Ekim 05, 2011
Аймақтар айнасы

Инвестиция құюға қолайлы өңір

Соңғы жылдары Ақтөбе аймағы өз бизнестерін Қа-зақстан жерінде өркендетуді қалайтын шетелдік инвесторлар үшін неғұрлым тартымды бола түсуде. Мәселе — біздің өңірдің географиялық қолайлы жағдайда орналасқандығында және тармақталған транспорттық инфрақұрылымдары болғанды-ғында ғана емес, ең бастысы оның өнеркәсіптік әлеуеті мен интенсивті экономикалық дамуында.      


Etkileşim Kutusu
Video Foto Ses
Yazıcıya Gönder Arkadaşına Gönder
Yorum yaz
Yorum Oku

Біздің облысымызға «NADLoC» жергілікті қамтуды дамыту бойынша ұлттық агенттік» АҚ басқармасы төрағасының бірінші орынбасары Серік Жұман-ғариннің басқаруымен келген бір топ ресейлік және белорустық кәсіпкерлер де осы тұрғыдан өздерінің мүдделерін көздегені мәлім. 

Делегация басшысы өз сө-зінде аймақтың экономикалық қуатына жоғары баға бере келіп, Қазақстанға, Ресейге және Белоруссияға тән ортақ қалып, өзара түсіністік пен өндірістің құрылымдық ұқсастығы бірлескен бастамалардың табыстылығын қамтамасыз ететіндігін атап көрсетті.   

Белорус бизнесмендер ауыл шаруашылығы техникасын шы-ғаруды жоспарлап отырған «Себек агро» жергілікті фирмасын мысалға келтіре отырып, ақтөбелік әріптестерімен ынтымақтастықтың оң тәжірибе-сін ортаға ұсынды.   

Қонақтар бірлескен бизнесті дамыту бойынша келешегі бар бірқатар ұсыныстарын білдірді. Мәселен, бұрынғы қорғаныс кәсіпорны базасында құрылған Брест электро-механикалық зауытының өкіл-дері ақтөбелік кәсіпкерлерге ауыл шаруашылығы техникасы өндірісі бойынша  бірлескен кәсіпорын ашуды ұсынды. Бүгінгі күні зауыт ауыл шаруашылығы жұмыстарының  сапасы мен тиімділігін  арттыратын техни-калардың ауқымды бөлігін игергендігі айтылды.  

Сонымен бірге газ жабдықтары мен электр энергиясы есептегіштерін, адам денесін емдейтін портативті медициналық аппараттарды бірлесіп шығару туралы ұсыныстар білдірілді. Әртүрлі лампалар жасау үшін қорғасынсыз әйнектен әйнек құбырларын шығару бойынша да ойлар айтылды. 

Ресейдің Алапаев асбест руднигінен келген өкілдер нанотехнологияда, энергиялық күн батареяларында жұмыс істейтін трансформаторлар, энергия сақтайтын жарық диодты лампасы өндірісін ашу бағыттарында ұсыныстарын білдірді.        

«Ақтөбе» әлеуметтік-кәсіпкер-лік корпорациясы басқармасы-ның төрағасы Серғазы Есембаев қонақтарды Ақтөбеде арнаулы экономикалық аймақ құру туралы жоспарларымен, кәсіпкерлікті дамыту бағдарламаларымен таныстырды. 

Облыс әкімінің орынбасары Роза Кемалова кездесу қоры-тындысында айтылған ұсыныс-тар жақсы істердің бастауы болатындығына сенім білдірді.

29.09.2011

Жетпісбай Жанахметов
 Diğer Başlıklar
Бос жұмыс орны жәрмеңкесі
Тас жол жөндеуден өтті
Тұрғындардың шағымдары назардан тыс қалмайды
2015 жылға дейін 26 мектеп салынбақ
Ленинге көрсетілген құрмет Ахаңа бұйырмай тұр
Мұғалім мәртебесін көтеру — білімді көтеру
Ақтоғайдағы мұражай — шежіре көзі
Жағдайы мүшкіл Жайығымды құтқарсам деймін
Ұстаз — өнeгeсімeн ұстаз
Барсакелместе құландар көбейіп келeді
Қызылжар қырманынан 100 мың тонна бидай жеткізілмек
Шаруаға бейнeттің зeйнeтін көру оңай емес

Ең көп оқылытын хабарлар

“Қазақтың нанын жеп, ауасын жұтып отырып, оның тілін менсінбеушілер елдеріне кетсін!”
350 мың кәрі қыз тағдыры мемлекетімізді де қатты алаңдатуы тиіс
Орал өңірі газдандырудан алда
Иә, шынында да, Алланы алдай алмаймыз
Экономикалық кеңістік кіріптарлыққа түсірмей ме?
«Мемлекеттік тіл — менің тілім»
«Менің неге депутат болғым келеді?»
Жан қалауым жарып шығып, өнерге оралдым
Қандай зайырлылықты ұстанатын болдық?
Инвестиция құюға қолайлы өңір



Copyright© KAZAKİSTAN ZAMAN
www.kazakzaman.kz