Ekim 05, 2011
Жанайқай

Шамбулов нeгe шамданды?

Бұл айтылар жайт бұдан бұрын да газетіміздің 2011 жылдың 2 маусымындағы №22 (841) санында (тілші Ш.Құсайынұлы)  «Тартыс» атты тақырыппен егжей-тегжейлі жарияланған болатын. Десек те, сонау Жезқазғаннан желе жеткен Кәден Шамбуловтың ұлы Айдар Кәденұлы жер дауына байланысты шыққан сот шешімдеріне риза еместігін, тамыр-таныстықтың кесірінен істің аяқсыз қалып тұрғанын баян етті. 


Etkileşim Kutusu
Video Foto Ses
Yazıcıya Gönder Arkadaşına Gönder
Yorum yaz
Yorum Oku

Естеріңізге сала кетсек, жарияланған мақалада Жезқазған қалалық әкімінің 108/2 шешімімен 1996 жылдың 22 ақпанында Кәден Шамбуловқа Сарыкеңгір кеңшарының Промышленный бөлімшесінен 3400 га жер пайдалануға беріледі. Көтеріліп отырған әңгіме 2000 жылы басталып, 2005 жылы дауға айналады. Сол кезде Жер бөлімінде істейтін Нұргелді Қасымов (қазір Астанада қызметте көрінеді) К.Шамбуловтың жерінің 455 гектары жергілікті ПТВС-ке берілгені жайлы айтады. 

Айдардың айтуынша, дереу аталмыш мекемеге барған жер қожайынына оның басшысы Шпаков мекеменің ешқандай жер алмағанын жеткізеді және анықтама береді. Ал Нұргелдінің әкесі Бақтияр Қасымовқа Жезқазған қалалық әкімінің 1995 жылғы 31 шілдедегі шешімімен бұлардың жерінің үстінен ойып тұрып 455 га жерге акт алып берген. Негізі Б.Қасымовтың жері 10 шақырым жердегі Шотқара деген жерде екен.                Мақалада:«Дәулетбаев Нұрмұхан нотариус Кукеновамен келісіп, меншік құқығын беретін актіні нотариус арқылы өткізіп, менің қолымды бір құжаттарымнан алып, ұқсатып қойып, пошта арқылы үйіме жіберіпті. Құжаттармен таныссам, менің мемлекеттік актімнен 455 га жер телімін кесіп алыпты. Бұл жерді Қасымов Бақтиярға 1995 жылы тіркелді деп бекітіпті», — деп, Кәден Шамбуловтың аузымен айтылады. Бұл жердегі Дәулетбаев Нұрмұхан сол кездегі Жер комитетінің төрағасы, яғни Н.Қасымовтың орынбасары болыпты. Бүгінде Жер комитетінің төрағасы екен. Осы жерде Айдар мына бір жайтқа ерекше тоқталу керектігін айтады: Жер мәселесі бойынша өткен үш соттың үшеуінде де (қалалық, облыстық, Жоғарғы сот) жоғарыда аты аталған Н.Дәулетбаевтың куәлік етуіне сүйенеді екен. Сондай-ақ, газетте жарияланған Жезқазған қаласының прокуроры, аға әділет кеңесшісі М.Наурызбаевтың жауабында: «ҚР Президентінің 22.12.1995 жылғы «Жер туралы» Жарлығының 60 бабына және Жер туралы Кодекстің 81,82 баптарының жер учаскесіне жекеменшік құқығын немесе жер пайдалану құқығын тоқтату негіздері деген талаптарына сай емес, бұрынғы Жезқазған қалалық жер қатынастары бөлімінің бастығы Н.Қасымов заңнама талаптарын бұзған», — деп көрсетіліпті. Сонымен қатар, мақалада К.Шамбулов жердің Жезқазған қаласы, Кеңгір ауылдық округінің жері деп өзгертілгеніне наразылық білдіре отырып, ол жердің Қызылжар деп аталатынын және Жезқазған қаласының Промышленный бөлімшесіне қарайтынын айтады. Газетте Кәден ақса-қалдың судья Ләззат Баянға айтқан назы да көңіл аудартарлық... Онда судьяға қарата: «...Жезқазған қалалық прокуратурасында істеген кезіңізде менің шағымымды тексеріп, менің пайдама шешіп едіңіз ғой, енді судья болғаныңызда өз пікіріңізге өзіңіз не үшін қарсы шықтыңыз?» — деген сауал қояды. Шынында да, өзін-өзі терістеудің сыры неде?

Жарайды, бұл айтылғандардың көпшілігі газетте көтерілген жайттар. Десек те, әкелі-балалы Шамбуловтардың көмек сұрап соңғы барған жері «Нұр Отан» ХДП-ның аймақтық филиалы екен. «Ондағы заңгерлер мен прокурорлардың арқамыздан қағып, қатырамыз деп шығарып салғанына да біраз уақыт өтті. Әлі еш өзгеріс жоқ. Тек жақында келген мына хаттар «сипайсоқ» жауап берумен шектелген», — деп, 25.07.11. №8/1183-09 жазылып, Бас прокурордың орынбасары А.Секішев қол қойған және Жезқазған қалалық Жер қатынастары бөлімі бастығының міндетін атқарушы А.Сағымбаева қол қойған жауап хаттарды алдыма тастай берді.   

