Ekim 04, 2011
Саясат

Экономикалық кеңістік кіріптарлыққа түсірмей ме?

Алматыда ТМД елдері Экономикалық кеңесінің Ресей Федерациясы, Украина, Беларусь, Қазақстан, Әзірбайжан, Өзбекстан, Түркіменстан, Тәжікстан, Қырғызстан, Армения, Молдова мемлекеттері делегациялары қатысқан кезекті 51-ші отырысы болып өтті. Кеңейтілген кездесудің жұмысына Премьер-министрдің бірінші орынбасары Өмірзақ Шөкеев қатысып, сөз сөйледі. 


Etkileşim Kutusu
Video Foto Ses
Yazıcıya Gönder Arkadaşına Gönder
Yorum yaz
Yorum Oku

Жиында, негізінен, ТМД елдерінің экономикалық ынтымақтастығын дамытып, оны одан әрі жетілдіру мәселелеріне қатысты іс-шаралар жан-жақты талқыланды. Ауқымды жүздесудегі ең басты әңгіме ТМД-ға қатысушы мемлекеттердің 2020 жылға дейінгі кезеңге арналған инновациялық ынтымақтастық жөніндегі мемлекетаралық бағдарламасының жобасы төңірегінде өрбіді. Сондай-ақ, мұнда ТМД-ға кіретін мемлекеттердегі валюталық реттеу және валюталық бақылау саласындағы саясаттың негізгі ережелері мен қағидала-ры туралы келісімнің жобасы, еркін сауда аймағы келісімшартына қатысты жәйттер де талқыға түсті. Жиынға қатысушылар басқосуда ТМД Экономикалық дамуы стратегиясының (2009-2011 жылдар) алғашқы кезеңін жүзеге асыру бойынша атқарылған іс-шаралар жоспарының орындалу барысын сараптап, ТМД елдеріндегі көлік дәліздерін үйлестіру комитеті тәртібінің жобасын талқылады. Кеңейтілген отырыс барысында ТМД-ның нормативтік-құқықтық құжаттарына бірқатар өзгерістер енгізілді. Мысалы, қазіргі таңда ТМД елдері арасында еркін сауда туралы келісім бар болғанымен, бәрін үйлестіретіндей ортақ келісім жоқ. Басқосуда соған қол жеткізудің жолдары қарастырылды. ТМД Атқару комитетінің төрағасы, атқарушы хатшы Сергей Лебедев өз сөзінде ТМД мемлекеттерінің экономикалық байланысы мен ынтымақтастығын одан әрі арттыру төңірегіндегі жәйттерге тоқтала келіп: — Бүгінгі таңда көпшілік назарын өзіне аударып отырған ең басты мәселелердің бірі – ТМД елдерінің экономикалық өзара іс-әрекетін үйлестіруді тереңдету екені дау-сыз. Ал, мұндай ауқымды іс-шара әрбір мемлекеттің, ең алдымен, шаруашылық және ғылыми-техникалық қуатын барынша тиімді пайдалану мүмкіндігіне қол жеткізбек. Сонымен қоса, әлемдік қаржы дағдарысынан туындап отырған қауіп-қатерлерге қарсы бірлескен күш-жігердің берері мол екендігі сөзсіз, — деді.  Кеңеске қатысушылар осы басқосуда сөз сөйлеген ҚР Премьер-министрінің бірінші орынбасары Өмірзақ Шөкеевтің «Экономикалық кеңес қашанда көпжақты өзекті мәселелердің нақты шешімін табуда және тиімді кеңестер алмасып, тәжірибе алмасу мақсатындағы көмегі мол екендігін» атап көрсеткен тұжырымын толықтай қолдады. Бүгіндері ТМД-ға кіретін елдер еркін сауда аймағы туралы келісімге қол қоюға жақын қалды. Көпшілікке белгілі, Қазақстанның экономикасы уақыт өткен сайын қарқын алып, әлеуметтік ахуал да жақсара түсуде. Бүтіндей алғанда ТМД Экономикалық кеңесінің кезекті 51-ші отырысы жұмысының қорытындысы табысты аяқталды деп түйін жасауға болады. Кезекті басқосу биылғы жылдың желтоқсан айында Мәскеу қаласында өткізілмек.

29.09.2011

Ермек Сахария
 Diğer Başlıklar
Көптілділік —мемлекеттік тілге қауіп
Екі қият һәм Нирун немесе Бөрте-бөріден Шыңғыс ханға дейін
Саясаткер Ертісбаев президент Тимур Құлыбаев болатынына сенімді
Экстремистердің шетелдіктермен байланысы болуы мүмкін
Желкесі қиылған жеңіл өнеркәсіптің шала жансар жаны бар
Еуроодақ визасыз тәртіпке көшуге неге қарсы?
Оян тұтынушы, пойыз тосып тұрмайды!
«ТМД елдері Кеңес Одағына қайтып оралатынына сенімдімін!»
Қытай 3 миллион доллар нәпақамыздан қақты
Орталық Орта Азияны қорғай ала ма?
Сенат қатары тек “нұротандықтармен” толықты
Галстуксыз президенттер Бурабайда бас қосты

Ең көп оқылытын хабарлар

“Қазақтың нанын жеп, ауасын жұтып отырып, оның тілін менсінбеушілер елдеріне кетсін!”
350 мың кәрі қыз тағдыры мемлекетімізді де қатты алаңдатуы тиіс
Иә, шынында да, Алланы алдай алмаймыз
«Менің неге депутат болғым келеді?»
Орал өңірі газдандырудан алда
Жан қалауым жарып шығып, өнерге оралдым
Экономикалық кеңістік кіріптарлыққа түсірмей ме?
«Мемлекеттік тіл — менің тілім»
Қандай зайырлылықты ұстанатын болдық?
Инвестиция құюға қолайлы өңір



Copyright© KAZAKİSTAN ZAMAN
www.kazakzaman.kz