Бұл жердегі тағдыр ұғымы әуелгі тағдырдың паш етілуі болатын. Өйткені Құран-Кәрімде: «Ол кеште барлық хикметті істер айырылады» (Дұхан, 4) деп бұйырылған.
Екінші, «ұлы және орасан зор» мағынасын береді. Яғни, Қадір түні ұлы және орасан зор болған аса құнды түн деген сөз. Ұлы және орасан зор болатын себебі, бұл түннің салмағы мың айдан да қайырлы. Бұл хақында Құран-Кәрімде: «Қадір түні мың айдан да қайырлы» (Қадыр, 3) деп баяндалады.
Үшінші, «сығыстыру» мағынасын береді. Осыған орай зерттеушілер тарапынан Қадір сөзі нығыздау мағынасын береді деген жорамал айтылады. Өйткені, бұл түні бүкіл періштелер жер бетіне түскеннен кейін оларға жер жүзі тар келіп, сығылысады. Бұл хақында Құран-Кәрімде: «Періштелер және Жебірейіл (с.ғ.а) ол кеште Раббыларыңның рұқсаты бойынша барлық іс үшін түседі» (Қадыр, 4) деп бұйырылады. Ислам ғұламаларының айтуына қарағанда, «сығылысудағы» мақсат «үлкен қайырлы істердің жүзеге асуы, сондай-ақ Пайғамбарымыз (с.ғ.а)-ға. Хира үңгірінде Жебірейіл (с.ғ.а) алғашқы уахи түсіргенде, ардақты Пайғамбарымыз (с.ғ.а)-ның жаны сығылғандығы белгілі. Ислам ғұламалары қасиетті Қадір түнін төмендегіше атқаруды үндейді:
Бірінші, бұл түнде Алланың ри-зашылығы үшін ғибадат жасап, намаз оқып, құлдық сезімдерімізді арттыруымыз керек.
Екінші, Құран Кәрім оқылып, тыңдалып, түсінуге ынта қойып, Құран Кәрімге сүйіспеншілік пен байланыстар орнатылуы тиіс.
Үшінші, Пайғамбарымыз (с.ғ.а) салауат айтып, оның шапағат етуінен
үміттеніп, оның үмбетінен бол-ғанымызды саналы түрде сезініп, оның жолын берік ұстануымыз шарт.
Төртінші, Уағыз-насихат тыңдап, сұхбаттар құрып, күнделікті күйбең тіршілік барысында жүрекке түскен кірбіңді жуып шайып, көңілге ұялаған көмескіліктен арылуға тиістіміз.
Бесінші, Қадір кешінің маңызы-на байланысты және Қадір түніне қатысты жеткілікті мағлұмат беретін дін адамдарымен сұхбат құру керек. Әсіресе адам өз-өзімен сұхбаттасып, қателіктерін танып, кемшіліктерін жоюға күш салуға, адамдармен достық қарым-қатынасын күшейтуге, бірлік пен біртұтастықты арттыруға мән беруі тиіс.
Алтыншы, Тәубе мен истиғфар жасап, өз нәпсісін есептен өткізіп, қателік жасаудан сақсынып, қайырлы істерді жасауға құмбыл болуы шарт.
Жетінші, Алланы зікір етіп, тафаккур (терең жақсы ойлану) етіп, Алланы еске алғаннан жүрек тынышталады.
Ұлы Жаратушының ұшы қиыры жоқ құдіретімен жоқтан бар болған жаратылыстың сырларын нәзік тафаккур (жақсы терең ойлану) етіп, иманымызды күшейтуіміз қажет.
Сегізінші, Жиі-жиі дұға жасауымыз керек. Өйткені, дұға адамды Ұлы Жаратушыға жақындататын дәне-кер десек болады. Пайғамбарымыз (с.ғ.а) бұл түні көбінесе мына дұғаны жасаған: «Аллаһүмме иннеке афүввин түһиббүл афве фа фү анни». Яғни, «Аллаһым сен кешірімдісің, кешіруді сүйесің, мені кешіре гөр».
Тоғызыншы, Қадір түнінің күндізін де бейне кеш секілді өткізу ләзім. Осылай болған болса, мүбәрак түннің рухтарға төккен шұғыласы сіңімді болып, жүректің қақ төрінен орын алары сөзсіз.
Оныншы, Бұл Қадір түнінің құр-метіне Раббымыздан бүкіл исі бүтін мұсылмандардың күнәларының кешірілуін тілеуіміз керек. Қадір түні-нің жақсылыққа мұрындық болуын, достық пен бауырмашылдықты арттырып, ислам әлемінің біртұтастығын және күллі адамзатты апаттардан сақта деп тілеуіміз шарт.