түрде іздестіру  тобы құрылып, полиция қызметкері А.Қонаевты ақша алу үстінде қолға түсірмекші болады. Бірақ, оперативтік топтың соңына түскенін байқап қалған А.Қонаев алған ақшасын қасында жүрген  Б.Әбдімомыновқа қалдырып, оқиға болған жерден ізін жасырады. Осы оқиғаға қатысты  құжаттарды өз өндірісіме қабылдап,  ҚР ҚК кодексінің 311-бабының 4 тармағымен қылмыстық іс қозғадым. А.Қонаевтың қашуына байланысты  “іздеу салу” қылмыстық ісін бөлек өндіріске бөліп, ҚР ҚК 311-бабы 1, 177- бабының 2 тармақ талабына сәйкес Б.Әбдімомыновқа  айып тағып, сот өндірісіне жібердім. Соттың шығарған үкімі бойынша Б.Әбдімомынов екі жылға бас бостандығынан айырылып, сотталып кетті. Ал, А.Қонаевқа қатысты “іздеу салу” жұмыстарын тоқтатпай, өз өндірісіме алдым,  қылмысты іздестіру басқармасына “іздеу салу” тапсырмасы беріліп, бақылауға алынды. Мен 2004 жылдың ақпан айынан бастап, қызмет  атқару уақытымның шектелуіне байланысты полиция подполковнигінің шенімен зейнет демалысына шықтым. Өкінішке орай, тергеу барысында маған таныс болған   айыпталушы  А.Қонаевтың әкесі М.Қонаев маған тікелей көздеген қастандығын орындау  мақ-сатында, күтпеген жерден, Жамбыл облыстық ҰҚК-нің қызметкерлеріне өз бойындағы әсерін білдіріп, мені бала-шағамның, туған-туыстарымның алдында,  бар абыройымды төгіп, көздеген мақсатына  жеткендей болды. Яғни, 2004 жылғы 25 мамыр күні  мені есігімнің алдында тосып тұрған М.Қонаев  опасыздық іс-әрекеттерге барып, ҰҚК-нің қызметкерлерінің қолдауымен көйлегімнің төс қалтасына 1500 АҚШ долларын күшпен  тықты. Тыққан  АҚШ доллары менің көйлегімнің төс қалтасына сыймай  жерге түсіп қалды (Осы көріністердің бәрін ҰҚК-нің қызметкерлері видео камераларға және диктофондарға жазып түсірген). Қалтамнан түсіп қалған ақшаны қайтадан қалтама салмақ болып ҰҚК-нің қызметкерлері мені жұдырық астына алып, бет-аузыма жарақаттар енгізіп, өз алдарына қойған талаптарға жету мақсатында    екі қолымнан, екі аяғымнан  төрт жаққа тартып, ақша жатқан жерге сүйрелеп, жердегі ақшаны өз қолдарымен қалтама тықпыштап салып, заң бұзушылыққа барды (Қылмыстық іс бойынша осы айтқандарым толық дәлелденеді). Көз алдында болған  осынау көріністен үрейі ұшқан азамат М.Қонаев сол кезде болған жағдайдың шындығын тергеушіге айтып, менің одан ешқандай ақша сұрамағандығымды және АҚШ долларын күшпен зорлап салғандығын мойындаған.  Осы болған оқиғалар сол кездегі пайдаланған  диктофонға және видео камераға бастан-аяқ таспаға жазылған болатын. Оқиға болған жердегі іс-әрекеттер мен барлық көріністер диктофонға, видео камера таспасына түсірілгенін көрген соң, мен  өз еркіммен ҰҚК-нің басқармасына  тез арада барып, анықтау амалдарын жалғастыруды талап еттім. Осыдан кейін,  сағат 10.00 шамасында оперативтік топ мені ҰҚК-нің басқармасына әкеліп, ешқандай анықтама жұмыстарын жүргізбей, мені  12 сағат текке ұстап отырды. Ұстап отырған себебі  менің бетімдегі қан дақтарын, дене жарақаттарын жасыру мақсатында және диктофон мен видео камера таспаларына  түсірілген оқиға көріністерін түпкілікті жою үшін, тергеу амалдарын созғыштап, мені ұстап отырғандығы  белгілі болды. Артыс-тартыстың арқасында тергеу амалдары бір жылдай  жүргізіліп, ақыры маған ҚР ҚК 311-бабының 4,  314-бабының 2  және 177-бабының 2-тармағымен айып тағылып, сотқа жіберді. Қалалық сот қарауында тергеу барысындағы бұрмалаушылықтардың заңсыздығы айқындалып, маған тағылған айыптар бойынша негізінен ақталдым. Сот барысында маған қойылған жалғыз айып — “зейнеткер бола тұра айыпталушы А. Қонаевты  соттан босатып, оған көмек көрсету мақсатында, әкесінен  ақша талап еткен” деген ұйғарыммен ҚР ҚК 177-баптың 1 тармағы бойынша дәлелсіз жаза тағылды. Жаза тағайындамай, сот толық ақтаған жағдайда, маған салған дене жарақатына байланысты алынған “Сараптама” қорытындысы бойынша,  осы  операцияға қатысқан ҰҚК қызметкерлерінің біразы жазаланған болар еді...  