Ekim 28, 2014
 
 
 
 
 
 
Үнді фильмдері туралы 10 дерек

Баршамыз үндінің махаббат пен сұлулыққа, ержүректік пен мейірімге толы фильмдерін тамашалап  бойжеттік, ержеттік. Біріміз Метхунға еліктесек, келесіміз Шах Рукх Ханға ғашық болып, үшіншіміз Айшварияның сұлулығына тәнті болдық  және сол киноларды көруден ешқашан жалыққан емеспіз. 

Қазақ, өзбек, үнді «Келіндерінің» экрандағы бейнесі қандай?

Кертартпа қазақ «Келіні»

Бүгінгі келін, ертеңгі бүкіл ұлттың анасы, ерінің айнасы болатын әр ел келіндерінің киноэкрандағы бейнесі қандай? Саралап, салыстыра отырып әңгіме басын өзге емес, өзімізден бастасақ.

Сәкен әншінің мәрттігі

«МузАрттағы» Сәкен аға Майғазиевті білмейтін қазақ кемде-кем шығар. Ол кісінің әсем дауысына, бұрынғының серілеріне тән сырбаз кейпіне қарап-ақ ерекше сүйсінетінбіз, құрмет тұтатынбыз. 

Қылқалам шеберлері неге жетімсіреп жүр, министр мырза?

Сурет кез келген бейнелеу өнерінің, яғни кескіндеменің де, сәулеттің де, мүсіннің де іргетасы саналады. Тіпті, сурет — кез келген ғылымның қайнар көзі мен түп тамыры. Алайда қарапайым халық өнердің бастауын тек әнмен байланыстыра қарайтын бүгінгі таңда сурет өнерінің назардан тыс қалғаны жасырын жайт емес.

«Ғасыр әні» кеші немесе «подписка» жасаудағы табандылық

Жақында жыл сайынғы дәстүрге айналған «Жұлдыздар отбасы» журналының «Жыл әні-2012» ән кеші болып өтті.

Мағжан сенген жастардың «күйсегені» осы ма?

Адам қоғамды, қоғам адамды кінәлаған бүгінгідей  өзгермелі заманда жас буынға деген сенімнің сейіліп, көзқарастың өзгергені жасырын жайт емес. Дегенмен, «арыстандай айбатты, жолбарыстай қайратты, қырандай күшті қанаты, мен жастарға сенемін», — деп марқасқа ақынымыз Мағжан сенген жалынды жастарымыз қоғамда  бар екендігіне күмәнмен қарайтынбыз. Жо-жоқ бар екен, шүкір! Жақында оның куәсі болып қайттық. 

Қырғыздың «Кызыл оругі» қазақтың мысын басты

«Жұлдыздар отбасы» және «Аңыз адам» республикалық жастар журналның ұйымдастырумен өткен «Жыл әні -2012» концертінде

"Шал" фильмі тәңіршілдікті насихаттай ма?

Қазан айында көрерменге жол тартқан белгілі америкалық жазушы Эрнест Хемингуэйдің «Шал мен теңіз» шығармасының негізінде түсірілген «Шал» фильмі жөнінде қоғамда сан түрлі пікірлер айтылуда. 

«Ғашық жүректегі» даңқ пен дақпырт немесе көрермен тағы да алданды

Жақында 25 бөлімнен тұратын «Ғашық жүрек» телехикаясы өз мәресіне жетті. «Ғашық жүрек» 1, 2 диалогиясынан кейін жарық көрген қазақ киноөндірісінің осы бір өніміне көрермен ретінде іштегі қыжыл мен запыран «комментарий» айтқызбай қоймады.

Астана түркі әлемі мәдени жылын қорытындылады

30 қараша күні Астана қаласындағы Бейбітшілік және келісім сарайында «2012 жыл Астана — түркі әлемінің мәдени астанасы» жылының жабылуына байланысты салтанатты кеш өтті.

Ұлт рухты көтеруге қызмет етсін

Сазгерлікпен айналысатын саусақпен санарлық  санаулы  қазақ әйелдерінің  бірі Серікжамал Әжібекова бүгінде Талдықорған қаласындағы өнер мектебінде дәріс береді. Бүкіл саналы ғұмырының 45 жылын дарынды жас ұрпақ бойындағы әншілік қасиеттің дамуына өлшеусіз үлес қосқан ұстаз, шынайы сезімге толы сан алуан  тақырыптағы әндері республикалық, облыстық деңгейде кеңінен орындалып жүрген сазгер Серікжамал Нүсіпқызымен бүгінгі қазақ әндерінің жай-күйі жайында әңгімелескен едік.

Қазақтың «екінші Шәмшісі»

Сазгер, ақын, әнші Ержан Серікбаев 1961 жылы туылған. 2011 жылы қыркүйек айының 24-і күні, 49 мүшел жасында жол оқиғасынан көз жұмды. Осы жасында туған халқына теңдессіз көп туындыларын қалдырып кетті. Әр туындысының зілдей-зілдей салмағы бар еді шіркін. Ақын, сазгер, әнші Ержанды бір-ақ сөзбен «сері» деуіміз керек.

 

Алты жылда «Алтын жүрек» атқарған алып істер

Жомарттықты насихаттап, қайырымдылықты қанға сіңіру мақсатында ұйымдастырыл-ған «Алтын жүрек» жобасына биыл 6 жыл. Қайырымдылық саласындағы ең беделді бұл сыйлықтың биылғы кезекті жұмысы яғни өтініштерді қабылдау 1 тамыздан 30 қыр-күйекке дейін жалғаспақ.

...
...
«Жаужүрек мың бала» сардары Сартай тарихта болған ба?

немесе фильмнің “әттеген-айлары” мен ұтымды тұстары Жалпыұлттық прокатқа 2012 жылдың 3 мамырында шығып, кинотеатр экрандарынан көрерменіне жол тартқан, отандық кино туындыларының ішінде қалың көрерменнің ыстық ықыласына бөленген, БАҚ өкілдері жарыса жазған «Жаужүрек мың бала» фильмінің енді DVD нұсқасы жарыққа шықты. 5000 таралыммен екі тілде жарық көрген дискілердің алғашқы нұсқалары Алматы қаласындағы №1 балалар үйінің тәрбиеленушілеріне тегін таратылды. Астана күнінің аясында фильмнің теледидарлық нұсқасы «Қазақстан» және «Хабар» телеарналарынан көрсетілгенімен кейбір алыстағы аймақ тұрғындары әлі де оны тамашалай алмай отырғаны жасырын емес. Осы мақсатта дайындалған фильмнің DVD нұсқалары бүгінде «Меломан» дүкендеріне сатылымға түсті. Қазақ халқының рухын биіктететін, ынтымағын нығайта түсетін патриоттық фильмді енді еліміздің шалғай аймақтарындағы жұртшылық та тамашалап жатыр.

section.detail.previous section.detail.today
Қамшыбасар