Құрбандық шалу кімдерге уәжіп?
Төмендегідей төрт шартқа ие жандар-ға құрбан шалу уәжіп:
1. Мұсылман болуы; 2. Ақылды және балиғат жасына толуы; 3. Құрбан айт уа-қытында жолаушы болмауы; 4. Негізгі қажеттерден тыс нисап мөлшеріндегі қар-жыға ие болуы.
Нисап мөлшері – 85 грамм алтын яки соның құнына тең келетін ақша. Зекет ғибадаты сияқты құрбанның уәжіп болуы үшін нисап мөлшеріне жеткен малға бір жыл толу шарт емес. Құрбан шалған уақытта міндетті түрде ниет ету керек. Өйткені, малды ғибадат үшін соятыны секілді, тек қана еті үшін де союға болады. Мұндай байлық мөлшері қолында жоқ адамдарға құрбандық шалу міндет болмағанмен, жағдайы келсе құрбандық шалуына рұқсат. (М.Исаұлы, Қ.Жолдыбайұлы, Ислам ғы-лымхалы, “Нұр-Мүбәрәк” баспасы, Ал-маты, 2008, 397-б.)
Құрбандық шалудың пайдалары мен хикметтері
а) Алла тағаланың әмірлерін қалтқысыз орындау пендені Жаратушының ризашы-лығына бөлеп, ақыретте сый-сияпатқа кенелтеді. Құрбан шалу да – Алла таға-ланың арнайы бұйрығы. Сол себепті бұл бұйрықты шын ықыласпен атқарушы Раббысының ризашылығын алып, ақырет-те жүзі жарқын болады, мол сауап иеленеді. Пайғамбарымыз хадисінде бұл ақиқатты былай деп түсіндіреді: “Адам баласы құрбан айт күні (құрбан шалып) қан ағызудан да сүйікті басқа іспен Алла тағалаға жақындаған емес. Қаны ағызылған мал қиямет күні мүйіздері, тұяқтары және жүндерімен келеді. Ағызылған қан жерге тамбай жатып, Алла тағаланың құзырында үлкен мақамға жетеді. Сондықтан құр-бандарыңды көңіл ризашылығымен ша-лыңдар”. Пайғамбарымыз (с.ғ.с.) басқа хадистерінде Алла ризашылығы үшін ша-лынған құрбанның әрбір қылшығы үшін сауап бар екенін былай деп сүйіншілеген: “Сахабалар Расулымызға (с.ғ.с.):
– Уа, Алланың Елшісі, құрбандық деген не? – деп сұрақ қойды.
– Құрбандық – сендердің Ибраһим (а.с.) бабаларыңның сүннеті, – деді.
– Одан бізге қандай сауап бар?
– Әрбір тал қылшығы үшін сауап аласыңдар.
– Қойдың жүнінен ше?
– Қойдың жүнінің әрбір тал қылшығына да сауап жазылады”.
Алла разылығы үшін риясыз көңілмен сойылған құрбандық мал ақыретте қыл-дай жіңішке, қылыштай өткір Қыл-көпірден өтерде иесіне көп көмектеседі. Пайғамбарымыз бұл жайында өз хадисінде былай дейді: “Құрбандыққа малдың ең жақсысын, көзге жұғымдысын таңдаңдар, өйткені ол – Қылкөпірден өтердегі өз көліктерің”.
Шындығында, Алла тағала біздің шал-ған құрбандарымыздың ағызылған қанына немесе етіне мұқтаж емес. Біздің шалған құрбандарымыздың еті немесе қаны Алла тағаланың құзырына жетпейді. Бірақ біз-дің оның әмірін ләббай деп құлдық ұрып орындауымыздағы ықылас-ниетіміздің Алла Тағалаға жетіп, ризашылығына себеп болары сөзсіз. Бұл шындықты Құран Кәрім былай деп баяндайды: “Олардың (құрбан малдарының) еттері де, қандары да Алла тағалаға жетпейді. Бірақ Оған сендердің тақуалықтарың ғана жетеді”.
