Ağustos 15, 2012
 
 
 
 
 
 

Рамазан айына қалай дайындаламыз?

Биылғы Рамазан жаз айларының ыстығына дәл келетіндіктен ауыз бекіткен жамағатқа дінімізде сабырдың орны үлкен екенін еске түсіретіндей.

 

 Ғалымдар сабырдың үш жағдайда адамға өте қажет екенін білдірген. Олар: күнә істемеуге, тағдырдың қиындықтарына және құлшылық жасауға деген сабыр мен шыдамдылық.  Расында оразада адамның сабыры мен төзімділігі сынға түседі. Хадистерге жүгінсек, «сабырдың діндегі орны денедегі бастың орнындай». Сондықтан тақуа мұсылмандар ақыреттегі ыстық отты еске ала шошынып, бұл дүниедегі күннің ыстығына мейлінше разы көңілмен төзімділік танытып, құлшылықтарын жалғастырған. Оның үстіне өмірдің қиындығына төзген сайын берілетін сауаптың да арта түсетіні тағы бар. 

Жалпы Рамазан айына деген дайындығын мұсылмандар Режеп айында-ақ бастап кетеді. Өйткені Режеп Шағбанды, ал Шағбан Рамазанды сүйіншілейді. Әуелгі екі қасиетті ай Рамазан айына деген рухани дайындықты пысықтау тұрғысынан аса маңызды. Режепте тілімізді бейпіл сөздер мен ғайбаттан, өсек пен өтіріктен тыйып, зікір мен тәсбих айтуға ден қоя бастаймыз. Қарап жүріп тілімізден күнә тауып алмауға тырысамыз. Ешкіммен жанжалдаспауға, әр-кез ауыз бекітуге дағдылана бастаймыз. Парыз намаздарды нәпіл ғибадаттармен толық-тырамыз. Сауапты істеріміз бен садақаларымызды көбейтеміз. Рухани азығымызды қамдап, діни тәлімімізді молайтып, Қа-сиетті айларды өз деңгейіне сай қадірлеуге бар ынтамызды саламыз. Режеп, Шағбан ай-ларын жақсы күткен мұсыл-ман Рамазан айын толық дайындықпен қарсы алады. Оразаға әдеттенгендіктен ендігі жерде оразаны кемел ұстауға жанын салады. Дене мүшелерін де жамандықтардан тыйып үйреніп қалғандықтан, оларды да қадағалауын күшейтеді. Нәпсісін тыйып, ойын таза ұстауға әдет-тенгендіктен сол жақсы әдетін жалғастырады. Миғраж, Барағат секілді қасиетті түндерді қалай құрметтегендей, Қадір түнін де толықтай ізгілікте өткізеді. Туыс-туғандарына қарайласып, ата-анасының разылығын алуға пейіл танытады. Мойнында кісі ақысы бар-жоғына мән бере-ді. Көрші-қолаң, алыс-жақын ағайындарына, таныстарына осы айлардың қасиетті шарапа-тын сездіруге тырысады. Жұртқа көбірек жақсылық жасап, діни білімін кемелдендіруге ден қояды. Былтырғы Рамазанға қарағанда биылғы Рамазанда Аллаға анағұрлым жақындай түсуге, ардақты Мұхаммед пайғамбарымызды (с.ғ.с.) ана-ғұрлым жақыннан тани түсуге пейіл танытады. Сүре-дұға жаттап, танымын молайтады. Осылардың барлығы да қасиетті айларда үлкен сауапқа батыратын істер. Алла өзіне жақындай түскен құлын жақсы көреді. Бір құлы тәубеге келгенде қатты қуанады. Мүминнің жақсы ниетіне де сауап жазады. Сондықтан мұндай мүмкіндікті сәтті пайдалана бі-лу керек. Рамазан айы, Қадір түні Алланың құлдарына деген мейірімі. Құран да осы айда түскендіктен, Құранды көп оқып, түсінуге ықылас танытқан жөн. 

Жаратушы иеміздің рақым қазынасы шексіз. Сол себепті «Менен ғана тілеңдер» дейді. Жомарттығы да шексіз. Сондықтан ауыз бекітушіге сауапты да молынан бермек. Құлшылыққа берілген, сауапқұмар сүйікті құлдарына ақыретте жәннатты нәсіп етіп, жамалын көрсетуге уәде беруде. Сондықтан екі дүниенің де бақытын көздеген жандар Рамазан айына деген рухани дайындығын күн санап пысықтай бергені жөн.

 
Yorum yaz / share.thought
Дін  Diğer Başlıklar
Жастардың қолымен от көсемейік!
Алаш ардақтыларының әйел жайлы пайымдаулары
АЛЛАҒА МАДАҚ, ПАЙҒАМБАРЫМЫЗҒА (С.Ғ.С.) САЛАУАТ
Қияли емшісымақтардан сақтанайық!
Хақ дінде терроризм түсінігі бар ма?
Иран үкіметі қамауға алған ниматуллаһшылар дегендер кімдер?
Бүгінгі шиеленіскен діни ахуалдың себеп-салдарлары
«Шахид болу» идеологиясының қателігі
Қасиетті Құрбан айт мерекесі құтты болсын!
Елдегі діни ахуал, өзгерістер біздің бағытымыздың дұрыс екенін көрсете бастады
«Қазақстанда ислам дінін тарату тұжырымдамасы» халыққа не бермек?
Иә, шынында да, Алланы алдай алмаймыз
Ұлтымыз ежелден спортқа ғашық ел
Атырау аламанда алға шықты
Жер мен үй жесірдікі ме, жетімдікі ме?
Қазақ гибридінің гуілі
Әр адам — мемлекеттің зор байлығы
Cегіз айға созылған қудалау
«Менің жүрегім тек Қазақстан деп соғады!»
Жұмыссыз жас маман қайда барады?
Бауырлас қос елдің татулығына сына қаққысы келгендер жазалануы тиіс!
Руға, жүзге бөлінгендерді «Тәйт!» деп тыятын кез жетті
Қошқар ата қалдық қоймасы әлі де қауіпті
Құралайды жылатқан сынған аяғы емес тапталған намысы
Yazarlar