Ağustos 19, 2011
Әлеумет

Жаңа туғандарға депозит ашылмайды

ҚР Еңбек және халықты әлеу-меттік қорғау министрлігі ҚР Премьер-министрі Кәрім Мәсімовтің қатысуымен өткен ашық мәжіліс барысында порталды пайдала-нушылардың бірінің: «Елімізде жылына 200 мыңнан астам сәби дүниеге келеді. Парсы шығанағындағы кейбір елдердің үлгісі бойынша мемлекетке жаңа туған сәбилердің атына депозит ашып, оған 1000 доллар неге салмасқа? Соған орай, оны ата-аналар бала 18 жасқа толғанша пайдалана алмайтындай шарт қойылуы тиіс.


Etkileşim Kutusu
Video Foto Ses
Yazıcıya Gönder Arkadaşına Gönder
Yorum yaz
Yorum Oku

Меніңше, Қазақстан секілді бай мемлекетке 200 миллион доллар қаржы аса үлкен шығын бабы болмаса керек»,— деген ұсынысын қабыл алмай тастады.

 

Министрлік бұған: «Ұлттық қор мен елдің алтын-валюта қоры дағдарыс кезінде тұрақтандыру шараларын қабылдау үшін қарастырылған «қауіпсіздік жастығы» болып табылады. Бізді әлемдік қаржы дағдарысынан осы қаражат құтқарып қалды. Ұлттық қордың ақшасын бөліп беру туралы ұсыныстар бұрын да көтерілген. Дағдарыстан кейін мұндай шешім қабылдаудың қателік боларына көз жетті. Балаларды әлеуметтік қолдауға келсек, елде ана мен баланы қорғауға қатысты біртұтас жүйе жұмыс істейді. Оған балалардың тууына байланысты 30-дан 50 АЕК-ке дейін (1 АЕК 1512 теңге) бірмезгілдік жәрдемақы, сондай-ақ, бір жылға дейін ай сайын балаларды күтіп-баққаны үшін 5,5-тен 8,5 АЕК-ке дейін жәрдемақы төленеді. Бұдан басқа жұмыс істейтін әйелдер бала 1 жасқа келгенше оларды күту үшін демалысқа шықса, мұндай аналарға мемлекеттік әлеуметтік қамсыздандыру қорынан жұмысшының еңбекақысының 40 пайызы мөлшерінде әлеуметтік төлемақы беріледі. Ана мен балаға әлеуметтік қолдау көрсету жүйесі ел экономикасының даму қарқынына және мемлекеттік бюджеттің шынайы мүмкіндігіне сәйкес әрі қарай да кезең-кезеңімен дами береді»,— деп жауап берді. Осы министрлік болашақта біртұтас зейнетақы қорының құрылмайтынын да ашып айтты.

18.08.2011

Ермек Сахария
 Diğer Başlıklar
Шеттегі қазағымызды оралту — мемлекетімізді нығайту
«Жас қырандар» мен «Жасұландар» қатары сап түзейді
Тәуелсіздіктің 20 жылдығына дайынсың ба?
Мағжанын іздеген экспедиция жолға шықты
Оралман қазақша сөйлeгені үшін жұмыстан қуылды
Жаңаөзeндіктер «Нұр Отан» қатарынан нeгe шықпақшы?
Жұмыссыздық ауыздықталар емес
Сомалиді сорлатқан — ХВҚ-ға кіріптарлық пен азаматтық соғыс
Мемлeкеттік қызметкерлeр тест тапсыруы тиіс
Абайымыздың қасында Конфуций кім?
Елбасы Үкімет пен әкімдердің жүйесіз жұмысын сынға алды
«Саламатты Қазақстан» саулығымыздың кепілі ме?

Ең көп оқылытын хабарлар

Неліктен кейбір жылы 29 күн, кейбір жылы 30 күн ораза тұтамыз?
Шеттегі қазағымызды оралту — мемлекетімізді нығайту
Галстуксыз президенттер Бурабайда бас қосты
Банкпен шайқасқа неге шықтым?
Мағжанын іздеген экспедиция жолға шықты
Жаңа туғандарға депозит ашылмайды
Мемлeкеттік қызметкерлeр тест тапсыруы тиіс
«Жас қырандар» мен «Жасұландар» қатары сап түзейді
Жаңаөзeндіктер «Нұр Отан» қатарынан нeгe шықпақшы?
Жұмыссыздық ауыздықталар емес



Copyright© KAZAKİSTAN ZAMAN
www.kazakzaman.kz