Ekim 05, 2011
Отбасы

Жан қалауым жарып шығып, өнерге оралдым
Інжу Әнуарбекқызы

Қазақ эстрадасының көшіне соңғы уақыттарда  қосылған,  сазды әуенімен, сүйкімді келбетімен, қазақ қызына тән биязылығымен көрермен көзайымына айналған жас әнші Інжу Әнуарбекқызымен сұхбаттасудың сәті түскен еді.   


Etkileşim Kutusu
Video Foto Ses
Yazıcıya Gönder Arkadaşına Gönder
Yorum yaz
Yorum Oku

Сізді ең алғаш рет баспасөз бетінен «Мейрамбек тапқан Інжу» деген материалды оқу барысында  таныған  едік. «Бәлкім Мейрамбектің шәкірті ма?» деген  оқырман тарапынан ойлар туындады.  Жалпы,  Мейрамбек аға  сізді қалай тапты? 

— Ол мүмкін қызық болсын деп тартты ма, бұл журналистердің келтіріп жазғаны ғой. Негізінен, Мейрамбек аға мені немесе мен ол кісіні іздеп жүріп тапқан жоқпыз.  Бірде таныс әнші қыздардан  «МузАРТ» студиясында кастинг  өтіп жатқанын  естідім.  Қыздар да маған:  «Сен де барып өнеріңді көрсетсеңші», — деп ұсыныс айтып, қолқа салды. Сонымен, мен баруға келістім. Құдайға шүкір, бүгінде өзімнің продюсерім Дінмұхаммед Серікұлы және Арман Бексұлтан атты ағаларым өнерімді бағалап,  қолдау көрсететін  болып шешті. Біз «МузАРТ» студиясына қарасты болғандықтан,  Мейрамбек аға көп көмектесті. Біз дегеніміз, Мейрамбек аға жас талаптыларды іздеп,  «Жебе», «Асыл» және «Тарту» деп аталатын  үш күйші жігіттен тұратын топтар құрды, сондай-ақ,  Райымбек деген жас әнші және мен  — бәріміз бір ортадамыз. Мей-рамбек ағаның «Өнеге» деп аталатын  үлкен жо-басы бар. Сол жобаның құрамында біз басынан бар болатынбыз. Сондықтан да Мейрамбек аға әрқашан біздің өнердегі ақылшымыз, кеңесшіміз. Ол кісі  менің тікелей продюсерім емес, бірақ қазақ өнерін бағалайтын, талатты  жастарға  жол көрсетіп, жөн сілтейтін жанашыр ағамыз.  Сондай-ақ, А.Керімбекова, А.Жорабаева, Г.Қаспақова сынды алдыңғы буын өкілдерінің қайсыбірінен де  ақыл-кеңес сұрап отырамыз. 

Өнер сахнасында соңғы уақыттарда ғана таныла бастадыңыз. Бұрын-соңды қайда болдыңыз?

— Кішкентайымнан өнер жолына  түсемін деп қатты армандасам да, жолым болмай басқа салаға еріксіз кеткен кездерім де болды. Сөйтіп, Астанадағы Гумилев атындағы университеттің модельер-дизайнер мамандығын тәмамдадым. Бірақ бұл сала бойынша жұмыс істемедім, тек өзім үшін біраз дүние үйреніп шықтым. Көйлектерім, сахналық киімдерім болсын, бастапқы идея өзімдікі, содан кейін стилистер мен дизайнер-лер өздері толықтырады. Өзге мамандық иесі атансам да, өнерге деген жүрек қалауым бір сәт те толастамады. Ақыры жан қалауым жарып шығып, өнер жолына оралдым.   

Жалпы, репертуарыңызда қанша ән бар? Соңғы уақыттағы өнердегі жаңа-лықтарыңызбен бөліссеңіз.

