Ağustos 15, 2012
 
 
 
 
 
 

Ашкөздік пен алаяқтықтың алды — ор

Қазақ ұлтының беделіне нұқсан келтіретін ашкөздік деген бір ауру жабысып, белең алып кеткенін жасыра алмаймыз. Ашкөздікті тек тамаққа деген тойымсыздық деп ұғынып келгенбіз. Ал қазір ашкөздіктің ауқымы өте үлкен. 

 

Адами құндылық барлық пен байлықтың, қалтаның қалыңдығының мөлшерімен өлшенетін уақытта адамдар күннен-күнге ақшаның құлы болып, оны табу жолында ашкөзденіп, неше түрлі қылмысқа шейін барғанын көзіміз көріп, құлағымыз естіп отыр. Қанағатсыздық етек алып барады. Ұят деген ұғым бұл маңайдан көшіп бара жатқан секілді.

Қазақты жаман әдеттерден аулақ болуға қалай шақырамыз? Күннен-күнге қоғамды жайлап бара жатқан көптеген оғаш қылықтарға қарсы қоятын тосқауыл күшті қайдан табамыз? 

Жуырда ғана теледидар бетінде сұхбат берген қазақтың жігіті киім-кешек сататын жайма базардағы таныс әйелге берген қомақты қарызын қайтаруын талап еткен кезде, анау басбұзар, ұрда-жық жігіттерді жалдап ұрғызып, көзін шығарып, соқыр еткенін айтты. Бұл жігітті жалдамалы кісі өлтіргіштерге құнын төлеп өлтіртіп жібермегеніне де шүкір деу керек. Ал оны жасатып отырған өзіміз әспеттеп аспанға көтеріп жүрген, ұрпақтың анасы деген қасиетті атауы бар қазақтың әйелі екенін көргенде, еріксіз жағаңды ұстайсың.

Ана бір жылдары 38 жастағы жас жігіт машинасына жинап жүрген қомақты қарыз ақшасын өте жақын жан жолдасына қарызға беріп, арада екі-үш айт өтпей аяқ астынан ажал құшты. Отбасы іздесе қомақты қаржы жоқ, кімге бергенін де білмей ата-анасы дал болып, ақыры әйелі маскүнемдікке салынып, әкесі ауру болып қайтыс болып, бүкіл бір әулет қайғылы трагедияға ұшырады. Ал жолдасының ақшасын алдап алып, қайтармаудың ең оңтайлы жолы — көзін жоюды іске асырған ашкөз жігіттің жер басып, күліп-ойнап жүргені шүбәсіз. Мұндайда жазаңды Құдай берсін деп жатады. 

Семей қаласының бірталай шал мен кемпірлерін алдап, арзан май-шай, тамақ өнімдерін әкеліп береміз деп алдап ақшасын алып кеткен Талдықорған қаласының екі жап-жас алаяқ әйелдері ұсталды. Өткен жылы Амангелді ауылына екі кештің арасында жеңіл көлікпен екі-үш қыз келіп, арзан бағамен алтындарды сатып, қарқ қылып, үш жүз мыңдай теңгені қалталарына басып тайып отырған. Барлық қағазы бар, жылтылдаған алтын деп алған бұйымдары құр сары темір екенін алданған жұрт ертеңіне бір-ақ біліп, санын соғыпты. Ол — ол ма, бір қыз отыз жыл жолдас болған шешесінің құрбысына келіп, арзан пәтер шығып тұр, алдын ала 2 мың АҚШ доллары көлемінде кепілақы бере қойыңыз деп алып кеткеннен біржолата қарасын жоғалыпты. Одан кейін әлгі құрбысының қызынан ақшасын сұраса қырық сылтау айтып, маңына жолатпапты. Сөйтсе, ол қыздың жалпақ жұртты алдап ақша тауып жүргеніне біраз жылдардың жүзі болыпты. Тіпті, құрамында 3-4 мүшесі бар бұл топ Алматы қаласының талай аузын ашқан аңқау адамдарының қомақты ақшаларын алып, зар қақтырыпты. Қолдарында бірталай банктердің де жалған мөрлі қағаздары бар көрінеді. 

Құқық қорғау органдары олардың қарасы көбейіп кеткені соншалық, қайсыбірін торуылдап қолға түсіреміз деп шарасыздық танытып отыр. Оңай олжа табудың жолында барлық айла-тәсілді ұтымды пайдаланып жүрген алаяқтардың ашкөздігі күннен-күнге ұлғайып, жазылмас аурудың бір түріне айналды.

