Temmuz 31, 2012
 
 
 
 
 
 

Құралайды жылатқан сынған аяғы емес тапталған намысы

Іс сапармен Жамбыл облысының Жамбыл ауданының  орталығы Аса ауылында жүргенбіз. Бізді арнайы іздеп ерлі-зайыпты екі адам келіпті. Мені көргеннен Құралай Мұратқызы Асхатаева еңіреп жылап жіберді. Біз қанша басу айтқанмен көпке дейін өзін өзі баса алмады. Сөйлесіп көрсек, бармаған тауы баспаған жері қалмапты. Шағымнан шағымды тиісті орындарға жаза беріпті. Бәріненде жақсы жауап алыпты. Бірақ машина жүргізушісі  Рахымбек Жаппаров кінәлі болса да, ешқандай міні жоқ адам болып шыққан. Біз шағымды қолымызға алған күні-ақ көрдім деген куәлермен, қорғаушымен тағы да басқа  адамдармен кездесіп фактілерді толықтай түстік.  Сол кездесулердің өзін камераға түсіріп, диктафонға  басып алдық. Ендеше сол  адамдарға  сөз берейік.

 

Рахымбектікі азаматтық па?

Құралай Мұратқызы Асхатаева: — Сіздерге еріккеннен осы шағымды жазып, отырған жоқпын, араша сұрап отырмын. Бір ғана үмітім сіздерсіздер, басқа барар жерім қалмады.

2010 жылы 17 тамызда күндізгі сағат 10.30 шамасында Аса ауылының тұрғыны 1945 жылы туылған, Рахымбек Керімқұлұлы Жаппаров өзінің «Митцубиси Монтеро Спорт» маркалы, мемлекеттік нөмері Н 179 OWM жеке көлігімен Жамбыл ауданы Аса ауылы, Түгелбай көшесінің жаяу адамдар өтуге рұқсат етілген бөлігімен келе жатқан мені қатты жылдамдықпен келіп соқты. Машинасының алдыңғы дөңгелегімен сол аяғымды басып, мыжып кетті. Сол Р. Жаппаров еш жерге хабарламауымды өтініп, «бәрін өзі қатырамын, ауруханаға да апарамын» деді. Мен азамат басымен айтқан соң сендім.

Ауруханада мені дәрігер қабылдау бөлмесіне кіргізді, менімен ілесіп барған Ғалияны кіргізбеді. Р.Жаппаровты кіруге рұқсат етті. «Мені басып кеткен адамды не үшін кіргіздіңіз?» десем, «ол біздің дәрігеріміз, қызметкеріміз» деп жауап берді. Сол жерде де Жаппаров кезекші дәрігер С. З. Сейдалиевтің жанында полицияға хабарламауымды өтінді. Одан қалды ішімдік ішпегені жайлы «анықтама» қағазын жазып беруін дәрігерден сұрады.

Кезекші дәрігер аяғымның жарақатын тігіп беріп, «Енді үйіңе қайта бер» деді. Мен оған келіспей аяғымның қатты ауырып тұрғандығын айттым. Сонда барып ол рентген аппаратына түсуіме рұқсат берді.

Болған оқиғаны естіген күйеуім Елепбай аудандық ауруханаға келіп анықтаса, науқастарды тіркейтін кітапқа «Мені өз аяғымен келді» деп жазып қойыпты. Бұл жағдайға таңғалған күйеуім прокуратураға арызданғанын айтқан соң ғана, сол күні полиция бөліміне 21.30 ғана хабарлама берілген.