— Соңғы 4 жылда репертуарымда жиналған 20 ән бар. Құдай қаласа, жақын күндерде бейнетаспам мен үнтаспам шықпақ. Негізі репертуарым жан-жақты, әр бағыттағы әндерді қамтиды. Ал өнердегі соңғы жаңалықтарыма тоқталсам,  осы уақытқа дейін мен жәй ән айтып келдім.  Енді сәл би қоссам ба деймін, өйткені би мектебін тәмамдаған едім енді сол өнерімді жандандырсам деген ой бар. Қазір қасыма қыздар алып, солармен бірігіп дайындық жасап жатырмын. Бүгінгі таңда 2 бейнебаяным бар, үшіншісін түсіруге  бишілермен, стилистермен үлкен  дайындық   жұмысы    жүріп   жатыр.  Сондай-ақ, «Сендей адам» атты өлеңім  басшылық, жетекшіме ұнап, сазгер А.Бексұлтан әуенін жазып шықты. 

Інжу, бүгінгі таңда өнерде талантпен қоса табыстың да қажет екені рас. Сіз қаржылық мәселені қалай реттейсіз?   

— Менің продюсерім — қазақтың сахнасына, қазақ эстрдасына жанашыр адам Дінмұхаммед Серікұлы. Сол кісі қаржылық жағынан да, басқа жағынан бәріне жауап береді. Біз тек ғана шығармашылық жағына назар аударамыз. Осы орайда, ол кісіге айтар алғысым шексіз. Өйткені, ағамыз көптеген жастарды танытып, өнерін шыңдап,  халық үшін, мәдениетіміз үшін  өте көп еңбек жасап жатыр. Бізде шоу бизнес жоқ, керісінше, табыс көзі  той бизнестен көбірек болады. Сол табысты продюсеріміз әркімнің еңбегіне қарай  бөліседі және басқа да қажеттілікке  жұмсайды. 

Бүгінде сіз «Қазақстан» ұлттық арнасындағы таңертеңгілік бағдарламаның бір айдарын жүргізіп отырсыз. Жалпы, сіздердің ойларыңызша, журналистика әркім орта жолда іліп әкететін, тек әдемі  үн мен сұлулықты ғана қажет ететін сала ма? 

Сауалыңыз өте орынды. Өзімді журналистика саласынан байқап көріп жүргенім рас. Жүргізушілікті қатар алып жүрген әрбір әншілердің өзінің мақсаты бар. Біріншісі атақ-даңқты арқау етсе, екіншісі — әншейін те-ледидардан  түскісі келмейтіндер. Ал үшіншілер — қазақ телевизиясына шын жаны күйетіндер. Мен өзімді үшінші топқа жатқызамын. Өйткені, мен асып кеткен журналист емеспін, тілім де  керемет бай деп айта алмаймын. Тек бір ерекшелігім  — кез келген адамнан сәл көбірек кітап оқимын. Менің мақсатым — халқыма сәл де болса үлесімді қосу,  білгенімді насихаттау. «Қазақстан —2030» бағдарламасында халқымыздың денсаулығы мықты, салауатты өмір салтын өмірлік мұратына айналдыру, сапалы жан  болу, денсаулыққа көп көңіл аудару туралы бәрі ашық айтылған. Алайда  қазіргі жастар да алкоголь ішіп, темекі шегіп кетіп жатыр. Неге сол жастарымыздың түзелуіне өзімнің сәл де болса үлесімді қоспасқа? Бағдарлама аясындағы 3-4 минутқа созылған айдар аясында спорт — қашанда денсаулық кепілі, спорт — рух пен күш, спорт — ел намысы  екенін халқыма  таныту.  Бұл айдарды өзге де арналардағы спорт жаттығуларынан  сәл өзгеше етіп жасадым. Себебі, көрсетіліп жатқан қайсыбір жаттығулардың бәрі орыс тілінде жүргізіледі.   

Қай өңірдің тумасысыз және жеке өміріңіз туралы айта отырсаңыз. 

—  Менің туған жерім — 2000 жылдық тарихы бар Ұлы Жібек жолындағы Тараз қаласы. Киелі жерлері көп Тараз қаласында 8 сыныпқа дейін балалық бал дәуренім өтті. Кейіннен ата-анаммен бірге өзге қалаға қоныс аударсақ та, өзімді Тараз өңірінің тумасы деп есептеймін. Себебі, қанатыма қанат бітірген сол өңірдің  табиғаты деп толық айтуға негіз бар. Ата-анамның  тұңғыш перзентімін, қарапайым отбасында туып өстім. Әлі тұрмыс құрмадым.  Ішкі жан-дүниемнен өнерімді және өзімді бағалайтын жақсы жігіт мынау деген жүрек қалауым туындағанда өмірлік жарымды таңдаймын. Сол бір адамның жолығатынын сеземін. Адамның  пешенесіне жазылғаны болады дейді ғой. Дегенмен, өзімнің қалауым болашақ жарым  иманды  қазақ азаматы, қарапайым, оқыған көзі ашық жігіт болса деймін. 

