Temmuz 31, 2012
 
 
 
 
 
 
МӘУЛЕН НУРОВ:

Жемқорлықпен күрес бір сәтке де тоқтамайды

 Жуырда Алматы облысы Ұйғыр ауданының орталығы Шонжы селосында аудандық Салық басқармасының, прокуратураның, аудандық «Іле өңірі»-«Или тәвәси» газеті және «Нұр Отан» ХДП Ұйғыр аудандық филиалы қызметкерлерінің «Сыбайлас жемқорлықпен күрес» тақырыбында бірлескен жиыны өтті. 

 

Дөңгелек үстелде алғаш-қылардың бірі болып сөз алған аудандық салық бас-қармасы бастығының міндетін атқарушы А.Абенов жегі құрттай қоғам өміріне ерекше зиянын тигізіп жатқан сыбайлас жемқорлықпен күрестің кез келген мекемелердегі сияқты Салық басқармасында да негізгі бағыттардың бірі екендігін және күн тәртібінен еш түспейтінін, сонымен қатар бұл індетті болдырмау жолында жасалып жатқан кешенді іс-шаралар жайына тоқталды.

«Нұр Отан» ХДП Ұйғыр аудандық филиалы төраға-сының бірінші орынбасары М.Нуров өз сөзінде салық төлеушілердің сенім деңгейін арттыру, салық қызметі ор-гандарындағы стратегиялық міндеттерді шешу үшін сыбайлас жемқорлық аясын тарылту жолында қажетті шараларды тұрақты түрде жүргізу керектігін атап көрсетті. Сонымен қатар, ол «Нұр Отан» ХДП-ның бұл жауапты істегі атқарар рөлі мен қызметінің ерекше екендігін де тілге тиек етті.

Аудандық прокурордың кө-мекшісі, 2-ші сынып заңгер А.Мұқышев те өз сөзінде Заң азаматтардың құқықтары мен бостандықтарын қорғауды, сыбайлас жемқорлыққа ба-ғытталған әрекеттердің алдын алуды, оларды ашу мен зардаптарын жоюды қамтамасыз ететіндігін жеткізді.

Ал «Іле өңірі-Или тәвәси» газетінің бас редакторы А.Аблизов, сыбайлас жемқор-лықпен күресте тек құзіретті органдардың ғана емес, ақпарат құралдарының да атқарар рөлінің зор екендігін, сондықтан кез келген соны ақпарат оқырман назарынан тыс қалмайтынын айтты.

Жиын барысында қонақтар-ға салық қызметкерлері тарапынан түрлі сауалдар қойылып, соңғы қызу пікірталасқа ұласты. Ескерте кетер бір жайт, мұндай дөңгелек үстелдердің түрлі тақырыпта, түрлі мекемелер арасында жиі болып тұруы, қоғам өміріне оң әсер етіп, азаматтардың еркін еңбек етуі мен өмір сүруін қамтамасыз етуімен ерекшеленіп отыр.

 
Yorum yaz / share.thought
Аймақтар айнасы  Diğer Başlıklar
Атырауда баспанасыз жетімдер болмайды
Жаңа кәсіпорынның іргетасы қаланбақ
Елбасы қатаң тәртіп керектігін қадап айтты
«Гүл өсіру үшін топырақ бола білу керек...»
АҚШ-тағы аламанда алтын алқа таққан Әсия
«Хан Абылайдың асына «Аққайың» лайық»,
Өңірді ауызсумен қамтамасыз етудегі өрелі іс
«Бекіре-2012» іс-шарасы жалғасуда
А.Мырзахметов жайлы елдің пікірі екіге жарылып тұр
Жем жағалай қонған елдің құты бар
Елінің қамын жеген әкімдер
Қашағанда мұнай өндіру қашан басталады?
Қазіргі қазақ
Жемқорлықпен күрес бір сәтке де тоқтамайды
Құралайды жылатқан сынған аяғы емес тапталған намысы
Ұлттық телеарна қазаққа бұйырмаған
Жаңа кәсіпорынның іргетасы қаланбақ
Аманбектің іздегені ақша емес, ақиқат
Жамбылдың полицейлері қайда қарап отырады?
Атырауда баспанасыз жетімдер болмайды
Біздің әулетте де аштан өлгендер көп
Ашкөздік пен алаяқтықтың алды — ор
Елбасы қатаң тәртіп керектігін қадап айтты
Саяси тұтқындардың сүйегі шашылып жатыр
Yazarlar