Жақында ғана барлық басылымдар Өзбекстанның Ұжымдық қауіпсіздік келісім-шарт ұйымынан шыққанын жаппай хабарлаған болатын. Ұйым хатшылығы-на тиісті нотаны жолдаған ресми Ташкент мұндай қадамның себебін қысқа қайырған. Яғни Ұжымдық қауіпсіздік келісім-шарт ұйымының Ауғанстанға қатысты ұстанған саясатына Ташкент тарапы қарсы болып отыр. Алайда Өз ағаңның нақты қандай ұстанымды қолдамайтынын айтпағаны қызық болды. Сол – ақ екен тәуелсіз сарапшылар Ташкенттің бұл қылығын сан – саққа жүгірте бастады. Ал саясаттанушылар да бұл туралы қысқа қайырды: «Өзбекстан өз территориясына АҚШ – тың әскери базасын қайта орналастырмақ». Себебі, жақында АҚШ-тың Қорғаныс министрлігі (Пентагон) өздерінің Ауғанстандағы әскери техникасының көбін Ташкентке қалдыратындығын мәлімдеген болатын. Ал ірі державалардың мұндай тартуды тегін істемейтіндігі тағы бар.
Естеріңізге сала кетсек, Ұжымдық қауіпсіздік келісім-шарт ұйымы 1992 жылы құрылған. Мақсаты айқын, бастарына күн туса бір – біріне әскери техникалық тұр-ғыдан көмектесу, жұдырықтай жұмылу. Бастапқы құрамда Қазақстан, Армения, Белорусь, Қырғызстан, Ресей, Тәжікстан-мен мен Өзбекстан болды. Алайда белгісіз себептермен Өзбекстан 1999 жылы ұйымнан басын алып қашты. Әндіжан оқиғасынан кейін Ислам Каримовтың Батыспен ара – қатынасы едәуір суып, 2006 жылы байланыс қайта іске қосылған болатын. Сарапшылардың айтуынша, «Өзбекстанның қайта қосылды деген аты болмаса, Одақтастарына жаны аши қоятындай мінез танытқан жоқ. Өйткені, Ташкенттің бір адамдай басқосуларға келмейтіні тағы бар» деген пікірлерді алға тартқан сарапшылар. Оның үстіне Ташкенттің Тәжікстанмен ара – қатынасы күннен – күнге ушығып барады. Соны желеу етті ме, тіптен жақында Тәжікстанда өткен Ұжымдық қауіпсіздік келісім – шарт ұйымының әскери жаттығуына бара жатқан Қазақ әскерін шекарасынан өткіз-беген де өз – ағамыз еді.
Ойларын сан – саққа жүгірткен саясаткерлер болса, осы қадамы арқылы Өзбекстан АҚШ-тың қолтығына қайта кіре бастады дейді. Өйткені АҚШ жақын арада Ауғанстаннан әскерін шығармақ. Ал әскери техника Ташкентке кіретін болса, АҚШ тарапы Өзбекстанға Ұжымдық қауіпсіздік келісім – шарт ұйымымен қоштас деген болуы керек.
Саясаттанушы Расул Жұмалы:
«Ауғанстанға қа-тысты жоспарлар орындалатын болса, Өзбекстанда НАТО-ның әскери базасы пайда болатын болса, Ауғанстаннан шығарылатын әскери техниканың ең дамыған, ең үз-дік стандарттары Өзбекстанда қалатын болса ол өзбек армиясының өте үлкен әскери күшке айналатынының белгісі. Бізге меніңше қарулану, әскери күштің көбеюі, қарама қайшылықтардың көбеюі аймаққа, оның ішінде қазақстанға қауіп қатер келтіруі әбден мүмкін. Оның үстіне өзбектердің Тәжікстанмен жер дауы бар, қырғыздармен қара су үшін қырқысып келе жатқанына да қанша жыл болды». Міне, Өзбекстан осы түйткілдердің барлығын АҚШ–тың көмегімен шешпек деген пікірлер де айтыла бастады. Ал Ұжымдық қауіпсіздік келісім – шарт ұйымының жұмысына көңіліңіз тола ма? деген сұрағымызға саясаттанушы Расул Жұмалы: «Шын мәнінде өткен 20 жыл ішінде ОДКБ белгілі бір жетістіктерге жетті деу қиын. Мәселен НАТО сияқты қарулы блог болмады. Қауіпсіздікті толықтай қамтамасыз етті деу меніңше ағаттық болар еді», — деп қысқа қайырды.
Орталық Азиядағы онсыз да оңбай тұрған жағдайға Өзбекстан отқа май құйғанмен бірдей іс – әрекет жасады деп қорытты білетіндер. Онсыз да Орталық Азия алпауыт мемлекеттердің ойын алаңына айналғаны тағы бар. Қазірдің өзінде ТМД елдеріндегі саясаттанушылар ондаған жорамал жасап тастады. Тіпті Ташкентпен шекаралас жатқандар етек – жеңдерін жинауы тиіс дегендер де табылды. Ал ресми Ташкенттың жауабы қашанда қысқа. Өзбекстан Ұжымдық қауіпсіздік келісім-шарт ұйымының Ауғанстанға қатысты ұстанған саясатымен келіс-пейді.
Ерлан Карин, саясаттанушы:
— Бір жағынан Ташкенттің істеп отырғаны ҰҚКҰ ұйымының да қалыптасқан беделін көрсетіп жатыр. Егер де бұл шынымен мықты қалыптасқан, белгілі бір әскери жағдайға ықпалын тигізетін ұйым болса, Ташкент әрине онан шығуға немесе олай шығуға асықпас еді. Сосын екінші жағдай, әрине Өзбекстанның ҰҚКҰ-дан шығуы осы Ауғанстаннан шығарылатын әскери техника, қару-жараққа иеленіп қалуға мүмкіндігі болады. Бұл жерде экономикалық мүдде де бар.
Мүдде демекші, өзбектердің өзегін жарып жүрген өкпелері де бар көрінеді. Себебі, бұл ұйымға мүше елдер өзде-ріне қандай да бір елдің әскери базасын орналастыратын болса, басқа әріптестерінен рұқсат алуы керек. Бұл И.Каримовтың көкейіне қонбаса керек. Сондықтан, сарапшылар «ала шапандылар АҚШ-пен ауыз жаласып отыр» деген байлам жасап отыр.
Досым Сәтпаев,
саясаттанушы:
— Өзбектер өз-дерінің бұл ұйым-нан шығатынын осыған дейін де бірнеше рет білдірді ғой. Бірлесіп ұйымдастырыл-ған жаттығуларға да қатыспады. Олар Батыспен бірігуі мүмкін. АҚШ-тың әскери базасын бұрын да қабылдаған, яғни тарихта бар жағдай. Оның тағы қайталанбасына еш кепіл жоқ. Бұдан Қазақстанға келіп кетер қауіп жоқ. Тек ұйым үшін ұят болды. Абыройын түсіріп тастады.