Жерлесіміз, жазушы, өлкетанушы Отыншы Көшбайұлы айтқандай, «Маңғыстау – сонау ықылым замандардан бері өткен-кеткенді өзінің қайталанбас көріністерімен, көрерге көз керек тарихи ескерткіштерімен таң қалдырып, табындырып келген өлке. Тарихын тасқа жазған ата-бабаларымыздың кейінгі ұрпақтарына қалдырған аманаты да осы ескерткіштер. Әрбір күмбез бен сағана тамдарға, қойтастар мен құлпытастарға үңіле білсек, айтар сыры да, әлі беймәлім, ашыла қоймаған құпиясы да мол».