Қадірлі Нұрсұлтан аға! Күні-түні ұйықтамай, еліміздің жарқын болашағы үшін зор еңбек етудесіз. Атқарған, тындырған сан салалы толағай істеріңіздің ішінде Астана қаласын дүниеге әкелгеніңіз, сондай-ақ әлемдегі ең үлкен атом аждаһасы — Семей полигонын жабуыңыз бүкіл дүние жүзі жұртшылығының назарын аударды десек қателеспейміз. Бұл екі ұлы мәселені ерекшелеп айтып отырған себебіміз, табиғат — анамызды қорғаймыз деп алпауыттар мен соттан әділетсіздік көргенімізді Сізге жеткізу еді. «Жабайы туризмнің құрбаны болған Көлсай» деген мақаламызда Көлсай көлдері қорығын «Жібек жолы» деген компанияның ластағаны, ондағы ағаштарды кескені, сондай-ақ олардың жергілікті тұрғындарға қысастық жасап, жайылымды тарылтқанын және басқа да келеңсіздіктер, заңсыздықтар жайында жазған болатынбыз. Сіздің Астана қаласының іргесінен бастап, бүкіл қазақ жерін орманға айналдыру жайындағы ұлы ұсынысыңызға «Жібек жолы» компания-сы кереғар тірлік жасап, жас ағаштарды қиюы нағыз зұлымдық деп білеміз. Тағы да бір көңіл аударатын нәрсе — компания өкілдерінің осы кемшіліктері үшін «Жібек жолын» кінәлаудың орнына бізді кінәлі деп тапты. Компаниядан кешірім сұрауды және айыппұл төлейтін етіп сот шешім шығарып берді. Қазір компания күн сайын дікеңдеп, сот шешімін орындауға мәжбүрлеп отыр. Біз бұл әділетсіздікті мойындамаймыз. Әділеттікке жетуімізге Сізден көмек сұраймыз. Біз осы жариялаған мақаланың шындығына тағы да көз жеткізу үшін Көлсайға барып, журналистік зерттеу де жүргіздік. Сот процесі басталмай тұрып, ақ-қарасын анықтаған бірнеше мақала да жарияладық. Ол мақалалардың қысқаша мазмұны мынандай еді. Аздап түсініктеме берейік. (Бұл мақалаларды түгелдей судья Ишпекбаеваға тапсырғанбыз). Біз-дің кінәсіз екендігімізді біле тұрып, судья дұрыс шешім қабылдамай, «Жібек жолы» компаниясының мүддесіне қарай шешіп берді. Сот шешімі шыққалы да бір жылдай уақыт өтті. Осы бір жылдың ішінде «Жібек жолы» біздің редакцияға қысым көрсетіп, жұмыс істетпей отыр. Тіпті, бізге «былай жазыңдар», — деп, кешірім сұраудың үлгісіне дейін жазып әкеліпті. Сол үлгіні де қаз-қалпында төменде беріп отырмыз. Біз Көлсай көлдеріне барып, жиналыс та аштық. Сол жиналыста «Жібек жолы» компаниясының келеңсіз жағдайлары жайлы көп адам сөйледі. Олар: Қыдырбаев Асхат — орман шебері, Матанов Әділхан — Экологиялық ағарту және туристік бөлімінің бастығы, Жұмаділов Әкітай — ақсақалдар алқасының төрағасы, Ысқақов Серғазы — директордың ғылым жөніндегі орынбасары, Сұлтанғазиев Баянбай — ақсақал, ауыл тұрғыны, Дүйсенқожаев Жексенбай — «Көлсай көлдері» МҰТП ММ ғылым және мониторинг бөлімінің бастығы, Батанов Әділхан — экологиялық ағарту және туризм бөлімінің бастығы, Мықитанов Жамбыл — «Көлсай көлдері» МҰТП ММ директоры, Ибрайымов Әлібек — Саты селолық округінің әкімі. Бұдан да басқа ашына сөйлегендер өте көп болды. «Жібек жолынан» көрген қысымдарын, мал жайылымдарының тарылғанын, табиғатты ластағанын айтты. ҚР «Жер туралы» кодексінің 122-бабының 2-тармағында: «Қазақстандағы мемлекеттік қорық тек қана мемлекеттік болып саналады. Оны жекешелендіруге жатпайды», — деп жазылғанмен, оны тыңдап жатқан құлақ жоқ. Райымбек ауданының бұрынғы әкімі Б.Баймұханов 1999 жылдың 2 қаңтарындағы №1-44 шешімімен заңды белден басып, «Жібек жолы» ЖШС туристік компаниясына Ұзынбұлақтан — 0,01 га, Жалаңаштан — 0,45 га, Көлсайдан және Шоғансайдан 0,061 га жерлерді туристік құрылыс нысандарын салу үшін және 38,39 га жайылымдық жер жекеменшігіне сатып беріл-сін» деп шешім шығарып беріпті. Бірақ «Жібек жолы» бұл жерлерді азсынып, осы шешімді пайдаланып, 10,3 га жер қарағайды отап, оның бел ортасынан, көлдің жағалауынан ойып тұрып, Клара Қасымқызы Дүйсенғалиеваға, яғни «Жібек жолы» туристік компаниясына жекеменшік құқығына беріп жібереді. Оның үстіне олар қарағайларын отап, автотұрақ, монша, бұдан да басқа көптеген қора-қопсы салып, мемлекеттік қорыққа зор зиян тигізді. Қаншама