ә) Құрбан шалу – Ибраһим пайғамба-рымыздан (а.с.) жалғасып келе жатқан сүн-нет. Иә, Ибраһим пайғамбарымыз (а.с.) Алла тағаланың әміріне мойынұсынып, бауыр еті баласы Исмаилды Ұлы Жаратушысының жолында пида ете алатындығын паш ету арқылы, қиын сыннан өткен еді. Міне, құрбан шалу – сол бір ғибратты оқиғаның ұмытылмас көрінісі.
б) Адам баласы құрбан айтта құрбан шалу арқылы Ұлы Жаратушысының өзіне берген сансыз нығметтерінің шүкірін өтеп, күнәларына кешірім тілейді.
в) Табиғатында өзімшілдік, сараңдық, дүниеқоңыздық секілді жағымсыз қасиет-тері бар адам нәпсісі құрбан айтта тек қана Алла тағаланың ризашылығын ойлайды. Бір малын қиып, кедей және мұқтаж бауырларына жәрдем беру арқылы жаман қылықтарын бауырмалдық, жомарттық, кішіпейілдік секілді жақсы қасиеттермен алмастырады.
г) Дүние жүзінде жыл сайын миллион-даған мал сойылып жатады. Бірақ сол сойылған малдың еттері кедей-кепшіктер-дің бәріне жете бермейді. Міне, құрбан айтта осы кедей, жағдайы нашар адамдардың жағдайы ойластырылады. Ең болмаса бір тойындырып, олардың жүзіне шаттық сыйлайды. Әр күні кіжінумен өткен көңілі сынық кедейге мұсылмандық жанашырлық танытып, қол ұшын беру қандай ғанибет! Алла тағала ақыретте бәріміздің жүзімізді жарқын қылып, көңілімізді шаттандырсын! Әмин! (“Құрбан айт” кітапшасы, Алматы, 2007).
Құрбандық
шалу —
берекетке себеп
Алла тағала былай дейді: “Әрі барша адамдарды қажылыққа шақыр, олар жаяу немесе ұзақ жерден арып-ашып, түйемен саған келсін. Келгесін олар мұның өздеріне тигізген пайдаларын көрсін. Алладан өздеріне ризық ретінде берілген құрбандық малдарды белгілі күндерде Алланың атын айтып, құрбандық шалсын. Оның етінен өздерің де жеңдер, жоқ-жітікке де жегізіңдер!” (“Хаж” сүресі, 27-28-аяттар).
Байқасақ, аятта құрбандыққа шалынатын малдың Алладан берілген несібе екенді-гі айтылуда. Айт күндері құрбан шалу – ғибадат. Ал құрбандық шалудағы ең маңызды жәйт оны – Аллаға арнап сою. Ниеттің адалдығы жай ғана істің өзін ғибадатқа айналдырады. Құрбандыққа шалынған мал — Жаратушының берген рызығы болғандықтан етін сол отбасы мүшелерімен қоса кедей-кепшіктер де жейді. Күнделікті өмірде жағдайы тым нашар адамдардың бар екенін ұмытпаған жөн. Сондықтан мұсылман ғалымдарының айтуынша, шалынған құрбанның етінен жеу – мұстахап, мұқтаж жандарға үлестіру – уәжіп. Әбу Ханифаның айтуынша, жеуге де, таратуға да болады, алайда ол уәжіп емес. Бұйрық түрі үнемі уәжіптікті талап етпейді. “Пақырды тойдырыңдар” деген бұйрық байларға берілмесін деген мағынаны білдірмейді. Өйткені, сахабалар құрбанның етін бай, кедей көрші-қолаң мен туыстарына да беретін. Осы тұрғыдан қарағанда, құрбандық шалатын айт күндері шалынған миллиондаған құрбанның еттері бай-кедей, жетім-жесір, кедей-кепшік, жас-кәрі, әйел-еркегімен бүкіл адамзатқа сый ретінде қабылданып, осы үлкен жақсылықты нәсіп еткен Раззақ (шынайы Рызық беруші) Жаратушыны естен шығармай, бұл мереке кең көлемде атап өтілуі тиіс.