Сот   үкіміне қосымша өзгерістер енгізу  тек сот, не қадағалау алқасының қарауымен заңдылық күшіне енетіндігі Конституция заңдылығымен бекітілген. Сол кездегі айыпталушы  А.Қонаевты соттан босату менің қолымнан келмейтіндігі ҰҚК қызметкерлеріне де, Қонаевқа да мәлім болатын.  Маған қарсы іс-әрекеттер арандатушылық жағдайда  болғандығы және оның ұйымдасқан түрде жасалғандығы прокуратура қызметкерлеріне де айқын  болатын. Өкінішке орай, сол кезде өзімді ақтау қолымнан келмеді және құқықтық органдар маған қатысты қылмыстық істің ұйымдастырылғандығын білсе де, өз тараптарынан салқынқандылық танытты.   Ал бүгінгі таңда,  мен үшін ең маңызды болып отырған жағдай — ол менің қолыма кездейсоқ түскен «Заң» газетіндегі “Криминалды Тараз күрмеуі қалай шешілмек?” атты  мақаладағы ҰҚК-нің тергеу қызметкерлерінің осы оқиғаға байланысты заң бұзушылық іс-әрекеттерге  барып, А.Қонаевқа қатысты қылмыстық істі заңсыз қысқартқандықтары. Журналист осы мәселені соқырға таяқ ұстатқандай әдемі зерттеп, аша білген.  Меніңше, осы айқындалып жатқан жағдайлар  о бастан-ақ ҰҚК-нің қызметкерлері мен А.Қонаевтың арасында сыбайластық қарым–қатынастар болғандығын растайды.  Рас, уақтысында мен тергеушілік қызметімнің талаптарына байланысты Қонаевтар жанұясына қызмет талабына байланысты тыныштық бермедім, іздеу-салыстыру жұмыстарын жиілетіп, оның тығылып жатқан жерлерін анықтауға,  нұсқама-тапсырма хаттарын беріп мазаларын алдым. Сол тірліктердің әсері болар, менен өш алу мақсатында М.Қонаев осындай арандатушылық  іс-әрекетке барды. Ол  менен өшін алу және өз баласының тағдырын сыбайластық тәсілмен шешіп алу жолында ҰҚК  қызметкерлері тапсырмасымен  маған қарсы заңсыз іс-әрекеттер жасады.  Қазір маған қозғалған қылмыстық істің негізсіздігі, оның нақақтан ұйымдастырылғандығы газетте жарияланған осы фактімен толық әшкереленіп отыр. ҰҚК-нің қызметкерлері нағыз қылмыскерді босатып, маған қатысты арандатушылыққа барып, тепкі астына алып, өтірік жала жауып,  айыптап, А.Қонаевтың жағдайын шешті.  Сонда мынадай сауал туындайды, төрт жыл ішінде Қонаевқа қатысты қылмыстық іс бойынша жиналған құжаттар мен айыптау қорытындысын дайындап, қылмыскер Қонаевқа сырттай айып тағып,  оны ұсталған бетте сот залына жеткізу үшін  тергеу амалдарын орындаған  мен қылмыскермін бе әлде Қонаевтың қылмыстық ісі бойынша дайын тұрған айыптау қорытындысын жоққа шығарып, сот қарауына жеткізбей, қылмыстық іс бойынша жиналған дәлелдеме құжаттарын жойып,  қылмыстық істі заң бұзушылық тәсілмен қысқартқан ҰҚК қызметкерлері  қылмыскер ме?   Менімше, облыстық сот Үкімінің  талаптарын орындамай, сот қарауына қылмыстық істі қасақана жеткізбей, тергеушінің қаулысымен істің  бұлайша қысқартылуы ҰҚК қызметкерлерінің сыбайластық қылмысқа барғандығын дәлелдейді. Сондықтан Жамбыл облыстық сотының Әбдімомынов пен Қонаевқа қатысты шығарған үкімінің күшін жоққа шығарып,  ҰҚК тергеушінің  шығарған қаулысымен  Қонаевты қылмыстық жазадан құтқарып отырғандар    заң алдында жауапқа тартылуы тиіс. Бұл қылмыс біздің облыста күні бүгінге дейін бүркемеленіп келді. Неге?   