|
|
 |
Әлеумет
|
|
|
«Менің неге депутат болғым келеді?»
|
|
Осындай ойын ортаға салған Мұхтар Шаханов: — Біздің елде демократия коррупциялық демократияға айналды. Өзім депутат болған 2,5 жылда ұлттық мүдде тақырыбын қозғап 63 рет ресми мәлімдеме жасадым. Қазір бәрін ресми партиялар шешеді. Біз кезінде 60 мың жақтастарымызды топтастырып, “Халық рухы” партиясын тіркеуден өткізуді көздедік.
|
|
|
Бірақ, бізді билік әлі күнге ресми түрде танымай келеді. Егер біздің партия тіркелсе, мен Парламент депутаттығына бару-бармасымды ойланатын боламын. Маған биліктің еш қажеті жоқ, менің мақсатым — ұлттық мүддеге қатысты мәселелерді шешу. Соның ішінде қазіргі күні өте өткір қойылып отырған тіл мәселесі де бар. Тәуелсіздік алғаннан бері 20 жыл өтсе де, тіл жағдайын жақсартуға қатысты оң 20 қадам да жасалған жоқ. Егер билік қаласа, бұл мәселені шешу оп-оңай. Мысалы, билік тарапынан таңертең қаулы шықса, түстен кейін барлық министрлер мен әкімдер қазақ тілінде сөйлеп шыға келеді. Ал, қазір биліктің дені қазақ тілін өздері білмейді, сол себепті қазақша сөйлемейді. Осыған дейін қазақ тілін үйрететін курстар ашылып, әдістемелік кітаптар, т.б. көптеген жұмыстар атқарылуы тиіс еді. Бізде бәрі қағаз жүзінде ғана қалып келеді. Өз басым орыс тіліне қарсы емеспін. Кез келген мемлекеттік тілдің сол жерде оны дамытып, өркендететін өз Отаны бар. Орыс тілінде ондай ел — Ресей. Қазақ тілінде де сондай ел болуы керек, ол — Қазақстан. Кез келген елдің мемлекеттік тілдің дамуына негіз жасайтын өз заңы мен нормасы болады. Бізде ондай заң жоқ. Сондықтан бүгінгі таңдағы әңгі-ме мемлекеттік тілдің дамуына қажетті шынайы, заңды негіз қалыптастыру жө-нінде болып отыр, — деп мәлімдеме жасады.
|
|
|
|
|
|
Ермек Сахария
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|