Сіздің ойыңызша, бүгінде  әншілердің көбеюі қазақ өнеріне  рухтың күшеюі ме  әлде атақ-даңққа құштарлық па?

— Негізінен, әншілердің көбеюі өте жақсы нәрсе. Себебі, бәсеке пайда болады. Ал  бәсеке болған жерде сапа болары хақ. Екіншіден, жастарымыз нашақорлық пен  маскүнемдікті серік еткенше,  өнер жолын таңдасын! 

Рас,  бүгінгі таңда қайталама сөздерге,  жеңіл әуенді әндерге құштар әншілер қатары көбейді. Дегенмен, олардың да  өзінің тыңдарманы бар. Сөздері жеңілтек әндерді орындайтын әншілер көбейіп кетті деп оларды  кінәлауға тағы да болмас. Себебі, әннің сөзін ақын жазады, әуенін сазгер шығарады емес пе. Ал дүниені сахнаға алып шығатын әнші болғандықтан, оның  мойнында көп нәрсе бар. Сондай-ақ, халықтың сұранысы болмаса, ондай әндер тумас та еді.  Әрине, заманауи  әндерді шығарсақ та, қазағымыздың иісі шығып тұрса, нұр үстіне нұр болмақ.  

Дінге көзқарасыңыз қандай?

— Әр адамның рухани жан-дүниесі болады ғой, мен де сол рухани дүниеме көңіл бөлемін.  Ислам дініндегі адам баласына жүктелген парыздарды барынша орындауға тырысамын, дегенмен өнер саласында жүргендіктен, аздап қиын тиіп жүр. Бірақ ислам музыкаға қарсы емес екенін білемін. Егер музыка адамның делебесін қоздырып, нәпсісін қозғар немесе бас ауыртатындай даңғаза музыка болса, онда басқа әңгіме. Ал керісінше адам миын тыныштандырып, жақсы ой салып, ата-ананы сүюге, баланы тәрбиелеуге байланысты жақсы пікір қалыптастырып, ой салатын жақсы әндер болса, оны  халыққа неге жеткізбеске? 

Әңгімеңізге рақмет! 

 

29.09.2011

Сұхбаттасқан Кәмшат Айдарханова

Айдар бойынша ең көп оқылатындар

Екпе ем бе, әлде дерт пе?

 Diğer Başlıklar
350 мың кәрі қыз тағдыры мемлекетімізді де қатты алаңдатуы тиіс
ҚЫЗЫЛ ФУРИЯ
Екпе ем бе, әлде дерт пе?
Бүйрeккe тас жиналса нe істeу керек?
67 терезелік қабылдау қызметі сіздің құзырыңызда
Екі рет ажалдан қалған ардагер
Шеркез және аз жапырақты шеркез
Алланы алдай алмаймыз!
Заң бөтелке мен темекіні ығыстыруға неге қауқарсыз?
Махаббатты жетектеген ессіздік жайлы ертегі
Нәрестенің құйымшағындағы дақ періштенің шапалағы ма?
Бас қосып, бала сүйгендер көбейе берсін!

Ең көп оқылытын хабарлар

“Қазақтың нанын жеп, ауасын жұтып отырып, оның тілін менсінбеушілер елдеріне кетсін!”
350 мың кәрі қыз тағдыры мемлекетімізді де қатты алаңдатуы тиіс
Орал өңірі газдандырудан алда
Иә, шынында да, Алланы алдай алмаймыз
Экономикалық кеңістік кіріптарлыққа түсірмей ме?
«Мемлекеттік тіл — менің тілім»
«Менің неге депутат болғым келеді?»
Жан қалауым жарып шығып, өнерге оралдым
Қандай зайырлылықты ұстанатын болдық?
Инвестиция құюға қолайлы өңір



Copyright© KAZAKİSTAN ZAMAN
www.kazakzaman.kz