Дөңгелек үстелде алғаш-қылардың бірі болып сөз алған аудандық салық бас-қармасы бастығының міндетін атқарушы А.Абенов жегі құрттай қоғам өміріне ерекше зиянын тигізіп жатқан сыбайлас жемқорлықпен күрестің кез келген мекемелердегі сияқты Салық басқармасында да негізгі бағыттардың бірі екендігін және күн тәртібінен еш түспейтінін, сонымен қатар бұл індетті болдырмау жолында жасалып жатқан кешенді іс-шаралар жайына тоқталды.
«Нұр Отан» ХДП Ұйғыр аудандық филиалы төраға-сының бірінші орынбасары М.Нуров өз сөзінде салық төлеушілердің сенім деңгейін арттыру, салық қызметі ор-гандарындағы стратегиялық міндеттерді шешу үшін сыбайлас жемқорлық аясын тарылту жолында қажетті шараларды тұрақты түрде жүргізу керектігін атап көрсетті. Сонымен қатар, ол «Нұр Отан» ХДП-ның бұл жауапты істегі атқарар рөлі мен қызметінің ерекше екендігін де тілге тиек етті.
Аудандық прокурордың кө-мекшісі, 2-ші сынып заңгер А.Мұқышев те өз сөзінде Заң азаматтардың құқықтары мен бостандықтарын қорғауды, сыбайлас жемқорлыққа ба-ғытталған әрекеттердің алдын алуды, оларды ашу мен зардаптарын жоюды қамтамасыз ететіндігін жеткізді.
Ал «Іле өңірі-Или тәвәси» газетінің бас редакторы А.Аблизов, сыбайлас жемқор-лықпен күресте тек құзіретті органдардың ғана емес, ақпарат құралдарының да атқарар рөлінің зор екендігін, сондықтан кез келген соны ақпарат оқырман назарынан тыс қалмайтынын айтты.
Жиын барысында қонақтар-ға салық қызметкерлері тарапынан түрлі сауалдар қойылып, соңғы қызу пікірталасқа ұласты. Ескерте кетер бір жайт, мұндай дөңгелек үстелдердің түрлі тақырыпта, түрлі мекемелер арасында жиі болып тұруы, қоғам өміріне оң әсер етіп, азаматтардың еркін еңбек етуі мен өмір сүруін қамтамасыз етуімен ерекшеленіп отыр.