110 баланы асырап баққан көп балалы ана туралы естіп, базарлы үйді өз көзімізбен көріп, бақытты отбасының тірлігімен таныспаққа бет алдық. Өмірдің қиыншылығына тап болған жас бүлдіршіндерді бауырына басып, сол ерен еңбегінің арқасында ел ықыласына бөленген қайсар ана әңгімесін әріден толғай бастады.