Соңғы кездері жастардың интернет арқылы танысып, олардың арасынан өздерінің өмірлік серіктерін кездестіріп жатқандарын естіп, көріп жүрміз. Қазір бойдақтардың ғаламтор желісі арқылы некеге тұруына да болады. Яғни, бұл күйеу жігіт пен қалыңдыққа жасалып отырған тамаша мүмкіндік. Қызылордалық Серік есімді жігіт электронды байланыс арқылы некеге отыруға өтініш берген. Ол жігіт www.egov.kz сайтының «некені тіркеу» жаңа қызметі шалғай ауылда тұратын ағайындар үшін өте қолайлы әдіс, — дейді. Серік пен Әйгерім интернет арқылы өтініш білдірген облыс бойынша 100-ші жұп. Енді бірер күнде олар-дың өтініштері қанағаттандырылады. Жалпы, бұл еліміздегі азаматтық хал актілерін тіркеу қызметіндегі ғана емес, электрондық үкіметтегі де тың жаңалық болып отыр.
Қазақстан халқы интернет арқылы некеге тұруға өтініш беруге енді қол жеткізсе, дамыған шет елдерде бұл тәсіл бірнеше жылдан бері жүзеге асырылып келеді. Мамандардың ойынша, онлайн тәсілімен құжат рәсімдеу қазіргі қарбалас заманда уақыт үнемдеудің ең бір тиімді тәсілі болмақ.