Айттың өзіне лайық жарасымды да сауабы мол амалдары жетерлік. Сол таңда ерте оянып, ғұсыл құйынып, дәрет алып, таза, жаңа киім киіп, жұпар иіс сеуіп, айт намазына қатысу – сүннет. Айтта ата-ана мен қарияларға сәлем беріп, батасын алу, сырқат кісілердің үйіне (ауруханаға) зиярат етіп, көңілін сұрау да ізгі амалдар қатарына жатады.
Араздасып қалған кісілермен татуласып, қатынас үзілген туыстардың үйлерін ара-лаудың да маңызы ерекше. Көңілі жабырқау, қамқорлыққа мұқтаж жандар мен жоқ-жітік-тер айт күндерінде көбірек көмек-қолдау, садақа күтіп, дәметері хақ. Сондықтан да мұндай жандарға қайыр-садақа үлестіріп, көңілдерін аулаған абзал.
Республика мұсылмандары Елбасы Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев жүргізіп отыр-ған салиқалы ішкі және сыртқы саясатына қолдау білдірумен қатар ұлтаралық ке-лісім мен діндераралық төзімділікті одан әрі нығайтуға, сүйікті Отанымызды өркендету мен оның мәдени, рухани құндылықтарын сақтап, дамыта түсуге мұнан былай да күш-жігерін аямай жұмсай береді деп сенеміз. Біздегі бүгінгі өзара сыйластық пен жарасымдылық, ынтымақтастық пен діндерге деген құрмет – басты мақсатымыз болып қала береді. Біз, бұл жетістіктеріміз үшін Алла тағалаға сансыз мадақ айтып, шүкірлік етуге тиіспіз.
Елбасы Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың елімізді әлемнің бәсекеге қабілетті елу елінің қатарына қосу жөніндегі бастамасына нақты іспен барынша қолдау білдіріп, бір жағадан бас, бір жеңнен қол шығарайық.
Елім, жерім, дінім, Отаным, халқым деп жар құлағы жастыққа тимей жүрген Елбасы мен ел қамындағы асыл азаматтарымызға Алла тағала жар болғай! Ойға алған іс-жоспарла-рын жүзеге асыруға күш-қуат бергей! Асыл дініміз шақырғандай бейбіт әрі өзара сый-ластық пен ынтымақта өмір сүрер болсақ, онда мұнан да қарқынды дами түсеріміз хақ.
Алла тағала Рамазан айында ұстаған оразаларымыз бен құлшылық-ғибадат-тарымызды қабыл етіп, екі дүниенің ба-қытына бөлегей! Халқымыздың ынтымақ-бірлігін арттырып, ырыс-несібесін адалынан молайтқай! Дінімізге қуат, өзімізге иман байлығын бергей! Әумин!