Ғимараттар алтынменен апталған,
Биік үйлер күміспенен қапталған.
Ағыл-тегіл сияпат пен сыйлықтай,
Алла өз беріп жатқан аспаннан.
Он жыл бұрын қазағыма боп арман,
Алғашқы рет ірге тасы қаланған.
Бас-аяғы он-ақ жылдың ішінде,
Астанамыз озып кетті заманнан.
Ал, ғасырда не болады ойлаңыз?
Кеше қандай, бүгін достар қайдамыз?
Астананы мақтанышпен айта алсақ,
Соның өзі біздің қосқан пайдамыз.
Астанамды көргенім жоқ мен әлі,
Көрсем деген үмітім де жоғары.
Он ғасырда салынатын Астанам,
Он-ақ жылда аспан тіреп түр әні!