Сонан соң аурухананың оташы дәрігері С Сейдалиевтен маған қалалық ауруханаға жолдама беруін сұрадым. Бірақ ол кісі маған «аяғыңда ешқандай сынық жоқ» деп өзінің емдейтінін айтты. Аяғым ауырып қатты мазам кеткен соң, күйеуім екеуміз Тараз қаласына келіп, қайта рентген аппаратына түсіп аяғымда сынық барын білдік. Сол ауруханаға қалуыма тура келді. Оташы дәрігер С. Сейдалиев менің аяғымды жаралаған Рахымбек Жаппаровтың пайдасы үшін сынықты әдейі жасырғаны анықталды. Көлік қаққан жерге сот – автотехника сараптамасы белгісіз себептермен елу бір күн өткенде ғана, күйеуім аразданған соң әрең дегенде тексеру жүргізді. Онда да Жамбыл АПБ-нің анықтаушысы А.Қалмен болған оқиғаның сараптамасының сызбасын Р.Жаппаровтың пайдасына бұрмалады. Ол жаяу адам жүретін Абай көшесі мен Түгелбай көшесінің қиылысындағы жаяу жүргіншінің жолын дұрыс көрсетпеген. Алыстағы «Азима» тігін шеберханасының алдын көрсеткен. Бұл айтқан сөздерім өтірік болмас үшін редакцияға сол кезде түсірілген бейне таспаны қоса жіберіп отырмын.

2010 жылғы 21 қыркүйекте жүргізілген сот – медициналық сараптамасының №1038 қортындысына сәйкес, маған жол-көлік оқиғасының салдарынан орта дәрежедегі жарақат келтірілген. №2479 санды авто-техникалық сараптамасының қорытындысына сәйкес, көлік жүргізуші Р.Жаппаровта жаяу жүргізушіні жедел тежегішті басу арқылы автокөлікті тоқтатып, қағып кеткен делінген.

2011 жылы 10 қаңтарда сараптама анықтаушы А.Қалмен Р.Жаппаровтың әрекетіне қылмыс құрамының болмауына байланысты, қылмыстық істі ҚР. ҚІ ЖК – нің 37 бабы1 бөлігінің 2 тармағына сай өндірістен заңсыз қысқартқан. Бұл шығарылған қаулымен мүлде келіспейміз. Осылай адам өміріне немкетті қарап заңсыз қылмыс қысқартыла берсе, оның бір тиындық құны да болмағаны ғой.

Осы орын алған оқиға бойынша Р.Жаппаровтың тікелей айыбын бұрмалаған, ол Жамбыл аудан-дық ауруханасының оташы дәрігері С.З.Сейдалиев екеніне көзім жетеді. Оған мынандай нақты фактім бар. Денсаулық сақтау министірлігі медициналық және фармацевтикалық қызметті бақылау көмитетінің Жам-был облысы бойынша Департемент-тінің 2010 жылғы 22-желтоқсандағы №9-1/1137 санды жауабына сәйкес, оташы дәрігер С.З.Сейдалиев сол аяғымның табанының 3 және 4-ші яғни басбармақ сүйегінің сынғандығын біле тұра әдейі көрсетпеген. Соның кесірінен қылмыстық іс заңсыз қысқартылып, Р. Жаппаров ештеме болмағандай, тайраңдап жүр. Өйткені С. Сейдалиев екеуі әріптес, бір жерде істейді. Р. Жаппаров уәдесінде тұрып маған ешқандай моралдық, материалдық шығынымды да төлемеді. Адамкершілікке келіп кешірім де сұраған жоқ.

Дәрігер шындықты неге жасырды?

Құжаттарды тексере келе қыс-қартылған істе айыпталушы Жаппаров бар екеніне көзіміз жетті. Оған дәлел: Медициналық және фарма-цевтикалық қызметті бақылау комитетінің Жамбыл облысы бойынша департементінің қорытын-дысынан мысал келтірсекте жеткілікті.

(МКФҚБД 05. 03. 2011. ж. кіріс № 5)

ҚР ДСМ медициналық және фар-мацевтикалық қызметті бақылау ко-митетінің Жамбыл облысы бойынша департементінің эксперттері «Жамбыл облысы әкімдігі денсаулық сақтау бас-қармасы Жамбыл аудандық орталық ауруханасы» мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорнында, көрсетілген медициналық көмектің сапасы бойынша жоспардан тыс 2010 жылы 19-30 қараша аралығында сараптама жүргізген, тексеру нәтижесін Сізге 2010 жылы 22 желтоқсанында жолдағанбыз. Қазақстан Республикасының 2007 жылғы 12 қаңтардағы №221 «Жеке және заңды тұлғалардың өтінішін қарау туралы тәртіп» заңның 11- бабына сәйкес тексеру қайталанып жүргізілген жоқ.

