Haziran 24, 2015
 
 
 
 
 
 

Түріктен бауыр тапқаныма шүкіршілік етемін

Сонау 1990 жылдары бірінші болып құшағын жайып, Алладан мемлекетіміздің күшейіп, тәуелсіздігіміздің баянды болуына тілектес болған түрік бауырларымыз еді. Кеңес заманында «партия қайда болса, халық сонда» деп ұрандадық. 

 

Балаларымызды орысша балабақшаға, мектепке бердік. Қазақылығымыздан, мұсылмандығымыздан айырылуға айналғанбыз.Егемендігімізді алғанда түрік бауырларымыз 25 баланы Түркияға оқуға тегін апаруға ұсыныс жасады. Білуімше, бірінші рет қазақ балалары шетелге осылай оқуға аттанды. Олардың ішінде менің де балам бар еді. Балаларымыз 2 жылдық медреседе дәріс ала бастады. Мұғалімдері: «әуелі мұсылмандық жолға түсіңдер, әрі қарата қалаған университетте-ріңе түсесіңдер», — деген. Балаларымыз 2 жылдық медресені бітірді. Тіптен Мекке-Мәдинеге қажылық парыздарын өтеткізіп, Алланы танытқан да осы бауырларымыз болатын. Сол балалардың көбісі жоғары оқу орындарын тәмамдап, қазір Қазақстанның түкпір-түкпірінде жұмыс істеп жатыр. Сол кездері түрік бауырлар Елбасымызды шақырып, көк қасқа малдарын шалып, әуежайда құшағын жайып, көз жастарын төгіп, ыстық ықыласымен қарсы алғандарын балаларымыз көріп, әлі күнге дейін құрметтеріне риза болып отырады. Олар: «Түрік ағайындарымызда әлі күнге шейін біздің ата-бабаларымыздың салт-дәстүрі сақталған. Түрік тілі бізге ұқсас, тез үйреніп кеттік, тек орыс тілінде оқығандарға қиын болды», — дейді.

Осы бауырларымыздың шыққан тегі, жері Сыр бойынан шыққан, олар жауынгер, батыр бабаларымыз екенін оқығаным бар. Еуропаны басып өтіп, сол қазіргі Түркия жеріне тұрақтап, осы уақытқа дейін сол жерде өсіп-өніп қанаттарын жайып, үлкен мемлекет болып, бүкіл дүниеге мәшһүр болған батыр да дархан жүректі бауырларымыздың барлығына Құдайға шүкіршілік етіп, риза боламын! Бауырларымыздың Алланың хақ жолында ішкен-жегені халал, іске шебер, мығым, алғыр, сөзге берік екені көрініп тұр. Жүрген жерлерінде үлкенге ілтипат көрсетіп, жарлы-жақыбайларға, мүгедектерге көмек беріп жүргенін білеміз.

Осы бауырларымыздың арқасында басымыз сәждеге тиіп, біз де имандылықты бойымызға сіңіріп жатқан жағдайымыз бар. Халал-харамды білдік. Түркиядан әкелінген техника, киім-кешек т.б. — бәрі ынсаппен істелінген, сапасы жақсы.

Түрік ағайындардың Қазақстан-дағы лицей, колледж, университеттері білім-ғылым, тәрбие-тәртіп беру жағынан да ел аузында алда, оған ел риза. Бауырларыма ризалығым соншама, сөзбен қалай жеткізерімді білмей отырмын.

Ауғанстаннан босқын болып барған қазағымызға да пана болған осы ағайындар екенін апайымнан естіп, көзіме жас алғанмын. Оның балалары қазір сол Ыстамбұлда тұрады.

Бауырларымызға әрқашан есігіміз ашық, төріміз сіздерге, бізге, балаларымызға, ел-жұртымызға істеген жақсылықтарың Алладан қайтсын деп тілеймін.

«Қазақстан-Zaman» газеті әркез жан-жақты, білім-ғылым, тәрбие-тәртіп, өткенді-болашақты толғанып және еліміздегі түрлі келеңсіз жағдайларды жазатын әділ, шыншыл газеті деп білемін. Алладан газеттеріңіз елдің арасында беделді, қаламдарыңыз үшкір, тілдеріңіз өткір, дендеріңіз сау болсын деп, жанұяларыңызға амандық, бастарыңызға баянды бақыт тілеймін!

 
Yorum yaz / share.thought
Қамшыбасар  Diğer Başlıklar
Бюджеттің жыртығын арақпен жамау — масқаралық!
Ағайын-ау, атаңның асы қымыз емес пе еді!?
Кедендік одақ алкоголь саясатын өршітіп отыр
Қыз тәрбиесі — халқымыздың шырайы, ұлтымыздың ұяты десек те, біз оған неге мән бермейміз?
Жазушылар қазақ газеттерін неге оқымайды?
Халық қазынасын үптегендер — Отанын сатқандар ең ауыр жазаға тартылуы тиіс!
Парақорлыққа «команда дертіне» шалдыққандар барады
«ЭКСПО – 2017» және ұлттық мүдде
Асыл дініміздің атын жамылған қаскөйлер
Рушылдық та, жүзшілдік те — қасіретті дерт
9 миллион салымшының тағдыры безбенге түсіп тұр
Ажал деген – атқан оқ, бір Алланың қақпаны
Түріктен бауыр тапқаныма шүкіршілік етемін
«ТЕМІР ТҰЛПАРЛАР» САТЫЛАТЫН ОРТАЛЫҚ
Ішкі саясат ішіндегі «ілік» саясат немесе БАҚ-ты белден басқан басқарма
Бізді сыйламаған өзге этностарға ренжиміз бе, әлде...
Жалақыға зар болып, опық жегендер
«Құдыққа құлаған» құландық тәртіп сақшылары
Бюджеттің жыртығын арақпен жамау — масқаралық!
Рухы мықты елдің еңсесі биік
Сақ болыңыздар: телефонда «Алаяқ»
Кедендік одақ алкоголь саясатын өршітіп отыр
Қоғамдық көлік қызметінде ана тіліміз ақсап тұр
НАМЫСТЫ ҚОЛДАН БЕРМЕЙТІН ХАЛЫҚ ЕДІК
Қамшыбасар