Баршамыз үндінің махаббат пен сұлулыққа, ержүректік пен мейірімге толы фильмдерін тамашалап бойжеттік, ержеттік. Біріміз Метхунға еліктесек, келесіміз Шах Рукх Ханға ғашық болып, үшіншіміз Айшварияның сұлулығына тәнті болдық және сол киноларды көруден ешқашан жалыққан емеспіз.