Тексеру нәтижесінде төмендегі анықталған фактілерді қайтадан жолдап отырмыз.

1. Сіз 17.08. 2010 жылы сағат 12.10 да Жамбыл аудандық аурухананың хирургия бөліміне «Сол аяқ табанын сүйегі жабық сынған» деген диогнозға жатқызылғансыз.

2. 2010 жылы 20-тамызында Сіз өзіңіздің жұбайыңызбен дәрігерге ес-кертпей ота бөлімінен кетіп қалғансыз және қайтып келмегенсіз. Оташы дәрі-гер С.Сейдалиев Сізді медициналық картада «ережені бұзды» деп көрсетіп, 23.08.2010. жылы аурухана тізімінен шығарған. Сіздердің араларыңыздағы келіспеушілік жайттарды С.Сейдали-евтің себебінен дәлелдеуге мүмкіншілік болмады.

3. 17.08.2010 жылы түсірілген сол аяқ табанының рентгенінде «сол аяқ табанының 3 және 4-ші сүйегі сынған» деп көрсетілген. Сіздің оташы дәрігеріңіз С.З.Сейдалиев рентгенде орын алған сынықты анықтай алмаған, яғни диогноз дұрыс қойылмаған. Бірақ бұл факті №1 қалалық ауруханада травмотология бөлімінде 2010 жылы 20 тамыздан 10 қыркүйек аралығында емделген уақытта, сол табанның 5 – сүйегі сынған және инфекциялы жара» диогнозы анықталған. 2010 жылы қазан айының 6-нан 15 аралығында жүргізілген медициналық құжаттардың сот —медициналық сараптамада 2 рет ренген жасалып ( 2010 жылы 13-қазанда №1 қалалық ауруханада 14-қазанда № 2 қалалық ауруханада) «Сол табанның 4-сүйегінің бітіп жатқан сынығы» бар екендігі дәлелденіп, Сіздің алған жарақатыңызды «денсаулыққа орта дәрежеде зиян келген» деп бағалаған.

4. Сізге көрсетілген медициналық көмектің сапасын жоспардан тыс жүргізілген тексеру анықтамасын Жамбыл облысы денсаулық сақтау басқармасына шара қолдану мақса-тында жолданып, оташы дәрігер Сейдалиев Сабырбек Заманбекұлына тәртіп-ті шара қолданып, ескерту берілген. Ота бөлімінің аға медбикесі Б.Сапақоваға және кезекші ембикелері О.Айтуова, И.Кенжетаеваға сөгіс берілген. Ал Сейдалиев Сабырбектің әрекетінде қылмыстық сипатты анықтау прокуратура қызметінің құзырына жатады.

5 Жамбыл облысы прокуратурасы 1-басқармасының №15 / 210-10 2011 жылы 11 науырызындағы сұранысымен тексеру анықтамасын және Жамбыл облыстық әкімдігінің денсаулық сақтау басқармасының қолданған іс-шараларын жолдадық.

О. Досқұлов

Қазақстан Республикасы денсаулық сақтау министрлігі

Медициналық және фармацевтикалық қызметті бақылау

Комитетінің Жамбыл облысы бойынша департаментінің директоры.

Жалған куәгерлер

өз сөздерінен

неге бас тартты?

