Aralık 09, 2015
 
 
 
 
 
 

«Жетісу бөрісі»-атағын Жәнібек жеңіп алды

Жуырда Қазақстан Республикасының Президенті жүлдесі үшін қазақ күресінен «Қазақстан барысы» республикалық турниріне іріктеу жарысы Талдықорған қаласының «Жастар» спорт кешенінде өткізілді. 

 

Бұл жарыстың салтанатты беташарын облыс әкімі Аңсар Мұсақанов құттықтау сөзбен ашып, әр ауданнан іріктеліп келген 38 палуанға жеңіс тұғырынан көрінулеріне өзінің ақ тілегін білдірді.  Қатарынан үшінші жылы өткізіліп жатқан бұл жарысты тамашалауға 1500-ден астам жанкүйерлер жиналды.

Сонымен алғашқы айналымда 19 палуан кілем төріне шығып, өздерінің шеберліктерін көрсетті. Одан кейін жеңіске жетіп екінші айналымға шыққан палуандар өзара сынға түсті, Кәсіби шеберліктері шыңдалған , соңғы айналымға шейін қарсыластарына дес бермеген төрт палуан финалға шығып жанкүйерлердің қамшылауымен күрестің тамаша тәсілдерін көрсете білді. 

Жарыстың қорытындысында үшінші орынды Алакөл ауданынан келген палуан Жігер Сәкенұлы , екінші орынды жанкүйерлері болашағынан зор үміт күтетін Көксу ауданының палуаны Айдос Қаңлыбаев, ал бірінші орынды Талдықорған қаласының палуаны Жәнібек Дүйсенбаев жеңіп алды. 

Алматы облыс әкімінің жарысқа тіккен бас жүлде автокөлігі мен «Жетісу бөрісі» жарысының алтын белбеуі Жәнібек Дүйсенбаевқа тапсырылды. Екінші орынды иеленген Айдос Қаңлыбаев 300 мың теңгенің сертификатымен, ал үшінші орынды иеленген Жігер Сәкенұлы 100 мың теңгенің сертификатымен марапатталды.

Сонымен Жәнібек пен Айдос маусым айында Астана қаласында өткізілетін «Қазақстан барысы» жарысында облыстың намысын қорғамақ. 

 
Yorum yaz / share.thought
Ақпарат  Diğer Başlıklar
ҚАРА УЫЛДЫРЫҚТЫ ҚОЛДАН ДАЙЫНДАУШЫЛАР ҰСТАЛДЫ
Ижманы қабыл етпеу адасушылыққа апарады
Болашақ кадрлар «болашақтықтардан» даярланбақ
«Қазына күзетшісі» — жылан жылының әз Наурыз мерекесі «АвтоГазАлматы» мекемесінде дүркіреп өтті
Көркем аудармадан құр алақан емеспіз
Қытай қазақтары “Twitter” әлеуметтік желісінің баламасын жасады
Тоғыз күн тойланған әз-Наурыз
Қырғыздар орыс тілін омақастырды
Кедендік одақ аман болса, Ресей халал өнімдері бізге де жетпек
«Құрсағыңда үшем барын білгенде, келген жағыңа кете бермедің бе?»
Жер жәннатын көргің келсе, Мұғлаға кел
Әмбебап журналистикаға тықыр таянды,ал кәсіби журналистикаға қаржы жете ме?
Түріктен бауыр тапқаныма шүкіршілік етемін
«ТЕМІР ТҰЛПАРЛАР» САТЫЛАТЫН ОРТАЛЫҚ
Ішкі саясат ішіндегі «ілік» саясат немесе БАҚ-ты белден басқан басқарма
Бізді сыйламаған өзге этностарға ренжиміз бе, әлде...
Жалақыға зар болып, опық жегендер
«Құдыққа құлаған» құландық тәртіп сақшылары
Бюджеттің жыртығын арақпен жамау — масқаралық!
Рухы мықты елдің еңсесі биік
Сақ болыңыздар: телефонда «Алаяқ»
Кедендік одақ алкоголь саясатын өршітіп отыр
Қоғамдық көлік қызметінде ана тіліміз ақсап тұр
НАМЫСТЫ ҚОЛДАН БЕРМЕЙТІН ХАЛЫҚ ЕДІК
Қамшыбасар