Адам қоғамды, қоғам адамды кінәлаған бүгінгідей өзгермелі заманда жас буынға деген сенімнің сейіліп, көзқарастың өзгергені жасырын жайт емес. Дегенмен, «арыстандай айбатты, жолбарыстай қайратты, қырандай күшті қанаты, мен жастарға сенемін», — деп марқасқа ақынымыз Мағжан сенген жалынды жастарымыз қоғамда бар екендігіне күмәнмен қарайтынбыз. Жо-жоқ бар екен, шүкір! Жақында оның куәсі болып қайттық.