Алғашқы хатта: «...Осы жерге мем-лекеттік акт жасау мақсатында 1998 жылы «Қарағанды жер ғылыми өндірістік орталығы» еншілік мемлекеттік кәсіпорны жер көлемін өлшеу жұмыстарын жүргізіп, өлшеу жұмыстары барысында Сізге бөлінген «Д» және «Е» нүктелері аралықтарындағы жерлер Б.Қасымовқа тиесілі жерлердің үстінен орын алғаны, яғни жобада жер телімінің орналасқан жері дұрыс көрсетілмегені анық-талып, бұл жер көлемі қайта есептеліп, 2943 га деп көрсетілген жерге тұрақты жер пайдалану құқығы жөнінде акті берілген.

Әкімнің жер беру туралы шешімі мен жерге берілген мемлекеттік актідегі жер көлемінің сәйкес келмеуі Сізге сол кезден бастап белгілі болғанымен, бұл мәселені тиісті түрде дауламағансыз. Сондай-ақ, осы даулы 457 га жер көлемін басқа бос жатқан жерлерден беру туралы ұсыныс болғаны, алайда ұсыныспен келіспегеніңіз азаматтық істі қарау барысында сотпен анықталған. Бұл мән-жайлар сізбен жоққа шығарылмаған.

Сонымен қатар, Жер Кодексінің 43 бабына сәйкес, әкімнің шешімімен бірге берілген жер телімі жоспарының жобасы аралық жүйедегі құжат болып табылады. Жер учаскесіне негізді құқықты құжат ретінде жер теліміне тұрақты жер пайдалану құқығын беретін акті болып табылады. Осыған байланысты жобаның заңды күші жоқ, ал мемлекеттік актідегі ай-қындалған жер телімі бойынша Сіздің жер пайдалану құқығыңыз бұзылмаған. Наразылық келтіруге негіз жоқ», — деп, Бас Прокурордың орынбасары С.Секішевтің қолы қойылған.

Ал Жезқазған қалалық Жер қатынастары мемлекеттік мекемесінің жоғарыда көрсетіл-ген уақытта берген жауап хатында: «Жезқаз-ған қалалық сотының төрағалық етуші судья Л.Т.Баянның 2009 жылғы 18 маусымдағы №2-1628-09 ісіне шы-ғарылған шешімінде Жезқазған қалалық әкімдігіне келесі тап-сырма жүктелді:

1) Жезқазған қаласы әкімінің 1996 жылғы 22 ақпандағы №108/2  «Жеке шаруа қожалығын жүргізу үшін жер бекітіп беру туралы» шыққан шешімінде бөлінген жер телімінің көрсетілген 3400 га жалпы ауданы 2943 га жалпы ауданына өзгертуге;

2) Жер телімінің бұрынғы мекен-жайы «Сарыкеңгір» совхозының «Про-мышленный» бөлімшесі «Қызылжар» атты жер Жезқазған қаласының жерлері, Кеңгір селолық округы деген мекенжайға ауыстыруға.

Аталған шешімнің негізінде 2009 жылғы 3 қыркүйекте Жезқазған қаласының әкім-дігі №23/10 «Жер теліміне тұрақты жер пайдалану құқығын қайта рәсімдеу туралы» қаулы қабылдады»,  — деп,  Бастықтың міндетін атқарушы      А.Сағымбаева қол қойыпты. 

 

Түйін: 

 

Міне, К.Шамбуловтың: «Ата-бабамның сүйегі жатқан жерді суы мен нуына, әсіресе құдығына бола әдейі басып алды. Жерімді ананың бір, мынаның бір қарамағына лақтырып, өзгертті. Сыбайластыққа соққы берер деп сеніп барған «Нұр Отан» неге істі қарамай тастады?» — деп шамданғаны, шамасы, ешкімге шыбын шаққан құрлы әсер етпейтін сияқты. Көрер көз, естір құлақ болса, мүмкін, әлі де Шамбуловқа көмектесер деген ойдамыз.    

29.09.2011

Жанбақыт Мерекеұлы

Айдар бойынша ең көп оқылатындар

Шамбулов нeгe шамданды?

 Diğer Başlıklar
Шындыққа күйе жағылмайды
Төрт жетімді асырап өсірген қарт анаға көмектесейікші!
Өлген орыстың үйіне таласқан екі қазақтың дауы
Банкпен шайқасқа неге шықтым?
Әкім Шотановтың өтірігін ауылдастары тас-талқан етті
Адамдарға деген зорлық-зомбылық күшейіп тұр
«Тілімді, аты-жөнімді, құқығымды қорлағаны үшін сотқа бердім!
Кемел заманда кейін қалған Кемертоған
Қымызды әлeмдік аренаға шығару үшін, ғылыми тұжырым керек
Жер жұтып қоюы мүмкін ауылдар
Прокурор ақиқатын айтты
Қара қылды қақ жарған шешім ғана әділeтті

Ең көп оқылытын хабарлар

“Қазақтың нанын жеп, ауасын жұтып отырып, оның тілін менсінбеушілер елдеріне кетсін!”
350 мың кәрі қыз тағдыры мемлекетімізді де қатты алаңдатуы тиіс
Орал өңірі газдандырудан алда
Иә, шынында да, Алланы алдай алмаймыз
Экономикалық кеңістік кіріптарлыққа түсірмей ме?
«Мемлекеттік тіл — менің тілім»
«Менің неге депутат болғым келеді?»
Жан қалауым жарып шығып, өнерге оралдым
Қандай зайырлылықты ұстанатын болдық?
Инвестиция құюға қолайлы өңір



Copyright© KAZAKİSTAN ZAMAN
www.kazakzaman.kz