Haziran 24, 2015
 
 
 
 
 
 

ОРАЗДЫ да МЫНА ҚОЛМЕН көмгенбіз

8-9 мамыр күндері Алматы қаласындағы Студенттер сарайында дүбірлі айтыс болып өтті. Айтысқа еліміздің барлық аймағынан 20-ға жуық ақын қатысып, бар өнерлерін ортаға салды. Қазақтың үш биін ұлықтауға арналған айтыста I орын, 40 мың доллар көлеміндегі жүлде Балғынбек Имашевқа бұйырды. Ал ақын Сара Тоқтамысова мен Мұхтар Ниязовқа  темір тұлпар мінгізді.  

 

Балғынбек Имашевтың Қанат Мырзахан арасындағы айтысынан өзінді беріп отырмыз. 

Біздер-біздер

Біздер-біздер қазыдан да паңдармыз,

Біздер-біздер қажыға да барғанбыз.

Сен секілді жас бала боп шықсақ та,

Осы күні сақалы өскен шалдармыз.

Шал болсақ та, осы айтысқа егеміз,

ӘЙТЕКЕМІЗ,ҚАЗЫБЕКПІЗ, ТӨЛЕМІЗ,

Карьераң керек емес, қарағым,

КӘЛИМАНЫ одан артық көреміз.

Қанат мейлі ұрсадағы соққылап,

Сабырлыға Алла пана боп тұрад,

Жүрегіме қанжар әкеп соқса да,

Жігеріме құм түсірген жоқ бірақ.

Жігеріме құм түсірген жоқ бірақ.

Біздер-біздер айтыс деген елденбіз.

Сөзден алтын, бұйым соққан зергерміз.

Дұға жасап, ӘЗІМБЕК пен ЕРІККЕ,

ОРАЗДЫ да МЫНА ҚОЛМЕН көмгенбіз.

Берлинді алған РАҚЫМЖАНДАЙ қазақпыз,

Колбинді алған ҚАЙРАТ пенен ЛӘЗЗАТПЫЗ,

Әр қазақты жалғызым деп сүйейік,

Жеріміз кең, ал өзіміз азақпыз.

Кей кездері айтып қойсақ қаттырақ,

Қиып-кесіп эфирлерден жоқ қылады.

Билік бізді халық жауы көрсе де,

Бізден асқан ПАТРИОТТАР жоқ бірақ.

Кей кездері айту керек қаттырақ,

Сынапқаннан кетпейді ғой тақ құлап,

Билік бізді халық жауы көрсе де,

Бізден асқан ОТАНШЫЛДАР жоқ бірақ.

 
Yorum yaz / share.thought
Ақпарат  Diğer Başlıklar
ҚАРА УЫЛДЫРЫҚТЫ ҚОЛДАН ДАЙЫНДАУШЫЛАР ҰСТАЛДЫ
«Жетісу бөрісі»-атағын Жәнібек жеңіп алды
Елбасының сот жүйесінің дамуына қосқан үлесі
Қазақстан түркі-мұсылман мемлекетіне айналады
Ижманы қабыл етпеу адасушылыққа апарады
Болашақ кадрлар «болашақтықтардан» даярланбақ
«Қазына күзетшісі» — жылан жылының әз Наурыз мерекесі «АвтоГазАлматы» мекемесінде дүркіреп өтті
Көркем аудармадан құр алақан емеспіз
Қытай қазақтары “Twitter” әлеуметтік желісінің баламасын жасады
Тоғыз күн тойланған әз-Наурыз
Қырғыздар орыс тілін омақастырды
Кедендік одақ аман болса, Ресей халал өнімдері бізге де жетпек
Түріктен бауыр тапқаныма шүкіршілік етемін
«ТЕМІР ТҰЛПАРЛАР» САТЫЛАТЫН ОРТАЛЫҚ
Ішкі саясат ішіндегі «ілік» саясат немесе БАҚ-ты белден басқан басқарма
Бізді сыйламаған өзге этностарға ренжиміз бе, әлде...
Жалақыға зар болып, опық жегендер
«Құдыққа құлаған» құландық тәртіп сақшылары
Бюджеттің жыртығын арақпен жамау — масқаралық!
Рухы мықты елдің еңсесі биік
Сақ болыңыздар: телефонда «Алаяқ»
Кедендік одақ алкоголь саясатын өршітіп отыр
Қоғамдық көлік қызметінде ана тіліміз ақсап тұр
НАМЫСТЫ ҚОЛДАН БЕРМЕЙТІН ХАЛЫҚ ЕДІК
Қамшыбасар