Естеріңізге сала кетейік, ҚР ҰҚК-нің «Найза» шекаралық кішкене кемесіндегі жағдай 28 маусым күні орын алды. Төтенше оқиға орнында болған біздің де-реккөзіміздің ақпаратынша, ол сол күні кешке Қаражанбас ауданында жағадан 14 шақырым жерде болды. Бұл жерді балықшылар «кеме моласы» деп атап кеткен. Кеңес заманынан бері бұл ауданда бірнеше ірі және орташа баржалар батып кеткен. Шекаралық кішкене кеме осы баржалардың біріне тап болып, тесіліп, суға батты.
Батыс аймағының әскери прокуроры Талғат Бекбергеновтың ақпаратынша, кеменің экипажы көшірілді. Теңізшілер арасында зардап шеккендер жоқ. Кеменің қаншалықты бүлінгені және оның алдағы тағдыры туралы ақпарат жоқ.