Егер де осы менің жазған хатым газет бетіне жарияланатын болса, бүгінге дейін бүркемеленіп келген әділдіктің беті ашылар еді. Газет қызметкерлері, сіздерден көмек күтемін. Құрметпен запастағы полковник   М.  Тоқсанбаев, Тараз қаласы».        Осылай жазылған хаттың желісімен Жамбыл облысына аттандық. Бұл оқиғанның өткеніне де талай жыл болғанымен  адамдық, азаматтық арына дақ түскен, ұзақ жыл тергеу қызметінде істеген азамат әлі де осы бір оқиғаны ойлап, ұйқысыз таңдарын атырады екен. Сөзіміз дәлелді болу үшін дәрігерлердің сол кезде берген қорытындысына жүгінейік.  Мұны біз сол емханадағы мұрағатты көтеріп, сол кездегі емдеуші дәрігер И.М.Муединовтың өз қолымен жаздырып алдық. ҰҚК қызметкерлері полковник М.К.Тоқсанбаевты таяққа жыққан соң үш күн денесіндегі көгергені кеткенше, ауыр жарақаты қайтқанша уақытша камераға қамап қояды. Ауыр жарақаты қайта бастаған соң үйіне жібереді. Босатқан күні бірден Тараз қаласындағы госпиталь мен емханаға барып қаралады. Дәрігердің 27 мамыр 2004 жылғы берген қорытындысы бойынша «миы шайқалған» деп жазады да, Тараз қаласындағы нейрохирургия бөлімшесіне жолдама береді. Содан сол бөлімшеде 2004 жылдың 31 мамырынан 10 маусым 2004 жылға дейін ауыр халде жатып шығады. Облыстық прокуратура мен облыстық ҰҚК-нен мән-жайды толық білмек болып едік, олардың бөлмелеріне кірмек түгілі, күзетшілері мекемесінің маңына жолатпады. Сондықтан оларға қояр жеті сұрағымды газет арқылы қоюға мәжбүр болып отырмын. Ол сұрақтарым мынау еді: 1. Азамат М.Қ.Тоқсанбаевтың Облыстық прокуратураға 01.04.2009 ж. 12.05.2009 ж. жазған арызы бойынша тексеру жұмыстарының қорытындысы және арызына берілген жауаптары қайда? 2. №12/51-09 30.04.09 ж. берілген жауапта М.Байжігітовтың тегі қандай мақсатпен көрсетіліп жазылған?   3. А. Қонаевқа байланысты қылмыстық істің ҰҚК тергеушісімен қысқартылған қаулысын, көшірмесін, Облыстық прокуратураның бұзған қаулысын және айыптау қорытындысы бойынша сот шешімін алуға рұқсат берсеңіздер. 4. Ал М.Тоқсанбаевтың айыпталушы Қонаевқа қылмыстық істі заңсыз қысқартуға көмек көрсеткені үшін қылмыстық іс қозғалып, сотқа жіберілген екен. Ал осы Қонаевқа байланысты қылмыстық істі қысқартқан ҰҚК тергеушісі неге жауапкершілікке тартылмаған? 5. Заң талаптарына орай Қонаевқа байланысты қылмыстық іс Жамбыл облыстық ішкі істер департаментінің тергеу бөлімінің өндірісіне қайтарылуы қажет еді. Себебі  Қонаевқа байланысты қылмыстық іс 2001 жылдан бері Жамбыл облыстық ішкі істер тергеу басқармасының өндірісінде болатын. Іс қандай заңдылық талабына байланысты қайтарылмаған? 6. Төрт жыл ішінде Жамбыл облыстық ішкі істер тергеу басқармасынан қашып жүрген Қонаевтың айыптау қорытындысы бойынша қылмыстық ісі сотқа жетпеуіне және оның тағдырының оңай шешілуіне кімдердің әсері болуы мүмкін? Осы үшін заң алдында  кім жауап береді? 7. 25.05.2004 ж. М.Қонаевтың арызына байланысты Тоқсанбаевты ұстаған кездегі диктофон үнтаспалары қылмыстық іске әсерін туғызды ма? Тоқсанбаевтың дене жарақатына байланысты қорытындылар қылмыстық іске тігілді ме, егерде тіркелсе, прокуратура тарапынан дене жарақатына байланысты тексеру жұмыстары ұйымдастырылды ма?  Міне, осы сұрақтарды Облыстық прокуратура мен ҰҚК-не қоймақшы болдық. Олардың жанына жолай алмағандықтан, амалсыз сіздерден бір үміт болар деп газетке жариялап отырмыз. Бұл мақалаға сіздердің жауаптарыңыздан кейін оралармыз.