Бұрынғы кезге қарағанда, біз бүгінгі күні діни құндылықтарымызды наси-хаттауға, құрбандық шалу дәстүрімізді жандандыруға, қоғамда қайырымдылық шараларының көптеп ұйымдастырылуына анағұрлым көбірек мұқтажбыз. Оның төмендегідей өзіндік себептері де жоқ емес:
*Жеке адам тұрғысынан ғана емес, отбасылық, әлеуметтік, экономикалық, тіпті бұл дүние мен о дүниенің игілігіне бөлену тұрғысынан құрбандық шалу ислам дініндегі міндет екенін мұсылмандардың сана-сезіміне мықтап орнықтыру;
* Алла тағалаға ең ұнамды ғибадат болғандықтан уәжіп ретінде бір ғана құрбандық союмен шектелмей, нәпіл құрбандықтар қоса шалып, осы ізгі істің өрісін кеңейту, сауабын арттыра түсу;
*Еліміздің ертеңі үшін иманды да салауатты ұрпақтың өсіп - жетілуі жолында сапалы шәкірт тәрбиелейтін ілім орда-ларына, діни сауат ашу мақсатында қыз-мет атқаратын білім ошақтарына қолдау білдіруге шақыру;
* Құрбандық шалудың мұсылмандық міндет екенінен бейхабар жандарға ұқтыру;
*Мүмкіндігі жоқ кісілердің атынан да Пайғамбарымыз секілді құрбандық шалып, сүннетті орындау;
*Құрбандыққа шалынған малдардың еттерін тарату арқылы бүкіл адамзаттың жүрегінде асыл дініміз исламға деген жылылық сезімін ояту;
*Алла тағалаға керегі құрбандықтың еті не қаны емес, құлының ниеті екенін жақсы білу.
Жоқ-жітіктің атынан құрбан шалу – сүннет
Сахабалардың айтуына қарағанда, Пайғамбарымыз (с.ғ.с.) құрбандық шалуға жағдайы жоқ адамдардың атынан да мал сойған.
Бұл жайлы Жабир (р.а.) былай дейді:
“Хазірет пайғамбармен бірге мешітте едім. Құтпасын бітіріп мінберден түсті. Сосын құрбандық қошқарды өз қолы-мен бауыздады. Бауыздап жатқанда: “Бисмиллаһи, Аллаһу акбар! Бұл менің атымнан және үмбетімнен құрбан шалуға шамасы жетпегендердің атынан”, – деді”.
Жабир (р.а.) арқылы жеткен тағы бір хадисте өзінің және үмбетінен жағ-дайы келмейтін жандардың атынан Пайғамбарымыздың екі құрбандық шал-ғандығы да айтылады.
Сондықтан да жағдайы бар мүминдер ардақты пайғамбарымыздың ұмыт болып бара жатқан осы бір сүннетіне қайта жан бітіруге тырысқаны жөн. (М.Хуб, Хер йөнииле құрбан, 114-116-б).
Айт күнгі тазалық
Құрбан шалуға жағдайы жоқ кісілерге жасалған және бір жеңілдік, ол – айт күні жуынып-шайынып, тазалану. Себебі, бұл тазалық оларға құрбандық шалғандай сауап әкеледі.
Абдуллаһ ибн Амр ибнул-Астың (р.а.) айтуынша, бірде Пайғамбарымыз (с.ғ.с.):
“Құрбан (айт) күнін мереке ретінде атап өтуге маған бұйрық келді. Бұл күнді Алла тұтас үмбет үшін мереке қылды”, – деді.
