Ekim 28, 2014
 
 
 
 
 
 

Кедендік одақ алкоголь саясатын өршітіп отыр

Кедендік одаққа кіргелі бері елімізде алкогольді тұтыну мөлшері күрт артып кетіпті. 2011 жылға дейін алкогольді ішімдіктерді тұтыну жылына 3 пайызға кеміп отырса, 2011 жылдан бастап керісінше көбейген.

 

 Осы жоғарыдағы статистиканың, яғни алкогольді тұтынудың күрт артуын мамандар Кедендік одақтағы акциздің ең төменгі бағасын Қазақстан қойғандығымен түсіндіреді. Ресей мен Беларустан екі есе төмен баға. Қалай болғанда да Ресейден бізге қарай алкогольді тауарлардың тасқынына тосқауыл қоюдың орнына, керісінше жолын ашып беріпті. Мұның сырын да айта кетейін, Ресей соңғы уақыттары алкогольге қарсы қызу науқан жүргізуіне байланысты, алкогольді бизнес біраз болса да саябырсып қалған екен. Ал Ресейдің республикалық бюджетінің біраз бөлігін алкогольді бизнес құрап отырғанын ескерсек, алкогольді бизнесінің құлдырауына мүдделі емес. Сондықтан алкогольді бизнесін Қазақстанның есебінен дамытуды қолға алыпты. Бір жағынан бизнесін дамытса, бюджетін толтырса, екінші жағынан Қазақстанның өзіне тәуелділігін одан сайын күшейте түседі. Осылайша Ресей «бір оқпен екі қоянды атып» отыр.

Ресей алкогольді бизнес ал-пауыттарының Қазақстанға ықпа-лынан болар, қазір ауыр алкогольді ішімдіктердің орнына сыра, шампан сияқты жеңіл алкогольді ішімдіктерді кеңінен насихаттап жатыр. Алкогольсіз сыраның жарнамасы сияқты. Нәтижесінде халқымыз ауыр алкогольді ішімдікпен қатар, жеңілін тұтынуды көбейткен екен. Бұған ресми органдар халықтың ауыр алкогольден гөрі жеңіл түріне өтіп жатқанын айтып, көңілді орнына түсіргісі келеді. Ал бұл жағдайға шын мәнінде керісінше жылау керек. Бұл — түбі халықты геноцидке апаратын қауіпті жол. Себебі адамды алкогольге тәуелді ететін, алкоголизмді жедел дамытушы жеңіл алкогольді ішімдіктер екенін әлем медицинасы дәлелдеген. Оған қоса соңғы екі жылда елімізде алкоголь тұтынудан әйелдер еркектерді басып озғандығы жөнінде ақпарат кеңінен тарады. Жеңіл алкогольді көбінесе тұтынушы әйелдер екенін ескерсек, осы арқылы жеңіл алкогольдің әйелдерді тез алкоголизмге ұшыратып жатқанын байқауға болады.

Жалпы, алкогольдің зияны туралы айтып жатудың өзі артық. Ғалымдар алкогольдің адам санасын тереңінен улайтын наркотиктен де қауіпті екендігін дәлелдеген. Себебі санадан тыс әсер етуінде екен. Сондай-ақ, құрамында адам ағзасына өте қауіпті этил спирті бар. Бұрынғы кездері медицинада кейбір сәттерде наркоздың орнына спирт қолданылыпты. Бірақ бұның наркоздан да қауіпті зияны анықталып, орнына тек қана наркоз қолданылатын болған екен. Сонда алкогольдің наркотиктен де қауіпті екенін біле тұра қалай пайдаланып жүргенімізді көз алдымызға елестету қиын. Ғалымдар наркотиктің ішіндегі уы деген баға берген екен. Оның бір мысалы ретінде алкогольмен денесі уланған адамнан туылған балалардың мүгедек болып туылуында. Себебі адамның геніне алкоголь радиацияның деңгейінде әсер етеді екен. Алкогольдің биологиялық зияндылығынан да бұрын адамның ақыл санасын біртіндеп жойып жіберетіндігі қауіпті. Ал алкогольдің зияндылығын ғылыми тұрғыдан ғана емес, қарапайым мысалдармен де айтуға болады. Мысалға, соңғы жылдары қылмыстардың көбейіп кеткенін Ішкі істері министрі Қ.Қалмұғамбетов Мәжілісте ресми мәлімдеді. Жол апаттарының көбеюі, түрлі ауру сырқаулардың көбеюі т.б. мысал бола алады. Себебі осы келеңсіздіктердің барлығының артында алкоголь жасырынып жатқаны шындық.