Осы бір сот-сараптамасынан кейін Р.Жаппаровтың айыбы бар екенін көзі қарақты оқырманға түсіндірудің қажеті жоқ сияқты. Кейіпкеріміз Құралай екі жылға жуық аяқ саусақтары сынып, төсек тартып жатыпты. Аса ауылында қарапайым кітапханашы болып істейтін Құралай Асхатаеваның үш баласы бар. Күйеуі бірде жұмыс істесе, бірде жұмыссыз. Жалғыз табыспен күн көріп жүрген Құралай әлі де табанымен нық басып кеткені шамалы. Саусақ сынығын емдеймін деп жүріп қаражаттан әбден қысылыпты... Елдерден қарызға ақша сұраған күндері де болған екен. Р.Жаппаровтың келіп, көмегін бермеуі, халін сұрамауы, адамгершілікке жата ма? Қайта неше түрлі айла тәсілге салып, өзінің абырой-атағын пайдаланып «Не істесең, соны істе» деп қоққан-лоққы көрсетуін не деуге болады. Біз бұл мақаланы жазардан бұрын көптеген құзырлы орындардан хат арқылы жауап алдық. Р.Жап-паровтың небір айлаға басып, өті-рік куәгерлер тауып, өзін кінәсіз еткендігін, видиокамераға түсіріп алдық. Соның біразын сөйлетіпте көрелік:

Пірәлі Карибаев Р.Жаппаровты қор-ғап, жалған түсініктеме берген. Аса ауылының тұрғынымын.

Түсініктеме берген Пірәліге жо-лықтық. Өзі жазып берген түсінік-темеден ол мүлдем бас тартты. Маған бұл түсініктемені полиция қызметкерлері «қол қой» деп қолы-ма ұстатты. Оқымай қол қойып жіберіппін.

Жәмила Шарапқызы Құдайбергенова да сондай жалға түсініктемеден бас тартты. Себебі ол иесі Р. Жаппаровтың інісінің әйелі болып шықты.

Бұл жерде айта кетпегіміз. Түсі-ніктеме берген бес куәгер төрт түрлі түсініктеме берген. Нақты оқиғаны бергендер Мұратқызы Ғалия мен Әсел Оразымбетова. Өйткені олар, машина қаққан уақыттан бастап, жәбірленушінің қасында болған және ауруханаға апарып жатқызған. Олар жүргізушінің аузынан арақ иісі шығып тұрғаны-на дейін айтыпты. Түсініктемелер мазмұны медициналық және фар-мацевтикалық қызметті бақылау комитетінің Жамбыл облысы бойынша департаментінің жазған сараптамасымен дәлме-дәл келеді. Сөзіміз дәлелді болу үшін қаққан Р. Жаппаровтың да түсініктемесін айта кетейік:

— Аса селосындағы ЦОН орталығы жағынан шығып, Абай көшесі мен Түгелбай көшесіне түстім. Сол кезде алдымнан қарсы бағытта бір жип автокөлігі өтті. Артынша сол жақтан жүгіріп, асығып, жан-жағына қарамай бір келіншектің автокөлікке жақындап қалғанын көзім көрді. Келе жатқан менің автокөлігімді байқайтын емес. Сол кезде мен сигнал беріп автокөлігімнің тежегішін бастым. Әлгі әйел келіп автокөліктің алдыңғы дөңгелегімен қақтығысты. Әйелдің сол аяғының жа-рақаттанғандығын байқадым. Кідірместен әйелді автокөлікке отырғызып, аурухананың жедел жәрдем бөліміне алып бардым. Дәрігер тез арада жарасын жуып, таңып рентгенге жіберді. Мен сол жерде дәрігер Сабыр Сейдалиевке түсіндіріп, ішімдік ішпегенімді дәледеу үшін медициналық сараптамадан өткізуді өтіндім. Ол кісі медициналық сараптадан өткізудің мүмкіншілігі жоқтығын айтты. Бірақ бұл мәселе бойынша ішкі – істер бөліміне хабарлайтынын жасырмады. Дәрігерге оқиға «Азима» тігін шеберханасының алдында болғанын айттым. Рентгендік тексеруде аяқтың табан сүйектері мен башпайларының сынудан, жарылудан аман екендігін көрсетті. Дәрі-дәрмек, қандай да бір көмек керек болса, көмектесетінімді айттым. Дәрігер Сейдалиев дәрі жеткілікті екендігін айтты. Кейін әйелдің күйеуі Елепбайдан кешірім сұрап, көмек керек болса жәрдемімді аямайтынымды айттым. Бірақ ол қарсы болды.

