Мемлекет басшысы: «Біз экономикалық және әлеуметтік жаңғырту барынша синхронды жүруі тиістігін ескеруіміз қажет. Шетелдік тәжірибе көрсетіп отырғанындай, жаңғырту үдерістері азаматтар бел-сенділігінің күшеюімен, олардың шығармашылық әлеуетінің ашылуымен қосарлана жүреді. Сондықтан, адамдардың өзінің құқықтары мен бостандықтарын белсенді қорғауға деген ұмтылыстары кеңейіп, қоғамның өзін өзі ұйымдастыру дәрежесі жоға-рылайтын болады. Тек осындай жағдайда ға-на Қазақстан қоғамы патернализм инерциясын еңсере алады» деп бастады сөзін Нұрсұлтан Назарбаев. Жалпы айтқанда, Елбасы Үкіметке 20 тапсырма берді. Олардың ішінде Қазақстандағы ең негізгі проблемалардың бірі білім, денсаулық сақтау, Қазақстанды дамытудың әлеуметтік – экономикалық сатылары, құқықтық жауапкершілікті арттыру, әлеуметтік заңнамаларды жаңарту, мем-лекеттік органдардың жұмысын жетілдіру секілді мәселелер айтылды. Сонымен қатар Елбасы Үкімет Парламентпен және «Нұр Отан» ХДП-мен бірлесіп 2012 жылдың соңына дейін бесінші шақырылған Парламенттің бүкіл жұмыс кезеңіндегі заң шығармашылық жұмысының терең де жан-жақ-ты қарастырылған Тұжырымдамалық Жоспарының жобасын әзірлеуін тапсырды. Ал жұмыспен қамту саласын дамытудың ең негізгі тетіктеріне де тоқталған Мемлекет басшысы: «Тәуелсіздіктің екі онжылдығы ішінде жұмыспен қамту саласы аса зор өзгерістерге тап болды. Жұмыспен қамтылған халықтың саны 700 мыңнан астам адамға өсіп, 8,4 миллион адамға жетті» деп қорытты. Сонымен қатар Нұрсұлтан Назарбаев Қазақстаннның дамуына қатысты түрлі жобалардың орындалуын министрліктерге тапсырды.