Бүгінгі бала — ертеңгі азамат. Өмірге қадам басқан әр баланың ой-өрісінің шыңы — көркем әдебиет. Бала қиялына баспалдақ болар әңгіме, тақпақ жазу қиынның қиыны. Жазарсың-ау, оны бала жүрегі қабылдай ала ма? Көңіліне қонып, құштарлығын арттырып, ойын баласын ойландыра білсе құба құп.