Сыбайластық

жарға жығады

Бұл жерде айыпталушы Р.Жаппаров өзінің дәрігер Сабыр Сейдалиевпен бұрыннан қызметтес, дос екендігін айтпаған. Керек болса сүйегі жарылған жоқ деп тағы да өтірік жазыпты. Айтпақшы Р.Жаппаров мал дәрігері болып шықты. Сынған аяқты дәлелдеп облыстық сараптама нақты диогнозын қойып отыр емес пе? Біз Құралайдың күйеуі Елепайменде сөйлесіп, бұл оқиғаның анық-қанығын сұрап, автокөлік иесінен қандайда бір көмек болды ма? — деген сұрақ бердік.

— «Жоқ ондай жағдай болған емес, әуелі кешірімді де жөнді сұрамады. «Мынаған дәрі ал» деп он мың теңге ұсынды, он мыңды алудан арландым, өйткені біз екі жыл бойы емделуге неше жүз мың теңге жібергенімізді білемін. Менің келіншегімді машинаның астына жүгіріп келіп, қағылды деп өтірікті қалай жазады. Сап-сау адамды жынды қылып отыр. Егер ол ішпесе, кінәлі болмаса, «Ешкімге хабарламайық, дабыра етпейік!» деп неге айтады. Оның үстіне «Азима» тігін шеберханасының алдында болды деп тағы да өтірік жазыпты. Оқиға тура Абай мен Түгелбай көшелерінің қиылысында болған, оны да неше түрлі айлаға салып полицияға сызбасын өтірік сыздырған. Әсіресе, «мені не істеп аласың облыстық прокуратурада балам отыр» деген қорлығы өтіп кетті.

Жамбыл ауданының прокуроры кіші әділет кеңесшісі Ж.С.Туғанбаев-тың уәжі:

— Жол-көлік оқиғасы салдарынан К.М.Асқатаева дене жарақатымен Жамбыл аудандық орталық ауруханаға түскен, одан кейін Тараз қалалық ЖДЖА-бөлімінің «Жарақаттанғандар» бөлімінде емделген. 2010 жылдың қыр-күйек айының 21- жұлдызында Жамбыл аудандық ІІБ – анықтаушы тобының анықтаушысы А.Қалмен жол-көлік оқиғасы бойынша К.М.Асхатаеваның дене жарақатының дәрежесін анықтау мақсатында сот-медициналық сараптамасын тағайындаған.

Іс құжаттар бойынша процессуалды шешім қабылдау мерізімі 18.10. 2010 жылы аяқталғандықтан, ал сот- медициналдық сараптама қорытынды-сы дайын болмағандықтан, сол күні анықтаушы А Қалмен сот – медициналық сараптамасының қорытындысын алмай, 18. 10. 2010 жылы ҚР ҚІЖК- інің 37 бабы 1-бабының 2-тармақтарының талаптарын басшылыққа алып іс құжаттар бойынша қылмыстық іс қозғаудан бас тарту туралы процессуалды шешім қабылдаған. Аталған шешім заңсыз және мерізімнен бұрын, ҚР ҚІЖК-інің 24-бабының талаптарына сай істің мән – жайы жан-жақты, толық және обьективті түрде зерттелмеген. Сол себептен төмендегі негіздерге сай бұзылуға жатады. ҚР ҚК-інің 296 бабының бөліктерінде қылмыстық жауаптылық егер тұлғаның көлік құралын басқаруда жол жүру ережесін немесе көлік құралын қолдану ережесін бұзуы адам денсаулығына орта дәрежелі немесе ауыр дәрежеде зардап келтірсе немесе адам өліміне әкеп соққан жағдайда қарастырылады.

Сол себептен, тез арада жоғарыда көрсетілген жол-көлік оқиғасы бойынша К.М.Асхатаеваның дене жарақатының дәрежесін анықтау мақсатында та-ғайындалған сот-медициналық сарап-тамасының қорытындысын алып, ол бойынша процессуалды шешім қабыл-дау қажет.

