Ekim 05, 2011
Әлеумет

«Менің неге депутат болғым келеді?»
Мұхтар Шаханов

Осындай ойын ортаға салған Мұхтар Шаханов: — Біздің елде демократия коррупциялық демократияға айналды. Өзім депутат болған 2,5 жылда ұлттық мүдде тақырыбын қозғап 63 рет ресми мәлімдеме жасадым. Қазір бәрін ресми партиялар шешеді. Біз кезінде 60 мың жақтастарымызды топтастырып, “Халық рухы” партиясын тіркеуден өткізуді көздедік.


Etkileşim Kutusu
Video Foto Ses
Yazıcıya Gönder Arkadaşına Gönder
Yorum yaz
Yorum Oku

 Бірақ, бізді билік әлі күнге ресми түрде танымай келеді. Егер біздің партия тіркелсе, мен Парламент депутаттығына бару-бармасымды ойланатын боламын. Маған биліктің еш қажеті жоқ, менің мақсатым — ұлттық мүддеге қатысты мәселелерді шешу. Соның ішінде қазіргі күні өте өткір қойылып отырған тіл мәселесі де бар. Тәуелсіздік алғаннан бері 20 жыл өтсе де, тіл жағдайын жақсартуға қатысты оң 20 қадам да жасалған жоқ. Егер билік қаласа, бұл мәселені шешу оп-оңай. Мысалы, билік тарапынан таңертең қаулы шықса, түстен кейін барлық министрлер мен әкімдер қазақ тілінде сөйлеп шыға келеді. Ал, қазір биліктің дені қазақ тілін өздері білмейді, сол себепті қазақша сөйлемейді. Осыған дейін қазақ тілін үйрететін курстар ашылып, әдістемелік кітаптар, т.б. көптеген жұмыстар атқарылуы тиіс еді. Бізде бәрі қағаз жүзінде ғана қалып келеді. Өз басым орыс тіліне қарсы емеспін. Кез келген мемлекеттік тілдің сол жерде оны дамытып, өркендететін өз Отаны бар. Орыс тілінде ондай ел — Ресей. Қазақ тілінде де сондай ел болуы керек, ол — Қазақстан. Кез келген елдің мемлекеттік тілдің дамуына негіз жасайтын өз заңы мен нормасы болады. Бізде ондай заң жоқ. Сондықтан бүгінгі таңдағы әңгі-ме мемлекеттік тілдің дамуына қажетті шынайы, заңды негіз қалыптастыру жө-нінде болып отыр, — деп мәлімдеме жасады.

 

29.09.2011

Ермек Сахария
 Diğer Başlıklar
“Қазақтың нанын жеп, ауасын жұтып отырып, оның тілін менсінбеушілер елдеріне кетсін!”
Орал өңірі газдандырудан алда
Солтүстік астығы жүрегімді қуанышқа бөлeді
Айтылған сөз — атылған оқ
Үш білім ошағының бәрі де қазақ тілінде ашылды
Қазақ тілінің мәртебесін асырған операторлар
Қуырдақтың көкесі әлі алда
Шығыс күндері Астананы дүр сілкіндірді
Басқармалар жемқорлықтан алда тұр
Билік мықты ма, Мағбат мықты ма?
Қытаймен тауар айналым 40 миллиард
Тәуелсіздік ұлттық рухымызды оятты

Ең көп оқылытын хабарлар

“Қазақтың нанын жеп, ауасын жұтып отырып, оның тілін менсінбеушілер елдеріне кетсін!”
350 мың кәрі қыз тағдыры мемлекетімізді де қатты алаңдатуы тиіс
Орал өңірі газдандырудан алда
Иә, шынында да, Алланы алдай алмаймыз
Экономикалық кеңістік кіріптарлыққа түсірмей ме?
«Мемлекеттік тіл — менің тілім»
«Менің неге депутат болғым келеді?»
Жан қалауым жарып шығып, өнерге оралдым
Қандай зайырлылықты ұстанатын болдық?
Инвестиция құюға қолайлы өңір



Copyright© KAZAKİSTAN ZAMAN
www.kazakzaman.kz