Ол П.Своикпен пікірталас барысында «Жақын болашақта саны жағынан өзбектер екінші орынға, ұйғырлар үшінші орынға шығады. Қазақстан түркі-мұсылман мемлекетіне айналады»,-деген болжам жасады. Жиырма жылдан кейін орыстар саны жағынан Қазақстандағы төртінші ұлтқа айналады-мыс.
Соңғы санақ мәліметтеріне сүйенсек, орыстар –3 774 000, өзбектер – 470 000, ұйғырлар – 227 000 адам санын құраған екен. ҚР Статистика агенттігінің мәліметінше, қазақтар саны өткен санақпен (1999) салыстырғанда 26,1%-ға өсті және 10098,6 мың адамды құрады. Өзбектер саны 23,3%-ға өсіп, 457,2 мың адамды, ұйғырлар - 6%-ға өсіп, 223,1 мың адамды құрады. Байқағанымыздай, еліміздегі өзбек, ұйғыр ұлттарының саны арта түскен. Керісінше орыстар саны 15,3%-ға азайып, 3797,0 мың адамды құрады, немістер - 49,6%-ға азайып, 178,2 мың адамды, украиндар - 39,1%-ға азайып, 333,2 мың адамды, татарлар - 18,4%-ға азайып, 203,3 мың адамды, басқа этностар - 5,8%-ға азайып, 714,2 мың адамды құраған көрінеді.
Қазіргі уақытта еліміздің оңтүстік өңірінде өзбек ұлтының күрт өсіп жатқандығы, әр отбасында 7-8 баладан өмірге келіп жатқандығы мәлім.