Аудандық прокуротурасының кіші әділет кеңесшісі Ж.С.Туғанбаев бәрін заң жүзінде жазғанмен, іс жүзінде аспаған, орындалмаған күйінше қалады. Прокурордың жазуы бойынша сот -сараптамасы қылмыстық іс қозғауға болатынын жоғарыдағы сараптаманы әдейі жазып келтірдік. Прокурордың жазуы бойынша қылмыстық іс бар екенін Жамбыл аудандық АІІ – інің АТ-інің анықтаушысы, полиция капитаны Д.Нұралиев өз қаулысында мынандай сөз келтіреді. Енді сол қаулыдан мысал келтірейік:

Сот – медициналық сараптаманың қорытындысына сай К. М. Асхатаева «Орта» дәрежедегі дене жарақатын алған. Жаппаров Рахымбектің жаяу жүргізушіні жедел тежегішті басу арқылы автокөлікті жаяу жүргізуші линиясына дейін тоқтатып, қағып кетпеуге автотехникалық мүмкіншілігі болмаған.

Капитан Д.Нұралиевтың бұл қаулысы жоғарыдағы прокурордың сөзіне қарама-қайшы келіп тұр емес пе? Мысалы: прокурор Ж.С.Туғанбаев «Егер тұлғаның көлік құралын басқаруда жол жүру ережесін бұзуы адам денсаулығына орта дәрежелі немесе ауыр зардап келтірсе, адам өліміне әкеп соққан жағдайда қылмыстық құрам қарастырылған», — дейді.

Сөзімізді қорыта айтқанда шағымданушы Құралай Мұратқызы әділдіктің салтанат құрғанын қалайды. Дәл сол күні жүргізуші ақырын жүргенде, мұндай оқиға болмай, жәбірленуші дәл осылай екі жыл бойы сынған аяғымен азапты әуреге түспесте еді. Бұл іс жазатайым болса да, Р. Жаппаров емделуге көмектесіп, адамгершілік жасағанда оқиға бұлай заңды орындарға жетпей бейбіт жолмен бітер еді. Иә, бұған кішкентай оқиға деп қарамауымыз тиіс. Мұнда адам тағдыры жатыр. Сондай-ақ әділетсіздіктің үлкен, кішісі жоқ. Екі жыл бойы әділеттік іздеген Құралайдың әрекеті дұрыс.

 
Yorum yaz / share.thought
Жанайқай  Diğer Başlıklar
Алматыда қуғын-сүргін құрбандарының мұражайы неге жоқ?
Саяси тұтқындардың сүйегі шашылып жатыр
Біздің әулетте де аштан өлгендер көп
Аманбектің іздегені ақша емес, ақиқат
«Тар жол, тайғақ кешкен» Сарбалаев па, әлде мен бе?
Құдайдан қорықпағаннан қорық!
Қарасай әкімі қантөгіске жібермеді
«Аңқау елге арамза молда» деген осы шығар, сірә!
Сары Әулиеге қатысты үй дауының жаңа кезеңі басталды
Таклышевтің кесірінен «тар жол, тайғақ кештім»
Алаш рухын асқақтатқан батыр
Қи татыған су ішіп, қиналған ауыл
Қазіргі қазақ
Жемқорлықпен күрес бір сәтке де тоқтамайды
Құралайды жылатқан сынған аяғы емес тапталған намысы
Ұлттық телеарна қазаққа бұйырмаған
Жаңа кәсіпорынның іргетасы қаланбақ
Аманбектің іздегені ақша емес, ақиқат
Жамбылдың полицейлері қайда қарап отырады?
Атырауда баспанасыз жетімдер болмайды
Біздің әулетте де аштан өлгендер көп
Ашкөздік пен алаяқтықтың алды — ор
Елбасы қатаң тәртіп керектігін қадап айтты
Саяси тұтқындардың сүйегі шашылып жатыр
Yazarlar