Кейде бізді еуропалықтармен салыстырып, солардан мысалдар келтіріп жатады. Мыңдаған жылдардан бері ішімдік ішіп келе жатқан еуропалықтар жойылып жатқан жоқ қой дегендей. Еуропалықтардың ағзасында алкогольге қарсы иммунитеті бар, яғни алкогольге қарсы алкогольгидрогиназа деген фермент бөліп шығарады екен. Ал біздің қазақтардың ағзасында алкогольге қарсы мұндай алкогольгидрогиназа деген фермент мүлдем бөліп шығармайды екен. Бұл барлық көшпенді халықтарға тән қасиет екендігі медицина ғылымында дәлелденген.

Көшпенді болған туысқан сібір халықтарының алкогольдің кесірінен жойылып бара жатқандығын көзбен көріп тұрсақ та селк етпейтініміз таңдандырады. Кеңес Одағы тұсында қазақтардың алкогольге тәуелділігі шарықтау шегіне жетіп, ұлт ретінде азып, тозып кетуге сәл қалған едік. Бұл — тарих. Сондықтан болар, халық арасында әзіл де болса зілі бар «орыстар бізге ішімдік ішуді үйретті, бірақ ішу мөлшерін үйретпей кетіпті» дейді. Тарих қайталанып отыратынын ескерген жөн. Ресей тарих бойы алкогольге тәуелділік арқылы көптеген ұлттардың түбіне жетті. Бұл саясатын Ресей әлі де жалғастырып келе жатқандығын ашып айтқанымыз дұрыс.

Біз қылмыстарға, барлық жаман-шылықтарға себепші нөмірі бірінші нағыз қылмыскер — алкогольмен күреспейтініміз өкінішті. Алдымен алкогольді тұтыну жасын жоғарылатса, мысалға, адамның ағзасы 21-22 жасқа дейін даму үстінде болады десек, осы жасқа дейін алкогольді тұтынуға, яғни сатуға тыйым салса. Алкогольді ішімдік ішіп кез келген құқық бұзушылық, қылмыс жасаса, оны тек айыппұлмен ғана емес, жұмыс орнына хабар жіберіп, сол жерде де түрлі жолдармен жазаласа. Жұмыс орны арқылы жазалау алкогольді ішімдіктерді жөн-жосықсыз ішуді бірден тыяды. 20 градустан жоғары алкогольді ішімдіктерді өндіруге, сатуға тыйым салу керек. Бұл әлемдік тәжірибеде бар. Көптеген дамыған елдер осылай тыйым салған. Тіпті алколгольді ең көп тұтынады деген Ресейдің өзі соңғы екі жылды жаңа жыл кезінде Мәскеуде алкогольді ішімдіктер сатуға тыйым салып келеді. Бұдан бөлек түрлі шектеулерді көбейтіп жатыр. Соған қарамастан осынау шектеулерге бас көтеріп жатқан ешкім жоқ. Табиғат ресурстары азайып, халық көбейіп, жер тарылып жатқан заманда, қазақтың байлыққа толы ұлан байтақ жерін соғыссыз жаулап алуға бел буып отырған сыртқы күштерге, алкоголизмге қазір күреспесек, ертең тым кеш болары анық. Себебі ертең күресті кеш бастар болсақ, саны көбейген алкогольге тәуелді азаматтарымыз бізге бой бермей кетеді.

 
Yorum yaz / share.thought
Қамшыбасар  Diğer Başlıklar
Бюджеттің жыртығын арақпен жамау — масқаралық!
Ағайын-ау, атаңның асы қымыз емес пе еді!?
Қыз тәрбиесі — халқымыздың шырайы, ұлтымыздың ұяты десек те, біз оған неге мән бермейміз?
Жазушылар қазақ газеттерін неге оқымайды?
Халық қазынасын үптегендер — Отанын сатқандар ең ауыр жазаға тартылуы тиіс!
Парақорлыққа «команда дертіне» шалдыққандар барады
«ЭКСПО – 2017» және ұлттық мүдде
Асыл дініміздің атын жамылған қаскөйлер
Рушылдық та, жүзшілдік те — қасіретті дерт
9 миллион салымшының тағдыры безбенге түсіп тұр
Ажал деген – атқан оқ, бір Алланың қақпаны
-----
Түріктен бауыр тапқаныма шүкіршілік етемін
«ТЕМІР ТҰЛПАРЛАР» САТЫЛАТЫН ОРТАЛЫҚ
Ішкі саясат ішіндегі «ілік» саясат немесе БАҚ-ты белден басқан басқарма
Бізді сыйламаған өзге этностарға ренжиміз бе, әлде...
Жалақыға зар болып, опық жегендер
«Құдыққа құлаған» құландық тәртіп сақшылары
Бюджеттің жыртығын арақпен жамау — масқаралық!
Рухы мықты елдің еңсесі биік
Сақ болыңыздар: телефонда «Алаяқ»
Кедендік одақ алкоголь саясатын өршітіп отыр
Қоғамдық көлік қызметінде ана тіліміз ақсап тұр
НАМЫСТЫ ҚОЛДАН БЕРМЕЙТІН ХАЛЫҚ ЕДІК
Қамшыбасар