Иә, Молдахмет Қаназ қаймағы бұзылмаған, іргесі сөгілмеген ауылдың бел баласы. Сыр бойында, Қазалыдан батысқа қарай жиырма шақырымға жетпейтін жерде, Бекбауыл бекетінде туып-өскен. Әруақты Жанқожа батырдың ізінен шыққан Бекбауыл әрі би, әрі батыр. Молдахметтің де тегі сол батырлардан тараған.