28.01.2010

Шаяхмет Құсайынұлы

Айдар бойынша ең көп оқылатындар

Сот шешімінe наразы атыраулық аналар Астанаға жетті!

 Diğer Başlıklar
Депутат-кәсіпкерге тісі батпаған әкім
Сот шешімінe наразы атыраулық аналар Астанаға жетті!
Қояндыдағы жер дауы тығырыққа тіреліп тұр... Бұған кімдер кінәлі?
Дәл қазір бүкіл әлем Қазақстанға көз тігіп отыр
Бағила Қосанқызы, ана: Ұлымның әділетсіздіктің құрбаны екендігіне сенімдімін
Қазақ қанты неге “ащы”?
Сот шешімін орындауға мәжбүрміз. Бірақ...
Жалған айту арқылы әділдікке қол жеткізу мүмкін бе?
Әкімнің есеп беру жиналысында не айтылды?
М.Тоқсанбаев: А.Қонаев жазаға тартылуы тиіс!

Ең көп оқылытын хабарлар

Адамның соңғы сапары аста-төкпен өлшенбейді
Ұлттық құндылықты дәріптейтін бағдарламаны енгізуге не кедергі?
Алаштың абыройы болған Ата Заңға – 15 жыл
Мәңгүрт Ұлтсызовтардан Құдай сақтасын!
Қазақтың саф алтынының қызығын кім көріп отыр?
Есірткі тасымалы есіріп тұр
Кадр тапшылығы мәселeсін Үкімет дерeу қарастыруы кeрeк
Ресей мен Беларусь мысық пен тышқан ойнасын, ал біз ше?
Қадір түнін қалай қарсы аламыз?
Бушер АЭС-і іске қосылды