Міне, қасиетті Рамазан айының аяқталар, қорытынды жасалар шағына да жеттік. Енді әрбір мұсылман өзінің бір ай бойы жинаған кейбір рухани құндылықтар жайлы ой түйіп, өзінен-өзі бір есеп алса да артық болмас. Өйткені қасиетті Рамазан үлкен рухани мектеп, ол мектепке шын ықыласпен кірген адам сабыр мен тәуекелді, қанағатты, кеңдікті, бірлік пен таза ниетті үйреніп шығады.