Осы кезде бір кісі: – Уа, Алланың Елшісі! Менде елдің аманат ретінде табыстаған малынан басқа мал жоқ, сол малдан бауыздауыма бола ма?” – деп сұрады. Оның құрбан шалуға жағдайы жоқтығын ұққан Алла Елшісі (с.ғ.с.):
“Жоқ, шаш, тырнағыңды қысқартып, мұртыңды алып, ұятты жердің түгін қы-рынғаның да жеткілікті. Бұл Алла есебінде сен үшін құрбандық шалғанмен тең”, – деді.
Әйел кісі құрбандық шала ала ма?
Құрбандық шалу – мүмкіндігі бар барлық адамға уәжіп. Ислам дінінде әйел экономикалық тұрғыдан дербес, өзіндік жауапкершілік иесі болып саналады. Сол себепті егер әйелдің меншіктік құқы, өзіне ғана тиесілі байлығы нисап мөлшерінен (Шариғатта байлық болып саналатын мөлшер. Ол мөлшер жоғарыда берілді) асса, әйелдің жеке өзі құрбандық шалуы – уәжіп.
Құрбандыққа шалынатын малдар және олардың ерекшеліктері
Кез келген мал құрбандыққа жарамайды. Құрбандық ретінде шалынатын малдың ерекшеліктері мынадай болуы қажет:
1. Құрбандыққа қой, ешкі, сиыр, түйе секілді малдар жарамды. Ал үйрек, қаз тауық, түйетауық, елік секілді т.б. аң-құстар құрбандыққа жарамсыз. Бұларды құрбандық ретінде шалу харамға жақын мәкрүһ болып табылады. Өйткені, мұнда мәжусиларға (отқа табынушылар) еліктеушіліктің нышандары бар. Қой, ешкі, сиыр және түйенің еркектері де, ұрғашылары да құрбандыққа жарамды.
2. Құрбандыққа жарайтын қой мен ешкі ең кемі бір жасар болуы қажет. Дегенмен алты айлық қозы бір жасар қой секілді ірі, қоңды болса құрбандыққа жарамды. Ал ешкінің міндетті түрде бір жасқа толған болуы қажет. Сиыр екі жасқа, түйе бес жасқа толғанда құрбандыққа шалуға болады.
3. Құрбандық малдың дені сау, етті және дене мүшелері түгел болуы керек. Оның бойында құрбандық ретінде шалуға кедергі келтіретін кемшіліктер болмауы қажет.
4. Құрбандық мал ғибадат ретінде бауыздалуы шарт. Шын мәнісінде Алла пенделердің құлшылығына да, құрбандық шалуына да зәру емес. Құрбан шалудың бізге мәлім әрі беймәлім көптеген пайдалары мен хикметтері бар. Дегенмен негізгі мақсат – Алла тағаланың разылығына бөлену. Мал шалғанда пенделердің ниетінің негізге алынатындығы Құран Кәрімде былайша баяндалған: “Ұмытпаңдар, олардың еті де, қаны да ешқашан Аллаға жетпейді. Оған жететін жалғыз нәрсе — жүректеріңізге ұялаған тақуалық, Аллаға деген құрмет”. (“Хаж” сүресі, 37-аят).
Құрбандық шалудың
жөн-жобасы
Мұсылман – Алла тағалаға толықтай мойынсұнған жан. Сондықтан да Раббысы-на жасайтын ғибадатын өз ойынша емес, Алланың белгілеген ережелері негізінде жасайды. Бұл жайлы Құран Кәрімде: “Кімде-кім Алланың нышандарын (бел-гілерін) ұлықтаған болса, күдіксіз бұл жүректегі тақуалықтан”, – деп айтылады (“Хаж” сүресі, 32-аят). Сондықтан да Алла тағала мән берген нәрсеге біздің де көңіл бөлуіміз өте маңызды.
