Меніңше, Қазақстан секілді бай мемлекетке 200 миллион доллар қаржы аса үлкен шығын бабы болмаса керек»,— деген ұсынысын қабыл алмай тастады.
Министрлік бұған: «Ұлттық қор мен елдің алтын-валюта қоры дағдарыс кезінде тұрақтандыру шараларын қабылдау үшін қарастырылған «қауіпсіздік жастығы» болып табылады. Бізді әлемдік қаржы дағдарысынан осы қаражат құтқарып қалды. Ұлттық қордың ақшасын бөліп беру туралы ұсыныстар бұрын да көтерілген. Дағдарыстан кейін мұндай шешім қабылдаудың қателік боларына көз жетті. Балаларды әлеуметтік қолдауға келсек, елде ана мен баланы қорғауға қатысты біртұтас жүйе жұмыс істейді. Оған балалардың тууына байланысты 30-дан 50 АЕК-ке дейін (1 АЕК 1512 теңге) бірмезгілдік жәрдемақы, сондай-ақ, бір жылға дейін ай сайын балаларды күтіп-баққаны үшін 5,5-тен 8,5 АЕК-ке дейін жәрдемақы төленеді. Бұдан басқа жұмыс істейтін әйелдер бала 1 жасқа келгенше оларды күту үшін демалысқа шықса, мұндай аналарға мемлекеттік әлеуметтік қамсыздандыру қорынан жұмысшының еңбекақысының 40 пайызы мөлшерінде әлеуметтік төлемақы беріледі. Ана мен балаға әлеуметтік қолдау көрсету жүйесі ел экономикасының даму қарқынына және мемлекеттік бюджеттің шынайы мүмкіндігіне сәйкес әрі қарай да кезең-кезеңімен дами береді»,— деп жауап берді. Осы министрлік болашақта біртұтас зейнетақы қорының құрылмайтынын да ашып айтты.