күл-қоқыстарын суретке түсіріп, көптеген сын мақалалар жаздық. Көлсай көлін «Жібек жолы» туристік компаниясы әбден пайдаланып, бұрынғы өкіметтің қаржысына салынған көптеген коттедждерін адам тұрғысыз етіп тоздырған. Жолдары да кезінде өрт сөн-діргішке арналып жасалған жалғыз машина жүретін соқпақ. Жол-жөнекей автокөлік қырдан тайып кетсе, шың басынан сай табанына бір-ақ аунап түсетініне сеніміміз мол. Осындай Жер-анамызды, табиғатымызды қорғағанымыз үшін олар бізді талай рет сотқа сүйреді. Бізді кінәлі етті. Біздің Бас редакторымыз да талай рет хат жолдады, бірақ оған «Жібек жолы» компаниясы құлақ асар емес, ол хатты да осы мақалада бірге жариялап отырмыз. Осы әділетсіздікке тек сіздер ғана қолдау көрсетеді деп сенім білдіреміз. «Жібек жолы» ЖШС-нің директоры К. К. Дүйсенғалиеваға Құрметті Клара Қасымқызы! Біз сіздің «жоққа шығару» деген мәлімдемеңізбен келіспейтінімізді хабардар етеміз. Біріншіден, «біз кінәліміз» деп екі ауыз сөз жазғанды өзіміз де білеміз. Екіншіден, біз сот шешіміне келіспейміз. Осы себеппен қазіргі күні сот жүйесіне 23 маусым 2009 жылғы Алмалы аудандық сотының шешімінің күшін жойып, істі қайта қарау туралы шағым жаздық. Оның үстіне, Алматы облысы, Райымбек аудандық сотында сіздің «Жібек жолы» серіктестігіңіз бен «Көлсай көлдері» мемлекеттік мекемесі арасындағы жер дауы қаралып жатыр. Осы даулы істі дайындау барысында бізге анықталғаны, сол «Көлсай көлдерінің» аумағынан заң талабына қайшы, Дүйсенғалиев Тимур Талашұлы 10,3 гектар жер телімін заңдастырып алған. Ол жердегі салынған ғимараттардың бәрі осы кісінің атында. Менің пайымдауымша, заң талабына сай, Райымбек аудандық соты бұл жер телімін заңсыз деп табуы мүмкін. Сонда сіздің ғимараттарыңыздың бәрі бұзылуға жатады. Бұл жерде анықталған бір мәселе, «Жібек жолы» ЖШС «Көлсай көлдері» мемлекеттік ұлттық табиғи паркі аумағында өз кәсіпкерлік жұмысын жасау үшін мемлекеттік органнан рұқсат алмаған. Ондай рұқсатты Дүйсенғалиев Тимур Талашұлы да алмаған. «Жібек жолы» ЖШС — заңды тұлға. Дүйсенғалиев Тимур Талашұлы — жеке тұлға. Бұл екеуінің арасында заң жүзімен тағайындалған байланыс жоқ. Екеуінің заң жүзімен тағайындалған құқықтары бөлек-бөлек қаралуға тиісті. Бірінің іс-әрекетіне екіншісі жауап бермейді. Бұл жерде туысқандық қатынас екі арадағы қатынасқа өз септігін тигізбейді. Қысқаша айтқанда, «Жібек жолы» ЖШС-нің «Көлсай көлдері» мемлекеттік ұлттық табиғи паркі аумағында өз кәсіпкерлік жұмысын жасауға рұқсаты жоқ. Олар ол жерге бөтен, үшінші адам болып есептеледі. Осы себепті сіздердің «Көлсай көлдері» МҰТП маңайында болып жатқан дауға қатысуға құқықтарыңыз жоқ. Бірақ, 1999 жылдан бері заңсыз пайдаланып, осы күнге дейін «Көлсай көлдеріне» келтірген шығындарыңыз үшін жауап беруге тиіссіздер. Біз сіздердің «Жоққа шығаруларыңызды» газетке жариялап отырмыз. Егер сіздер дау туып отырған мақаланы түбегейлі теріске шығарамын десеңіз, өз атыңыздан сот көрсеткен тәртіппен (шешімі көрсетілмеген) және сот анықтаған мөлшерде (сөйлемдер аталмаған) мақала жазып әкелсеңіз, оны бір әрпін қисайтпай газетке басуға уәде береміз. «Қазақстан-Zaman» газетінің Бас редакторы Е. Айғалиұлы Адвокат Ө.Әбдиев
Табиғатты қорғау прокуроры О. Қожахметовке Райымбек ауданының прокуроры А. Пашаевқа Алматы қаласы, «Мамыр-7» шағын ауданы, 10 үй, 12 пәтер қорғаушы Ә. Әбдиевке Сіздердің қарауыңызға, «Көлсай көлдері» Мемлекеттік ұлттық табиғи паркінің шегарасында бірнеше жеке тұлғалар мен шаруа қожалықтар жер учаскелерін заңсыз алып, пайдала-нып отырғандығы туралы, ҚР Бас прокуратурасынан түскен, қорғаушы Ә.Әбдиевтің өтінішін жолдаймыз. Өтініште келтірілген уәждерді жан-жақты толық тексеріп, заң бұзушылықтар анықталған жағдайда, тез арада прокурорлық шара қолдану қажет. Нәтижесінде заңда белгіленген уақытында арыз иесіне хабарлаңыз. Үшінші мекенжайға мәлімет ретінде. Тіркеме: өтініш 6 бетте. Облыс прокурорының орынбасары Н. Құлтаев