Ekim 28, 2014
 
 
 
 
 
 
Тәуелсіздігімізге сына қағатын бірде-бір ұйым бізге қол емес!
Бүгіндері қасиетті қазақ жері ашуланғанның «арынын» басатын, басылғанның «жалынын» шашатын, асқынғанға басалқы сөз айтатын тұғырлы мекенге айналды.  
"Халықтар достығын" дәріптеген ел өз қандастарын шеттете бере ме?

Жиналыстың тақырыбы «Қазақстан-2050» Стратегиясы: бір халық — бір ел — бір тағдыр». 

 

Президент кәсіпкерлерді ұлтқа қызмет етуге шақырды

  Ақордада өткен алқалы жиыннан көңілге түйгеніміз көп. Небір ығай мен сығайлардың басын қосқан Кәсіпкерлік жөніндегі кеңесте мемлекет басшысы Нұрсұлтан Әбішұлы әңгімені әріден қозғады.

Қиянаттың қамшысы, шенеуніктің «соққысы» тигендер «Нұр Отанға» жүгініп, әділдік іздейді

Әділдікті аңсаған халық «Нұр Отанға» арнайы ат шалдырады. Түрлі мәселемен, сан қилы тағдыр тауқыметімен келетіндер өте көп көрінеді. Одан басқа қиянаттың қамшысы, шенеуніктің «соққысы» тиіп, нақақтан жала жабылса да әлеумет Елбасының партиясына жүгінеді. 

Үшемнің зарын Тасмағамбетов неге естімей отыр?

«Егер естісе, 6 сәбиіміз тұншыққан жалдамалы сасық пәтерден құтылар еді-ау!»  — дейді олардың ата-аналары.

Генерал Б.Ертаев майтабандарды құрылыс батальонына жіберуді ұсынды

Қазіргі заманда жастардың көбі дене бітімдерінің жетілмеуіне, тиісті білімдерінің болмауына байланысты және басқа да себептермен әскер қатарына алынбайтындығы бәрімізге аян. 

Кінәлі гендерлік саясат па, үкімет пе?

Марченко үндемеді

Гендерлік саясаттың жемісі, бәлкім «жеңісі» болар, еліміздегі аналар-дың зейнеткерлік жасы ерлермен «жағаласып» қатар тұрар күн таяу. 

«Хан шатырдың» алдында есек мінген бала...

Биылғы Наурыз мерекесіне биліктің ерекше мән бергені байқалады. Тойдың шырайын ашатын безендірулер. БАҚ тек ірі көшелердің бойына 1250 жалауша, 200-ден астам көк ту желбіреп тұрғанын қуана жазды. 

Ассамблея «асқан асулар» немесе халықтар достығын саясатқа айналдыру қаншалықты дұрыс?

Наурыз айы басталған күні Астанадағы бейбітшілік және келісім сарайында Елбасының Қазақстан халқы Ассамблеясын құру туралы жарлығының қабылдануына 18 жыл толуына орай салтанатты жиын өтті. Жиналысқа ҚХА кеңесінің мүшелері, Парламент мәжілісінің депутаттары, сондай-ақ қоғам қайраткерлері қатысты.

Жүйкеңді қыбырлатса да, денеңді жыбырлатпайтын кітап
Cатира өткір қанжар тәрізді. Түсі суық болғанымен, жаны ізгі. Жүзін бос ұстасаң, кесіп түседі. Тастай салсаң, тесіп түседі. Нығырлап ұстасаң, ойып түседі. Сағағынан ұстап сілтеп жіберсең, сойып түседі. Содан да болар, уытты. Бойына жібермейді ешбір суықты.
Әмбебап журналистикаға тықыр таянды,ал кәсіби журналистикаға қаржы жете ме?
«Аманат» интеллектуалды пікірсайыс клубының  кезекті отырысында мемлекеттік хатшы Марат Тәжиннің төрағалығымен өткен ақпараттық саясаттың өзекті мәселелері жөніндегі кеңесінде көтерілген проблемалар тағы бір талқыланды. 
Ақшаның буына мастанбаңыз, Григорий мырза!

ҚР Парламенті Мәжілісінің Төрағасы Нұрлан Нығматулиннің басшылығымен өткен жалпы отырыста депутат Тұрсынбек Өмірзақов ҚР Ұлттық Банк төрағасы Григорий Марченкоға депутаттық сауал жолдады.

Екі жылда жарты миллион шарана жойылған

Астана қаласы, Алматы аудандық заңгерлер кеңсесінің адвокаты Нұрлан Оспанов мырзаның айтуынша, «Неке және отбасы туралы» заңының баптарына,

Министр ханымды састырған не?

Денсаулығы сыр беріп, жүдеп-жадап жүргендердің денсаулық саласына өкпелері қара қазандай. Енді қайтсін, емханаға барса сағаттап кезекте тұрады, тіркеуде бола тұра,  медициналық көмекке зәру. 

Коммунист Косаревтің су туралы ащы дауысы

Қарапайым халық таза судың зарын тартып жүр дейміз-ау кейде күйініп. Сөйтсек, ел сенім артқан депутаттардың да көрген күні құрысын! Олардың да үкімет берген баспаналарынан  лай су ағатын көрінеді. 

Балалар әдебиетінің жүгі ауыр немесе Толымбек Әбдірайымның базарлығы

Бүгінгі бала — ертеңгі азамат. Өмірге қадам басқан әр баланың ой-өрісінің шыңы — көркем әдебиет. Бала қиялына баспалдақ болар әңгіме, тақпақ жазу қиынның қиыны. Жазарсың-ау, оны бала жүрегі қабылдай ала ма? Көңіліне қонып, құштарлығын арттырып, ойын баласын ойландыра білсе құба құп.

«Нұр Отан» «...ауырмайтын жол» іздегелі жатыр

Нұр Отан ХДП төрағасының бірінші орынбасары Бауыржан Байбектің қатысуымен «жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы» заң жобасын талқылауға арналған құқықтық кеңес отырысы өтті. 

Зейнетақының көтерілуі – еңбектің өтелуі

ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаты Азамат Әбілдаев зейнетақының төменгі мөлшерін орташа жалақымен теңестіру қажет деген пікірде. Депутат ол үшін «ең төменгі зейнетақы 50 мың теңге болуы қажет» деп отыр.

Жаңа Бас мүфтиге қойылар талап таудай

«Жел тұрмаса шөптің басы қимылдамайды» демекші, бас мүфти ауысады екен деп, ол кісінің орнына лайықты адамды іздеп, салмақты деген азаматтардан сұхбаттар алып, БАҚ шулағалы екі айдың жүзі болып қалды.

Астана әкімдігіне кір келтірген шолжаң қыз

Өткенде Қазақ теледидарының ардагер журналисі Баян Балтабайқызы мемлекеттік қызмет туралы бейнематериал түсіргісі келді ме, әлде басқадай себептермен бе, әйтеуір Астана қаласының әкімдігіне хат жолдапты.

section.detail.previous section.detail.today
Қамшыбасар