Облыс әкімдігінде бұзылған жер бедерін қалпына келтіру және құрамында мұнайы бар қалдықтарды қайта өңдеу мәселесін қарап, талқылаған кеңесте облыс басшысы Б.Мұхаметжанов бүгінгі таңда аймақтың экологиялық жағдайының өте өткір екендігін, мұнай өндірумен айналысатын ірілі-ұсақты компаниялардың көп ретте өздеріне тиесілі өңірде жұмыс істеу барысында табиғат қорғау заңдылықтарын сақтай бермейтіндігінен қоршаған ортаға күллі зиян келтіріліп жатқандығын нақты мысалдармен қадап айтты.
Қызмет бабымен мұнай кәсіпшілігін аралаған кезімде іші «қара алтынға» тол-ған ондаған апандарды көрдім, — деді ол. Ұңғылар маңында төгіліп-шашылған-дары өз алдына. Бұл, біріншіден, тез арада пайдаға асырылуын, кәдеге жаратылуын күтіп жатқан қазына-байлығымыз, екіншіден, тұтас экологияға кері әсерін тигізетін көрініс. Құзырлы органдардан алынған мәліметтерге қарағанда, бүгінде облыста 2,5 миллион тоннадай әртүрлі қалдықтар бар. Бұл назар аудармайтындай аз көрсеткіш емес. Ақтау қаласының шекарасымен іргелесуге жақындаған Қошқар атаның өзі қашаннан сөз болып жүрген көкейкесті мәселе. Оны бірыңғайлы ету ешқашан күн тәртібінен түспеуі керек. Ластанған жерлерге шөп өседі, онымен мал, мал етімен адам қоректенеді. Осылайша, адам ағзасына зияны тиеді. Табиғат бір бүлінген соң оны қалпына келтіру оңайға түспейді. Ол миллиардтаған қаржыны керек қылатын шаруаға айналады. Облыс әкімі ретінде өндіріс басшыларының өнімді көбірек өндіріп, сатуын, мол қаржы табуға деген талпынысын қолдаймын, алайда, табиғат заңдылықтарына қайшы әрекеттерін қолдамаймын. Бүгінгі нәпақамызды ғана ойламай, келер ұрпаққа не қалдыраты-нымызды ойлайық. Кеңесте «Жайық-Каспий» экологиялық департаменті Маң-ғыстау облыстық филиалының директоры Д.Алиев, облыстық табиғат қорғау прокуроры О.Сүтбаев мұнай кәсіпорындары бойынша жүргізген тексерулерінің нәти-желерінен хабардар етті.
Бауыржан Әлімұлы мұнай өндірісінің басшыларына қалдықтарды өңдеудің заманауи әдістерін енгізу арқылы оларды пайдаланудың бағдарламасын жасақтап, экология департаментімен келісу, ал, департаменттің облыстық фи-лиалының директорына 2012 жылдың 1-ші жартыжылдығындағы тексерудің қорытындысымен мұнай қалдықтарын өңдеу шараларының тиімділігін сипаттайтын талдау ақпарламасын 15-шілдеге дейін дайындап бітіру, облыстық салық департаменті бастығының міндетін атқарушыға экологиялық тексеруден соң салық төлеушілердің қоршаған ортаның эмиссиясы үшін төлемінің дұ-рыс-бұрыстығын анықтау мақсатымен камеральдық тексеру жасау жөнінде міндеттер жүктеді. Ал «Каспий» әлеумет-тік-кәсіпкерлік корпорациясы» Ұлттық компаниясы» акционерлік қоғамының басқарма төрағасын мұнайы бар заттардан түзілген қалдықтарды өңдеуден өткізетін мамандандырылған кәсіпорын құру мүмкіндігі бойынша ұсыныс енгізуге міндеттеді.