Мөлдірбұлақ  |  Мекенжайымыз
Eyl 09, 2010
Жанайқай Бастапқы б...
Саясат
Экономика
Мәдениет
Қоғам
Қамшыбасар
Аймақтар айнасы
Әлеумет
Жанайқай
Түрік дүниесі
Жер жаһан
Білім
Руханият
Дін
Тарих
Отбасы
Жатыпоқыр

Жанайқай

Әкімнің есеп беру жиналысында не айтылды?
Аудан әкімінің осы есеп беру жиналысында газетімізге шыққан «Азамат Ахметжанов сот үкіміне неге наразы?» атты мақала талқыланды. Редакциямызға бір топ ауыл тұрғындары осы жиналыстағы мәселе туралы хат жолдапты. Сол хатты ықшамдап жариялап отырмыз. 

Etkileşim Kutusu
İşaretle & Paylaş
Video Foto Ses
Yazıcıya Gönder Arkadaşına Gönder
Yorum yaz
Yorum Oku
«2010 жылғы 27 қаңтар күні М.Таипов атындағы орта мектеп ғимаратында Ұйғыр ауданының әкімі К.Омаровтың 2009 жылға есеп беру жиналысы өтті. Жиналысқа Кіші дихан селолық округіне қарасты Кіші дихан және Үлкен дихан ауылының тұрғындары болып, жалпы саны 170 адам қатысты. Сонымен, күн тәртібіндегі есеп беру мәселесі бойынша бірінші сөзді аудан әкімі К.Омаров алды. Аудан әкімі өз сөзінен соң сөзді Аудандық соттың төрағасы Б.Бірімқұловқа берді. Бірімқұлов сөзін ұзартып жіберген соң, шыдамай мен, Ахметжанов оның сөзін бөліп, аудан әкіміне «Бұл Сіздің ауыл тұрғындары алдында есеп беріп, ауылдың алдағы уақытта әлеуметтік, тұрмыстық, мәдениет, білім, денсаулық мәселелерінде проблемаларға айналған жағдай-ларын жұртпен ақылдасып, пікір алысып, оларды шешу үшін келдіңіз бе әлде менің сотта қаралған жеке ісімді мына жұрт алдында талқылайтын ашық сот мәжілісіне айналдырып, әдейілеп осылай жалғастыруға келдіңіз бе? Ауыл тұрғындарының жиналысын менің жеке мәселемді тергеп тексеретін сот мәжілісіне айналдырғаныңыз қалай?» — деп сұрақ қойып едім, аудан әкімі К. Омаров: «Мен кемшілік жіберіп алдым, Сізден кешірім сұраймын», — деді. Алайда, Б.Бірімқұлов өз сөзін доғармай, одан әрі жалғастырды: «М.Ахметжанов мен туралы қоғамда теріс пікір туғызу үшін «Қазақстан-ZAMAN» газетіне арыз беріп, мені кінәлап мақала жаздырды. Сол газетті оқыдыңыз-дар ма, ол міне мына газет», — деді ол. — Осы ауылға осы газеттің тілшісі Шаяхмет Құсайынұлы келді ме, оның мектеп ұжымымен жиналыс ашып, сөйлескені рас па?» — деп, сот залында отырып, өзі іс бойынша төрағалық етіп отырғандай тергеу амалдарын жүргізе бастады. Залдан «келгені рас, сөйлесті» деген дауыстар естілді. Б.Бірімқұлов тілші Ш.Құсайынұлымен және газеттің бас редакторымен телефон арқылы сөйлескенін, тілші Ш. Құсайынұлының заң жөнінде білімі жоқтығын, сондықтан оның сот мәселесі жөнінде мақала жазуға құқы жоқ екендігін, сондайақ, оның мұғалімдерден түсінік алып, материал жинауға да құқы жоқтығын, сот материалдарын газет бетінде жариялауға болмайтындығын, жарияланған материал бұрмаланған, дұрыс емес екендігін айтып, елдің алдында өзінен-өзі ақтала бастады. «Куәгер В.Мұстапаева деген кім, осында бар ма?» — деді. Осы кез-де залдың арт жағында отырған В.Мұстапаева алдыңғы қатарға келді. Мен оған тағы да: «Сен туралы айтып, сөйлесін десе, сотта айтқан сөзіңді ел алдында қайталап айтып бер», — дедім. Алайда Б. Бірімқұлов В.Мұстапаева елдің көзінше шындықты әшкерелеп айтып қояды деді ма, өзінің үкімде оның сөздерін бұрмалап, өзгертіп жазғандары есіне түсіп жасқанды ма, В. Мұстапаеваның көзінен жалтарып, ол туралы басқа ештеңе айтпай, сөз ағынын басқа жаққа бұрып кетті. Б.Бірімқұлов: «Мельс аға, мен сөйлеп болған соң, Сіз маған қарсы сөйлейтін шығарсыз, мына жұртқа шындықты айтыңыз. «Ит үреді, керуен көшеді»», — деп сөзін аяқтады. Сондағы Б. Бірімқұловтың ауылға келген мақсаты — Қазақстан Республикасы атынан сот актілерін шығарып, өз білгенінше шындықты бұрмалап, ақиқатты белінен басып өзгерткен әрекеттерін ел алдында қорғап қалғысы келіп, мені жиналған жұрт алдында кемсітіп, итке теңеп, менен өшін алу. Ал аудан әкімі К. Омаров болса, сол мақсатын іске асыруда оған себепші болып, кепілдік беріп келген сыңай танытты.Осыдан соң мен сөзімді сот төрағасы Б.Бірімқұловтың «Ит үреді, керуен көшеді» деп айтқан мақалынан бастадым. «Б.Бірімқұлов мырза, сен көпші-ліктің алдында жария түрде мені итке теңедің, бұл әрекетіңмен менің ар-намысыма, ұжданыма нұқсан келтірдің, осы әрекетің үшін де жауап бересің», — дедім (Менен өзінше оның заң талаптарына қайшы шығарған сот актілеріне берген апелляциялық шағымдар, газет бетінде оның заңсыз әрекеттері туралы жарияланған мақала үшін алған өші. Ел алдында жұдырықтаса кетудің орны жоқ, сөзбен тиісіп, менің ар-намысыма тиіп кемсітумен ол тағы да заң талаптарын бұзды. Ондай әрекет Қазақстан Республикасы Қылмыстық Кодексінің 130-бабы талаптарында қарастырылып, қыл-мыстық жауаптылық белгіленген). Мен: «Қазақстан-ZAMAN» газетіндегі мақала әділ де шындықты жазды, дәлелсіз мақала жарияланбайды, менің арызым бойынша газет тілшісі Ш. Құсайынұлы газет тапсырмасымен әдейілеп іссапармен ауылға келіп, мектеп ұжымымен жиналыс өткізді, зерттеу жүргізді, мен келтірген дәлелдемелерге тілшінің көзі жетіп, шындық екеніне сенген соң ғана газет бетінде мақала жарық көрген. Ш.Құсайынұлының шындықты айтып әділ жазатыны әр кез дәлелденіп жүр. Жазғы айларда біздің ауданға келіп, аудан мектептері жайлы жазған сын материалдары дәлелді болған үшін, мектептердің биылғы жылы күрделі жөндеуден өтуіне өзінің ықпалын жасады», — деп айта бастағанымда, аудан әкімі К.Омаров сөзімді бөліп: «Қазақстан-ZAMAN» газеті ылғи біздің ауданды жамандап жазады, әсіресе оның тілшісі Ш. Құсайынұлы осылай етеді, — дей келіп, — дегенмен осы тілшінің сынап жазған материалдарының біздің ауданның бірқатар мектептеріне көмегі тиді. 2010 жылы Бөдеті ауылына 180 орындық орта мектеп салынып, Шошанай қазақ орта мектебі және Ардолайты мектептері күрделі жөндеуден өтетін болды», – деп, газет, оның тілшісі Ш. Құсайынұлы жайлы жағымды пікір айтып өтті. Жиналыстың күн тәртібінен ауытқып, шешілуге тиісті мәселелер жайына қалып, қажетсіз сөздерді айтумен өткеніне және менің жеке мәселемнің бұл жиналыста қаралуына наразы болғандар көп болды. Сол адамдардың тізімі қоса жолданады. Қол қоюшылар: 1. Хамаев Мырғияс 2. Таипова Гульминям 3. Масиов Аркин 4. Жаханова Мукарәм 5. Оразалиева Сабира 6. Мельс Ахметжанов 7. Ботанбеков Амангелді 8. Оспанбай ұлы Жакулин 9. Ақбүркітов Толқын 10. Абдурсулова Гулчехра, т.б. Барлығы 50 адам қол қойған. Редакциядан: Хатты ықшамдап жариялап отырмыз. Аудандық соттың төрағасы Б.Бірімқұловтың бізбен хабарласқаны рас. Бірақ жіберем деген уәжді сөзін редак-циямызға жолдаған жоқ. Қалай болғанда да облыстық сот және құрылған комиссия әділдік айтады деп сенеміз. 