Абырой, адалдық, ұят деген адами құндылықтарды ол адамдар бәз баяғыда-ақ қалталарына бүктеп салып алған. Қоғамдық пікірден үркіп-қорқып жүрген ешқайсысы жоқ. Базарға барып ет алсаң гірінен алдайды, құрт алсаң ішіне әк, ұн қосып, сүтіне су қосып, беттері шімірікпей сатып тұрады. Біздің ел боламыз, ұлт боламыз деп қуанғанда көретініміз осы ма еді? 

Мұның сыртында әлімжеттікке салынып, бір-біріне оқ атып, пышақ сілтеп қырылып жатқандар қаншама. Осындай лаңның басты себебі оңай ақша табу жолындағы ашкөздік ауруы десек, қателеспейміз. Қоғам бүлініп, халық арасында сенімсіздік, алауыздық орныға бастады. Бір-бірін қаралап, бір-бірін жаралап жүрген де біздің қазақ. Бір-бірін атып, бір-бірін сатып жүрген де біздің қазақ. Байлықтың тізгінін ұстап, шалқып өмір сүру жолында жасалатын қылмыс түрлері көбейді, адамдардың мүдделерінің үстімен жүре беруге бар. Қасиетті жер деп саналатын бейіт басына қойылған темірлерді талқандап алып, ақша жасайтындардың да қарасы көбейді. Ұлттың сана-сезімінің төмендеп кеткені соншалықты, кейбір ұлдарымыз қанішерлікті, қыздарымыз жезөкшелікті кәсіп ете бастады. Оларды ауыздықтауға құқық қорғау органдарының, қайта тәрбиелеуге қоғамның шамасы жете ме? 

Осы жуырда бір әңгіме естідім. Елдің малын ұрлап алып келіп, баласы ауласында сойса, шешесі ішек-қарнын аршып, көмектеседі екен. Баукеспе, ұры баласы әлденеше рет абақтыға қамалып шықса да бұл әдетін қоймапты. Оған «тәйт» дейтін шешесінің түрі анау болса, баласы қайда барады? Заман бұзылды ма? Адам бұзылды ма? Түпсіз қараңғы зынданнан адам шошырлық талай қылмыстар күн сайын керең құлақтай өсіп шығып, толастамай отыр. Бұл жазылып отырған жаман әдеттердің шет жағасы ғана, шындап терсек шаш жетпейді. Жақсымыз деп кеуде керіп жүргіміз келеді. Ал сонда адамға жат, оғаш қылықтарымызды қайда апарып жасырамыз? Айтпасақ ауруға ұшыраймыз. Емдемесек дендеп кірген дертке айналып бара жатыр. Күні ертең ол ұлттың ұрпағына қауіп-қатер төндірмесіне кім кепілдік береді?

 
Yorum yaz / share.thought
Қамшыбасар  Diğer Başlıklar
Рухыңды түсірме, ағайын!
Капитализм қазақтың көз жасына қарамай тұр
Жарнама ілуде жадымызға сақтар жайттар көп
Найманға күл шашу – Қазақты кемсіту, Уәке!
Улы пакеттен келер пәлекет
Жер мен су ешкімдікі емес, ол халықтікі
Әу, қазақ, қалған жоқ па намыс бойда?
Айығу
Айналайын әкім, ауыл тағдыры сенің қолыңда!
Арқалықтықтардың мұңы Үкіметке қашан жетеді?
Бөрі де бөлтірігін таламайды
Адамдар айуанға айналып бара ма?
Ұлтымыз ежелден спортқа ғашық ел
Атырау аламанда алға шықты
Жер мен үй жесірдікі ме, жетімдікі ме?
Қазақ гибридінің гуілі
Әр адам — мемлекеттің зор байлығы
Cегіз айға созылған қудалау
«Менің жүрегім тек Қазақстан деп соғады!»
Жұмыссыз жас маман қайда барады?
Бауырлас қос елдің татулығына сына қаққысы келгендер жазалануы тиіс!
Руға, жүзге бөлінгендерді «Тәйт!» деп тыятын кез жетті
Қошқар ата қалдық қоймасы әлі де қауіпті
Құралайды жылатқан сынған аяғы емес тапталған намысы
Yazarlar