Осы тұрғыда Пайғамбарымыздың (саллаллаһу аләйһи уәсәлләм):
“...Құрбан шалатын адам пышағын жақсылап қайрасын, малды қинамай жұм-сақ бауыздасын” – деген мына бір хадисінің астары терең.
Мүмкін болса құрбандық шалатын жан өз құрбандығын өзі шалғаны – мұстахап (ұнамды іс). Дегенмен өкілеттік беру арқы-лы басқа адамға да бауыздатуға болады. Құрбандық шалатын жанның мұсылман болғаны абзал.
Құрбандық шалған кезде төмендегі жәйттерге де назар аударған жөн:
• Құрбан шалынатын жердің таза болуына көңіл бөлу;
• Құрбан шалатын жерге малды ұрмай-соқпай апару;
• Құрбан малын құбылаға қаратып, сол жағымен жатқызу;
Төменде келтірілген аяттарды мал бауыздалмай тұрып оқығаны абзал:
“Жүзімді мені керітартпа діндерден алыстатып, көктерді және жерді жа-ратқан әлемдердің раббысына бағыт-тадым” (“Әнғам” сүресі, 79-аят).
“Былай де: “Менің намазым да, түрлі ғибадаттарым да, өмірім мен өлімім де үнемі әлемдердің раббысы Аллаға тән. Оның серігі жоқ. Маған айтылған бұйрық осы. Оған алғашқы болып бас иген де менмін” (“Әнғам” сүресі, 162-163-аяттар).
Осы аяттар оқылғаннан кейін немесе бұл аяттар мен дұғаларды білмесе “Иә, Алла тағалам, досың Ибраһим, сүйіктің Мұхаммедтен (с.ғ.с.) қабыл алғаныңдай менен де қабыл ала гөр!” деп, яки осыған ұқсас дұға оқуға болады. Кейіннен “Аллаһу акбар!” және “Лә иләһа иллаллаһ” деп айтылады.
Құрбан шалатын адам малды қинамай жұмсақ бауыздауға көңіл бөлуі керек. Малдың көзінше жалаңдатып пышақ қайрауға болмайды. Пышақ өткір болуы тиіс.
Малды құбылаға қарата жатқызғаннан кейін оң қолымен “Бисмиллаһи, Аллаһу акбар” деп бауыздайды. Құрбандық малды басқа адамға бауыздатқан кісі мал бауыздалып жатқанда “Бисмиллаһи, Аллаһу акбар” деп қоса айтқаны жөн. (Малды бауыздайтын кісі бауыздарда біле тұра әдейі бисмиллаһ деп айтпаса Ханафи мәзхабы бойынша ол малдың еті желінбейді).
Малдың жаны бойынан толық шығып болғанға дейін оның терісін сыпыруға болмайды.
Малдың қаны толық ағып біткенше күтілeді.
Құрбан шалғаннан кейін сол маңайдың тазалығына да көңіл бөлу керек. Малдың қан-жынын ашық-шашық далаға қалдыр-май, көміп тастаған жөн. Бұл – құрбандық малына әрі құрбан құлшылығына деген құрметтің белгісі.
Құрбандық шалудың уақыты
Ғибадат Алла тағала талап еткен, бел-гіленген мезгілде және орында жасалуы шарт. Сондықтан құрбанның дұрыс болуы үшін діни тұрғыдан оның белгіленген уақытта бауыздалғаны жөн.
Құрбан шалудың уақыты құрбан айттың бірінші күні айт намазынан кейін басталып, айттың үшінші күні ақшамға аз уақыт қалғанға дейін жалғасады.
Жарықтандыру жүйесі нашар орындарда түрлі қателіктерге жол бермеу үшін түнде құрбандық шалу мәкрүһ болып саналады. Ал жарықтандыру мүмкіндігі жеткілікті жерлерде құрбан шала беруге болады.