04.02.2010

Дайындаған Шаяхмет Құсайынұлы

Айдар бойынша ең көп оқылатындар

Сот шешімінe наразы атыраулық аналар Астанаға жетті!

 Diğer Başlıklar
Депутат-кәсіпкерге тісі батпаған әкім
Сот шешімінe наразы атыраулық аналар Астанаға жетті!
Қояндыдағы жер дауы тығырыққа тіреліп тұр... Бұған кімдер кінәлі?
Дәл қазір бүкіл әлем Қазақстанға көз тігіп отыр
Бағила Қосанқызы, ана: Ұлымның әділетсіздіктің құрбаны екендігіне сенімдімін
Қазақ қанты неге “ащы”?
Сот шешімін орындауға мәжбүрміз. Бірақ...
Жалған айту арқылы әділдікке қол жеткізу мүмкін бе?
Әкімнің есеп беру жиналысында не айтылды?
М.Тоқсанбаев: А.Қонаев жазаға тартылуы тиіс!

Ең көп оқылытын хабарлар

Адамның соңғы сапары аста-төкпен өлшенбейді
Ұлттық құндылықты дәріптейтін бағдарламаны енгізуге не кедергі?
Алаштың абыройы болған Ата Заңға – 15 жыл
Мәңгүрт Ұлтсызовтардан Құдай сақтасын!
Қазақтың саф алтынының қызығын кім көріп отыр?
Есірткі тасымалы есіріп тұр
Кадр тапшылығы мәселeсін Үкімет дерeу қарастыруы кeрeк
Ресей мен Беларусь мысық пен тышқан ойнасын, ал біз ше?
Қадір түнін қалай қарсы аламыз?
Бушер АЭС-і іске қосылды